Мұғалімдер порталы

Ата-аналар порталы

МИССИЯСЫ

“ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БЕЙІМ, ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ ДАЙЫН, ДЕНІ САУ, ТОЛЕРАНТТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ”

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

1.ПАТРИОТИЗМ (ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ, ӨЗ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН МАҚТАНЫШЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА ТАЛПЫНУЫ);

2.ҰЛТТЫҚ СӘЙКЕСТІК (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ МӘДЕНИЕТТІ ҰСТАНУЫ, ӘДЕТ-ҒҰРЫП ПЕН САЛТ-ДӘСТҮРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІ, ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ);

3.ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУ (ӨЗІНДІК ҮЙЛЕСІМДІ САҚТАУЫ ҮШІН ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫ);

4.БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ (ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ӨЗІНІҢ САНАЛЫ ТҮРДЕ ҚАТЫСУЫ, ӨЗ МЕМЛЕКЕТІ МЕН ХАЛҚЫНА ПАЙДАСЫН ТИГІЗУГЕ ТАЛПЫНУЫ, ӨЗ КӨЗҚАРАСЫН, ПІКІРІН ОРЫНДЫ ҰСЫНА БІЛУІ);

5.ЭМПАТИЯ (ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТА БІЛУІ);

6.ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ (АР-ҰЯТЫН ҰСТАНЫП ЖӘНЕ ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАСЫН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ІШКІ РУХАНИ ӘЛЕМІН ДАМЫТУЫ);

7.ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК (ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ).

ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТ

ӨЗІН ҮЛКЕН ӘЛЕМНІҢ БІР БӨЛІГІ ЕКЕНІН, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН, ӘДІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРТҮРЛІЛІКТІ ҚҰРМЕТТЕЙТІН, ӨЗГЕ АДАМДАР АЛДЫНДА ЖАУАПТЫ ЕКЕНІН ТҮСІНЕТІН АДАМ. ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОЙЛАЙДЫ. ОЛ БІЛІМ АЛМАСУ МЕН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ШАРАЛАРДА БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ ЖАҚСАРТУ ҮШІН ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУГЕ ЖАУАПТЫ.

ҰСТАНЫМ

“БІЗ ЖЫЛДАМ ӨЗГЕРЕТІН ӘЛЕМДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАДА ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ”

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЙЛАУ

барлық адамдар өзге мәдениеттер мен ұлттардың ерекшелігін құрметтейтін ашық қоғамды қажет етеді.  Барлық халықаралық және мәдениетаралық әрекеттер ынтымақтастықта жүзеге асырылады және ынтымақтастықтың бейбіт әлеміне бағытталады. Адамзаттың дамуы мен жаһандық азаматтық халықаралық ойлауды талап етеді.

ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ

халықаралық перспективада өз тамырымыз бен мәдениетімізді терең және кең түсінуді қажет етеді. Ол біздің жеке басымыз бен басқа мәдениеттер және ұлттар арасындағы тепе-теңдікті құру, әлемдік қауымдастыққа қосылу және оны қолдау қабілетіне негізделген. Жаһандық азамат қоғамға құрметпен қарау арқылы жауапкершілік, қарым-қатынас, ерікті және саналы қатысуды қамтитын әлемді жақсартуға негіз болады. Бұл принциптер жеке адамдарға да, топтарға да қатысты.

САНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қауымдастығында сандық азаматтық деген термин әлеуметтік, академиялық және жеке қарым-қатынаста сандық технологияны қолдану барысында жеке тұлға ретінде танытатын жауапкершілік пен эмпатияға байланысты анықталады.

Біз үйлесімді даму, белсенді азаматтық ұстаным, бір-бірімізге деген эмпатия, өзін-өзі таныту, өзінің және айналасындағылардың жеке кеңістігін құрметтеу және ізденімпаздық сияқты  құндылықтарды сақтаймыз. Бұл инклюзивті және адал болу үшін қажет.

Біздің сандық әлемдегі азаматтығымыз жоғарыда аталған құндылықтарды сандық құрылғыларда, оның ішінде компьютердің барлық түрлерінде ақпарат алмасу кезінде қолдана отырып, желіде немесе желіден тыс басқарылатын болады. Ол электрондық пошта, кез келген платформаның әлеуметтік желісі және веб-сайттарға кіруді қамтиды. Жауапты және мұқият сандық азамат болудың маңыздылығы барлық жағдайда жалғасады.

Жақсы сандық азамат болу білім, құрмет, ерікті ынтымақтастық, қарым-қатынас және өзін-өзі дамыту үшін маңызды. Бұлар халықаралық ақыл-ойдың, мәдениеттер арасындағы түсіністіктің, жеке тұлғаны және адамдардың құқықтарын құрметтеудің ерекшеліктеріне ықпал ету үшін қажет.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын қолдана отырып, дарынды студенттерге білім беру мүмкіндіктерін ұсынатын және зияткерлік қоғамдастықты, мәдениетаралық түсінушілікті және өмір бойы оқуды бағалай білуді дамыту міндеті болып табылатын халықаралық мектеп.

Қоғамдастық ретінде біз оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру курстары негізінде жоғары сапалы оқыту мен оқытуды; ұлттық және жеке құндылықтарды тәрбиелеу арқылы оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасауды қамтамасыз етеміз.

Дербестендірілген оқыту мен білім беру

оқушылардың жеке қажеттіліктеріне арналған бағдарламалар жасау арқылы жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламалары

Біздің оқу бағдарламаларымыз креативті және сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін, сондай-ақ үздік тәжірибелерді таңдаудың жеке тәжірибесі арқылы әлемдік оқыту мен оқытудың алуан түрлілігін рефлексиялау үшін мүмкіндіктер бере отырып, ұлттық білім беру мұқтаждықтары үшін әзірленген Халықаралық бакалавриат бағдарламалары болып табылады.

Қосымша білім беру курстары

Біздің қосымша білім беру курстарымыз креативті, тілдік, техникалық және спорттық үйірмелерді қамтиды, онда әрбір оқушы жеке әлеуетін дамытады және іске асырады және өз білімін іс жүзінде қолданады.

Оқушылардың әл-ауқаты туралы қамқорлық

Біздің оқушылардың әл – ауқатына деген қамқорлығымыз-бұл оқу процесінен ләззат алу үшін әр оқушы өзін мектепте бақытты және жайлы сезінуі үшін әлеуметтік және эмоционалды ортаға үнемі қамқорлық жасау.

Оқушылардың қауіпсіздігі

Біздің оқушыларымыздың қауіпсіздігі Алғашқы медициналық көмекті қамтамасыз етуді; төтенше жағдай және локдаун жағдайында эвакуациялаудың дамыған жүйесін, сондай-ақ Антитеррор және өмірдің басқа да пайдалы білімдері, икемдері мен ықтимал іс-қимылдары туралы хабардар етуді білдіреді.

Ұлттық және жеке құндылықтарды тәрбиелеу

Патриотизм, ұлттық бірегейлік, үйлесімді даму, белсенді азаматтық ұстаным,
эмпатия, өзін-өзі таныту, еңбексүйгіштік сияқты ұлттық және жеке құндылықтарды тәрбиелеу – дифференция және түрлі ресурстар (виртуалды және шынайы) арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру дағдыларын дамытуға бағытталған біздің тұрақты және теңдестірілген бағдарламамыздың негізі.

Критериалды бағалау жүйесі

тиімді кері байланыс пен жүйелі модерация мен стандарттауды қолдана отырып, оқуды одан әрі жақсарту үшін оқушылардың жетістіктерін мұқият бағалайды. Бағалау әдістері әр түрлі, мақсатқа сай, шынайы, дәйекті, әділ, инклюзивті және ашық.

Концепт негізінде оқу мен оқыту

негізгі және пәндік концепциялар, ғаламдық мәнмәтіндер, зерттеу идеялары және пәнаралық юниттер арқылы дамиды, бұл оқушыларға өзін-өзі көрсетуге және пәндерді ғана емес, сонымен қатар олардың өмірмен байланысын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға бағытталған оқу мен оқыту

оларға пассивті ақпарат алушылардан өздерінің оқу процесінің белсенді қатысушыларына ауысуға мүмкіндік береді, бұл мұғалімдердің үнемі кәсіби өсуімен қамтамасыз етіледі. Оқушының дауысы – бұл әр оқушының оқу тәжірибесі үшін ең басты және ХБ оқушысының үлгісі мен табиғи қызығушылығына негізделген идеялардың әртүрлілігін, олардың нақты өмірмен және болашақ мансаптармен байланыстарын сыни тұрғыдан қабылдау арқылы білім алушыларды білім беру процесінде жауапты субъект болуға мәжбүр етеді.

Хабарландыру

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2021 жылдың 30 шілдедегі шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына оқуға қабылдау қағидаларының негізінде (№39 хаттама) «Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы 2023-2024 оқу жылына ақылы негізде қазақ және орыс тілдерінде 7 сыныпқа, орыс тілінде 8 сыныпқа және ағылшын тілінде 11 сыныпқа оқуға құжаттарды қабылдауды жариялайды.

Хабарлама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының 2022 жылғы 01 маусымдағы шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру Ережесіне сәйкес, оқушы туралы берілген ақпараттарда  атап айтқанда, заңды өкілдерінің және білім алушының тұрғылықты жерінің тіркелген мекен-жайы,   мүгедектігі туралы және мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алу анықтамасы, өтініш берушінің және оның отбасының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындығын растайтын анықтама, заңды өкілдері ұсынған басқа да мәліметтерде жалған ақпарат анықталған жағдайда, оқушы  жатақханадан шығарылады.

Жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушының заңды өкілдері ұсынған мәліметтердің, құжаттардың, анықтамалардың дұрыстығын тексеруге, қажет болған жағдайда заңды тұлғаның және оқушының тұрғылықты жеріне сәйкес  тіркелген мекен-жайына баруға құқылы.

Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілер анықталған жағдайда, Назарбаев Зияткерлік мектептері тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр болады.

2023-2024 оқу жылында Зияткерлік мектептердің жатақханаларында тұруға арналған орындарды бөлу жөніндегі Комиссия шешімімен Зияткерлік мектептердің интернет-ресурстарында таныса алатындарыңызды қосымша хабарлаймыз.

2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру туралы

Оқу жылының басталу күні:

 2023 жылдың 1 қыркүйегі.

Оқу жылының аяқталуы мерзімдері:

7-9, 11 сыныптарда – 2024 жылдың 31 мамыры.

10 сыныптарда – 31 мамыр

(сыртқы жиынтық бағалау емтиханын есепке алмағанда)

12 сыныптарда – 2024 жылдың 23 сәуірі.

Оқу жылындағы каникул кезеңдері:

* күзгі – 7 күн – 2023 жылдың 30 қазанынан 5 қарашасына дейін (қоса алғанда);

* қысқы – 14 күн – 2023 жылдың 25 желтоқсанынан
2024 жылдың 7 қаңтарына дейін (қоса алғанда);

* көктемгі – 9 күн – 2024 жылдың 21 наурызынан 29 наурызына дейін (қоса алғанда).

Мектеп сертификаттары

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың қараша айында Халықаралық Бакалавриаттың Негізгі мектебінің бағдарламасына авторизациядан өтті.

Халықаралық Бакалавриат мектептері сапалы халықаралық білім беретін жалпы философиямен бөліседі.

Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың сәуір айында Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасын авторландырудан сәтті өтті.

Бұл Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің ЖБ бағдарламасы бойынша білім беретін жалғыз мектебі.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2016 жылдың маусым айында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредиттеу туралы куәлігін алды.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2019 жылы «ЮНЕСКО клубы» мәртебесіне ие болды

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі БҰҰ немесе «МООН» үлгісіндегі клубтар қауымдастығының бір бөлігі болып табылады.

сандар фактілері

Диплом балы (45-тен)

Шетелдік ЖОО-ға оқуға түскендер

ielts (9 дан)

грантқа түскендер

SAT (1600 дан)

магистрлер мұғалімдері

жеке жоба бойынша бағалау (7-ден)

ХБ емтихан алушы мұғалімдер

Топ-100 ЖОО-ға оқуға түскендер

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.24

28 ақпан Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жеке жоба конференциясында 10-сынып оқушылары өздерінің еңбекқорлығы мен талантын көрсететін қызықты және бірегей жобаларын ұсынды

Іс-шара 7-9 сыныптардың шығармашылығын шабыттандыруға және ынталандыруға арналған жобалық көріністермен, шеберлік демонстрацияларымен және тәжірибе алмасумен қаныққан.

01.03.24

Абуталипов Қайсар бокстан “Sana Cup” ашық турнирінде жеңіске жетті

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 “F” сынып оқушысы Абуталипов Қайсар бокстан “Sana Cup” ашық турнирінде жеңіске жеткенін мақтанышпен жариялаймыз!

27.02.24

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің YMBC командасы AWSD Youth Forum-да 2 орын алды!

24 ақпанда Spectrum International School-да AWSD Youth Forum өтті.

Жеке тұлға. Мінез. Жетістік