жаңалықтар

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің YMBC командасы AWSD Youth Forum-да 2 орын алды!

24 ақпанда Spectrum International School-да AWSD Youth Forum өтті.

AWSD Youth Forum-бұл танымал спикерлердің сөздерін тыңдағысы келетін, панельдік пікірталастарға қатысқысы келетін және оқушылардың сәтті жобаларымен танысқысы келетін 7-12 сынып оқушыларына бағытталған іс-шара.

YMBC командасы көрмеде өз жобаларын Астананың түрлі мектептерінің оқушыларымен таныстырды. Сонымен қатар, YMBC жобасы коммерциялық емес қазақстандық жобалар байқауының финалына өтті. Нәтижесінде, басқа 11 жобамен жарыса отырып, YMBC командасы байқауда 2-орынға ие болып, жобаны дамытуға 60.000 теңге ұтып алды.

YMBC жобасының негізін қалаушылар IB НЗМ 11 сынып оқушылары: Шапранова Камила, Қуанышбек Мерей, Нұрашева Айлин, Төлеген Аида, Өскенбаева Даяна, Даниярова Айжан.