Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында авторизациядан өткен «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәні туралы
- 2015 жыл – «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәні курсын Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасы бойынша оқыту туралы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұсынысы және ХБ қолдауы.
- 2015-2017 жылдар – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарының ұлттық курс силлабусын халықаралық мамандардың қолдауымен (Liz Roberts, Jenny Gillett) әзірлеуі.
- 2017 жыл – ұлттық бағдарлама негізінде оқытылуы.
- 2019 жыл – алғаш «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәнінен оқушылар халықаралық емтихан тапсырды.
- Силлабус 150 сағат тек стандартты деңгейде (SL) оқытылады;
- Силлабус «Жеке адам және қоғам» пәндер тобының мақсаттары мен бағалау критерийлеріне негізделген;
- Силлабус басқа SL пәндік топтармен байланысты және салыстыруға болатын тапсырмалар беріледі;
- Силлабус оқушы профайлын, халықаралық ойлауды дамытуға қолдау көрсетеді;
- Силлабус оқу мен оқытудың ХБ әдіс-тәсілдеріне мүмкіндік беріп, сыни және концептуалды ойлауды дамытады;
- Ұлттық оқу стандарттарының талаптарын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі;
- Силлабус кәсіптік бағдар беру ғана емес, жан-жақты білім берудің бөлігі ретінде тиімді.
Бұл силлабус онлайн ХБ орталықтың MY IB сайтында орналасқан: