School-based Syllabus (SBS)

Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында авторизациядан өткен «Қазіргі  заман Қазақстан тарихы» пәні туралы

Халықаралық диплом бағдарламасы бойынша «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәніне арналған ұлттық  силлабустың уақыт тізбегі:

 

  • 2015 жыл – «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәні курсын Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасы бойынша оқыту туралы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұсынысы және ХБ қолдауы.
  • 2015-2017 жылдар – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздарының ұлттық курс силлабусын халықаралық мамандардың қолдауымен (Liz Roberts, Jenny Gillett) әзірлеуі.
  • 2017 жыл – ұлттық бағдарлама негізінде оқытылуы.
  • 2019 жыл – алғаш «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәнінен оқушылар халықаралық емтихан тапсырды.
«Қазіргі заман Қазақстан тарихы» – оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ерекше ұлттық оқу курсы.

 

  • Силлабус 150 сағат тек стандартты деңгейде (SL) оқытылады;
  • Силлабус «Жеке адам және қоғам» пәндер тобының мақсаттары мен бағалау критерийлеріне негізделген;
  • Силлабус басқа SL пәндік топтармен байланысты және салыстыруға болатын тапсырмалар беріледі;
  • Силлабус оқушы профайлын, халықаралық ойлауды дамытуға қолдау көрсетеді;
  • Силлабус оқу мен оқытудың ХБ әдіс-тәсілдеріне мүмкіндік беріп, сыни және концептуалды ойлауды дамытады;
  • Ұлттық оқу стандарттарының талаптарын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі;
  • Силлабус кәсіптік бағдар беру ғана емес, жан-жақты білім берудің бөлігі ретінде тиімді.
«Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәні ұлттық Силлабусының авторлары: Сауле Ахметова, Куралай Ахмадиева, Мэтью Деванни, Сагынгали Калиев, Медет Байжаканов, Жанна Айтбаева, Аскар Косыбаев, Акерке Маркабаева,  Аккогершин Абданбаева.

Бұл силлабус онлайн ХБ орталықтың MY IB сайтында орналасқан:

https://ibo.org/university-admission/support-students-transition-to-higher-education/course-selection-guidance/