KazakhRussianEnglish (UK)

Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!

Біз сіздерді және біздің шәкірттерімізді мектепте күнделікті көретінімізге қуаныштымыз! Өздеріңіз білетіндей, мектеп миссиясы – барлық қатысушылары мәдениетаралық түсіністік, үздіксіз білім алуға және жоғары адмгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталған Зияткерлік қоғамды тәрбиелеу.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларға қояр талаптарының бірі – тәртіпке шақыратын мектеп күн тәртібін ұйымдастыратын, мектеп миссиясын және жауапкершілігін қалыптастыратын бірыңғай мектеп киім үлгісі. Бірыңғай мектеп киім үлгісі – Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының мәртебесін байқататын көрсеткіш. Мектеп қоғамдастығының ұжымдық рухын тәрбиелеудегі ажырамас бір бөлігі. Сондықтан да, әр оқушының мектеп киім үлгісіне құрметпен қарауы мектептің маңызды белгісін танығаны.

Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогикалық ұжымның негізгі ережелерін орындауда, ата-аналар оқушының сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды қадағалау арқылы көмек көрсете алады. Жоғарыда айтылған ережелер бұзылған жағдайда мектеп әкімшілігі Сіздерді жеке әңгімелесуге шақыруға мәжбүр болатындығын жеткізеді.

Біз сіздерді түсіністікпен қарап, қолдайтындарыңызға сенім білдіреміз!

 

Құрметпен,
Мектеп директоры
 
 
                    Арсен Қастайұлы Байтуков
 

 

 
 

 

  

 

 

Жазғы мектеп

Жазғы мектеп - бұл балалардың  белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Жазға мектеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастайды. Жазғы мектептің мақсаты - оқушылардың тілдік және академиялық қабілеттерін жоба, шығармашылық жұмыс және ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру.

 

 

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы келесі сілтемеде берілген: https://nisa-public.rubiconatlas.org

Видео нұсқаулық

Біздің түлектер

2010 жылдың 1 қыркүйегінде

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылар үшін есігін айқара ашты.

2013 жылдың сәуірі

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі авторизациядан сәтті өтіп, Халықаралық Бакалавриат әлемдік мектеп мәртебесін иеленді. Аталмыш білім ордасы ХБ бағдарламасы бойынша оқытатын Назарбаев мектептері желісіндегі жалғыз мектеп.
Содан бері мектептен 127 оқушы түлеп ұшты.

2011-2012 оқу жылында 41 түлек Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін қазақстандық үлгідегі аттестатпен оқу бітірді.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары - 27 (65,85%)

Назарбаев Университеті - 8 (19,51%)

Шетелдік оқу орындары - 6 (14,64%): 1) Грантқа түскендер -1 (2,45%).

                                                                      2) Ақылы бөлімге түскендер - 5(12,19%).

2011-2012 оқу жылында 44 түлек Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін қазақстандық үлгідегі аттестатпен оқу бітірді.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары - 18 (40,91%)

Назарбаев Университеті - 14 (31,81%).

Шетелдік оқу орындары - 12 (27, 27%): 1) Грантқа түскендер -4(9,09%).

                                                                         2) Ақылы бөлімге түскендер - 8(18,19%).

2014-2015 оқу жылында Халықаралық Бакалавриаттың дипломымен аяқтаған алғашқы түлектер мектеп бітірді.

Түлектер саны - 42

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары - 9 (21,43%)

Назарбаев Университеті- 16 (38,09%)

Шетелдік оқу орындары - 17 (40,48%):

1) Грантқа түскендер - 8(19,04%)

2) Ақылы бөлімге түскендер - 9(21,43%).

Біздің түлектер АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, Чехия, Қытай, Финляндия, Ресей, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Кипр, Канада және Сингапур секілді мемлекеттердің үздік оқу орындарына түсті.

1)    АҚШ университеттері:

2) Оңтүстік Корея университеттері:

2)    Ұлыбританияның университеттері:

3)    Германияның университеттері:

5) Қытайдың университеттері:

6) Чехияның университеттері:

7) Кипрдың университеттері:

8) Малайзияның университеттері:

9) Біріккен Араб Әмірліктерінің университтері:

10) Швейцарияның университеттері:

11) Канаданың университеттері:

12) Сингапурдың университеттері:

13) Ресейдің университеттері:

14) Финляндияның университеттері: