KazakhRussianEnglish (UK)

CAS

 

CAS - оқушының сабақтан және мектептен тыс жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған Халықаралық Бакалавриаттың  Дипломдық Бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

«CAS – бұл дипломдық бағдарламаның жүрегі», оның құндылықтарының шоғырлануы: C - creativity, (шығармашылық), A – action (әрекет, белсенділік, спорт, салауатты өмір салты), S - service (көмек, қолдау). Осы түсінікте Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары ұмтылатын негізгі құндылықтар жатыр: шығармашылық жағынан өзін-өзі дамыту, салауатты өмір салты, нық азаматтық ұстаным.