Халықаралық мектептерді қолдау және бағалау бойынша Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) тобының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне «келді»
Сәуір айының 5-і мен 9-ы аралығында құрамында 2 адамнан тұратын комиссия мүшелері мектепті CIS-тің 9 стандарты бойынша бағалайды: «Мақсаты мен бағыты», «Менеджмент, көшбасшылық және жауапкершілік», «Оқу бағдарламасы», «Оқу мақсатындағы оқыту және бағалау», «Оқу және оқушылардың әл-ауқаты», «Кадрлық қамтамасыз ету», «Үй-жайлар және физикалық өмір жағдайлары», «Қоғамдық және үй серіктестігі», «Жатақхана / ата-анамен үйде тұру». Бір апта бойы мектепті бақылау және бағалау жұмыстары онлайн режимінде өтеді.