Жаңалықтар

Халықаралық мектептерді қолдау және бағалау бойынша Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) тобының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне «келді»

Сәуір айының 5-і мен 9-ы аралығында құрамында 2 адамнан тұратын комиссия мүшелері мектепті CIS-тің 9 стандарты бойынша бағалайды: «Мақсаты мен бағыты», «Менеджмент, көшбасшылық және жауапкершілік», «Оқу бағдарламасы», «Оқу мақсатындағы оқыту және бағалау», «Оқу және оқушылардың әл-ауқаты», «Кадрлық қамтамасыз ету», «Үй-жайлар және физикалық өмір жағдайлары», «Қоғамдық және үй серіктестігі», «Жатақхана / ата-анамен үйде тұру». Бір апта бойы мектепті бақылау және бағалау жұмыстары онлайн режимінде өтеді.

CIS мүшесіне кіру арқылы мектеп өзінің мектеп өмірін ұйымдастыру және білім беру процесстерінің халықаралық стандарттарына сай екендігін көрсетеді. CIS қауымдастығына кіру дамудың жаңа жолдарын және мектептің үнемі жетілдірілуіне кең мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, мектептің білім берудегі жоғары сапаға ұмтылуын дәлелдейді.
 
Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) – мектептерді тіркейтін және алдыңғы қатарлы білім беру әдістерін әзірлейтін, халықаралық білім беру жүйесіндегі ұйым. CIS қауымдастығына 1360-тан астам оқу орындары кіреді: 122 елдің 740 мектептері мен 610 колледж және университеттері.