жаңалықтар

🔰NIS ғылыми жобаларының желілік байқауы басталды

Еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінен 300-ден астам оқушы төрт бағыт бойынша 264 жоба ұсынады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалардың желілік байқауы 1-6 қараша аралығында қашықтан өтеді. Оқушылар «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар» сияқты төрт бағыт бойынша жарысады.

🌱Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын 11 оқушы қорғайды.

🌱Желілік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Республикалық ғылыми жобалар байқауының келесі кезеңіне жолдама алады.

📣Оқушыларымызға сәттілік!