жаңалықтар
Жануарларға – жанашырлық
🔰Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған “30 қайырымды іс” жобасы жалғасын тапты.
🌱Қайырымдылық — ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.
🌱Осы тұста, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қауымдастығы бастамасымен мектептің 8 D сынып ата-аналары мен оқушылары қала іргесіндегі Ильинка ауылындағы қараусыз қалган жан-жануарларды асырап, бағатын жануарлар жанашырының үйіне арнайы барып, көмектерін көрсетті.
🌱Куратор Гүлдана Байдрахмановнаның айтуынша бұл балалардың ұсынысы. Керекті құрал-жабдықтарды, азық-түлікті балалар өздері дайындаған.