жаңалықтар

Ең құнды сыйлық – кітап

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі кітап сыйлау шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара дүниежүзілік Кітап және Авторлық құқық күніне орайластырылды.

Сәуірдің 23-жұлдызында әлем елдерінде Кітап және Авторлық кұқық күні аталып өтіледі. Атаулы күнге орай Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кітап сыйлау шарасы өтті. Шараға мектеп оқушылары ғана емес, ұстаздар мен мектеп басшылығы, қызметкерлер ат салысты.

Балалар мен мектеп қызметкерлері бір-біріне классикалық әдебиет үлгілерін, ынталандыру және өзін-өзі жетілдіру бағытындағы заманауи туындыларды тарту етті.

 Аталған шара бір уақытта республика бойынша барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ұйымдастырылды.

Биылғы жылдың ерекшелігі Психология, Мотивациялық кітаптар сұранысқа ие болған.