жаңалықтар

ТІЛДЕР КҮНІ!

Нұр-Cұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сіздерді Қазақстан халқы Тілдері күнімен құттықтайды!!!
 
Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
 
Сол байлықты дамыту мен сақтауда қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіреміз!
 
* Мектебімізде 20.09.2021 – 24.09.2021 күндері аралығында “Тіл және Тәуелсіздік” атты Тілдер апталығы өтеді.