жаңалықтар

03.03.24

28 ақпан Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жеке жоба конференциясында 10-сынып оқушылары өздерінің еңбекқорлығы мен талантын көрсететін қызықты және бірегей жобаларын ұсынды

Іс-шара 7-9 сыныптардың шығармашылығын шабыттандыруға және ынталандыруға арналған жобалық көріністермен, шеберлік демонстрацияларымен және тәжірибе алмасумен қаныққан.

01.03.24

Абуталипов Қайсар бокстан “Sana Cup” ашық турнирінде жеңіске жетті

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 “F” сынып оқушысы Абуталипов Қайсар бокстан “Sana Cup” ашық турнирінде жеңіске жеткенін мақтанышпен жариялаймыз!

27.02.24

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің YMBC командасы AWSD Youth Forum-да 2 орын алды!

24 ақпанда Spectrum International School-да AWSD Youth Forum өтті.

26.12.23

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) қайта аккредиттеуінен өтті

С гордостью сообщаем вам, что Назарбаев Интеллектуальная школа города Астана успешно прошла повторную аккредитацию от Совета международных школ (CIS) и подтвердила статус школы МБ (IB), по результатам синхронизированного оценочного визита 2023

14.12.23

«Blooming bouquet» сән көрсетілім

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дарынды оқушылары Меңдібай Тимур мен Мұхамеджанова Аружан өздерінің жеке жобалары аясында көрермендерге «Blooming bouquet» сән көрсетілімінде керемет коллекциялар ұсынды

13.12.23

«Үздік авторлық бағдарлама – 2023»

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Дулат Мұратбекұлы «Үздік авторлық бағдарлама – 2023» республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

11.12.23

Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сагат Альнур Лихай университетіне шақырту алды!

Біздің жарқын түлектеріміздің бірі Альнур Лихай университетіне толық стипендияға сәтті түскенін мақтанышпен хабарлаймыз!

27.11.23

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында Mathletes x Maths Battles Astana Maths Olympiad өтті

Барлығы Қазақстанның 36 мектебінен 550-ден астам команда тіркелді. Қатысушылар Астана, Алматы, Тараз, Түркістан, Өскемен, Қарағанды, Семей және Щучинск сияқты еліміздің түрлі қалаларынан болды

24.11.23

Таланттардың жарқырауы: NIS GOT TALENT

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде нағыз шығармашылық мереке – NIS GOT TALENT өткізілді!

23.11.23

Agrimo Жеңісі!

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстан атынан World Invention Competition and Exhibition (WICE) өнертабыстар байқауында бірінші орынды иеленді

21.11.23

Ата – әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі

Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ұрпақтар сабақтастығы“ жобасы аясында ”Ата – әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі” атты іс-шара өтті

20.11.23

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде filmfusion қысқаметражды фильмдер кинофестивалі өтті

Фестивальде мектеп туралы шығармашылық бейнероликтер, TikTok форматындағы жұмыстар, қысқаметражды және анимациялық фильмдер ұсынылды

16.11.23

Бір кездері сыныптастар-мәңгі сыныптастар

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері өз бастамасымен өмірден озған достарын еске алу үшін мектеп аумағында ағаш отырғызды

15.11.23

WRO-2023: Қазақстандықтар құрмет тұғырында

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әділет Аусарбеков пен Әлиамир Құрманғазы Дүниежүзілік роботтар олимпиадасына (WRO) қатысты. 

06.11.23

Шах және мат!

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11А сынып оқушысы Дамира Маджанова U18 қыздар арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасы астанасы чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

24.10.23

НЗМ өңірлердегі білім беру үдерісімен танысу үшін тірек мектептерде болды

Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі өңірлердегі білім беру үдерісімен танысу үшін тірек мектептерде болды.

20.10.23

Түркиядағы балалар саммиті

SOS (safe our species) бірлескен жобасы аясында 9-сынып оқушылары Мұстафина Аяна, Маутова Ясмин, Ахатқызы Адия Стамбулдағы балалар саммитінде жобаларды таныстырудан алған әсерлерімен бөлісті.

19.10.23

Халықаралық ғылыми симпозиум!

2023 жылдың 17 қазанында Назарбаев Университетінде өткен «БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУ ТРЕНДТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМЫНА қатысу мәртебесіне ие болдық.

11.10.23

Ағылшын лигасының жеңімпаздары

Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12 сынып оқушылары – Жүніс Нұрсая және Оразхан Елназ республикалық дебат сайысында бірінші орын алды.