Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) қайта аккредиттеуінен өтті
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2023 жылғы синхрондалған бағалау сапарының нәтижелері бойынша Халықаралық Мектептер Кеңесінен (CIS) қайта аккредиттеуден сәтті өтіп, IB мектебінің мәртебесін растағанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Бұл маңызды оқиға біздің білім берудің жоғары стандартын және әлемдік білім беру қауымдастығындағы бәсекеге қабілеттілігімізді растайды.
Қайта аккредиттеу біздің сапалы білім алуға және студенттерді дамытуға деген адалдығымызды көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі IB DP бағдарламасына авторизацияланған, ал 2015 жылы IB MYP бағдарламасы авторизацияланған, 2016 жылдың маусым айында алғаш рет CIS аккредиттеу туралы куәлік алған. Бұл кезең әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тұрақты және заманауи білім беруді қамтамасыз ету жолымыздың бастапқы нүктесі болды.
Біз өткенімізді мақтан тұтып қана қоймай, білім беру бағдарламаларымызды одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып, болашаққа деген көзқарасымызды бағыттаймыз! Біз бірге білім мен мүмкіндіктерге толы болашақты жасаймыз.
Қолдауыңыз бен сеніміңіз үшін рахмет!