Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі. Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі – жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні  9.00-ден 13.00-ге дейін.

7 қаңтар мерекелік күн.

 

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 – сыныптарында оқуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу мерзімдерін жариялайды.