Зияткерлік мектепке түсу кезінде конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтініш;
- Сауалнама;
- Үміткердің туу туралы куәлігі, үміткердің ЖСН-і, үміткердің жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.
Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясының талабы бойынша заңды өкілдер үміткердің азаматтығын растайтын құжатты ұсынуы міндетті.
- үміткердің 6-сыныптың бірінші жартыжылдықтағы табелінің көшірмесі. Табель тиісті білім беру ұйымы басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі қажет.
Орта білім беру ұйымдарының 7– сыныбын толық аяқтаған үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныбына қайта оқу үшін үміткерлік құқығы берілмейді. Бұған білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының білім беру сыныптарынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушылары кірмейді;
- Бағалау шкаласы мен білім беру бағдарламасында Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының бағалау шкаласынан және бағдарламасынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер үлгерімі туралы табельге (бағалау транскрипті) қоса оқитын мектебінің бағалау шкалалары мен бағдарлама мазмұны түсіндірілген хатын тіркейді;
- көлемі 3х4 см. үміткердің 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің фототүсірілімін орындау.
Фотосурет қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалады, бейтарап бет әлпеті және аузы жабық, онда бет фотосуреттің жалпы көлемінің 75% құрайды. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киімдер мен көзілдіріктерге жол берілмейді. Көздер ашық, айқын көрінеді және шашпен жабылмайды. Фотосуреттің көлемі кемінде 450 х 600 пиксель, ажыратымдылығы кемінде 600 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Барлық құжаттар пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз:
- құжаттар бекітілген мерзімнен кеш берілсе;
- құжаттар тізімі толық болмаса;
- үміткердің заңды өкілі атынан берілген сенімхатсыз құжаттарды үшінші тұлға тапсырса.