2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ
7-СЫНЫПТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін (бұдан әрі – байқау тестілеуі) өткізетінін хабарлайды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткізілетін байқау тестілеуі компьютерлік форматта жүргізіледі. Әр мектеп бойынша шектеулі орын саны бөлінеді. Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.
БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
№ | Тест бөлімі | Тапсырма саны | Берілетін уақыт | Максималды балл |
1 | Математика | 40 тапсырма | 60 минут | 400 |
2 | Сандық сипаттамалар | 20 тапсырма* | 10 минут | 100 |
3 | Жаратылыстану | 20 тапсырма | 30 минут | 200 |
ҮЗІЛІС | – | 10 минут | – | |
4 | Қазақ тілі (бірінші тіл) | 20 тапсырма | 120 минут | 200 |
5 | Орыс тілі (екінші тіл) | 20 тапсырма | 200 | |
6 | Ағылшын тілі | 20 тапсырма | 200 | |
Барлығы | 130 тапсырма |
3 сағат 50 минут (үзіліс уақытын қоса алғанда) |
1300 |
* Шынайы конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 10 тапсырма беріледі.
БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
2022-2023 оқу жылында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 1-ауысымда (таңертең) бес байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.
№ | Байқау тестілеуі өткізілетін күн | Байқау тестілеуіне рұқсат қағазын алу күні |
1 | 23 желтоқсан 2023 ж. | 11 – 20. 12. 2023 ж. |
2 | 20 қаңтар 2024 ж. | 25. 12. 2023 – 17. 01. 2024 ж. |
3 | 03 ақпан 2024 ж. | 22 – 31. 01. 2024 ж. |
4 | 17 ақпан 2024 ж. | 5 – 14. 02. 2024 ж. |
5 | 02 наурыз 2024 ж. | 19 – 28. 02. 2024 ж. |
*Мектепке келу уақыты байқау тестілеуінің рұқсат қағазында көрсетіледі.
БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ
Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау (trialtest.nis.edu.kz – порталға сілтеме) онлайн тіркелу порталында жүзеге асырылады. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет:
1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеледі.
2-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізеді.
3-қадам. Орын брондайды:
- байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдайды;
- байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысып, келіседі.
4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлейді (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).
5-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсат қағазын жүктеп алады.
БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ, МЕКЕНЖАЙЫ
Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады.
№ |
Байқау тестілеуі өткізілетін мектептер (құжат тапсырған мектепке қарамастан, байқау тестілеуін кез келген мектепте тапсыруға болады) | Мектептің мекенжайы | Мектептің байланыс телефоны |
1 | Астана қ. ФМБ НЗМ | Хусейн бен Талал көшесі, 21 | 8 (7172) 575789 |
2 | Астана қ. НЗМ | Хусейн бен Талал көшесі, 19 | 8 (7172) 558033 |
3 | Астана қ. Халықаралық мектеп | Түркістан көшесі, 32/1 | 8 (7172) 916177 |
4 | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | Шахтеров даңғылы, 62 | 8 (7212) 507855 |
5 | Көкшетау қ. ФМБ НЗМ | Ж. Тлеулин көшесі, 59 |
8 (7162) 254052 8 (7162) 253140 |
6 | Алматы қ. ФМБ НЗМ | Горный Гигант ы/а, Жамақаева көшесі, 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы | 8 (7273) 310100 |
7 | Алматы қ. ХББ НЗМ | Қалқаман-2 ы/а, Елібаев көшесі, 2 | 8 (7273) 383300 |
8 | Талдықорған қ. ФМБ НЗМ | Қаратал ы/а, 47 | 8 (7282) 400069 |
9 | Ақтау қ. ХББ НЗМ | 33 ы.а., 16 | 8 (7292) 701061 |
10 | Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ | Астана ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8 | 8 (7132) 411737 |
11 | Атырау қ. ХББ НЗМ | Нұрсая ы/а, 11-көше, 22 | 8 (7122) 558551 |
12 | Қостанай қ. ФМБ НЗМ | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239 | 8 (7142) 390677 |
13 | Қызылорда қ. ХББ НЗМ | Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6 | 8 (7242) 402375 |
14 | Павлодар қ. ХББ НЗМ | Ткачев көшесі, 16/2 | 8 (7182) 663410, 8 (7182) 663420 |
15 | Петропавл қ. ХББ НЗМ | Ибраев көшесі, 22 А | 8 (7152) 559722 |
16 | Семей қ. ФМБ НЗМ | Қарағайлы ы/а, 1 | 8 (7222) 636350 |
17 | Тараз қ. ФМБ НЗМ | Арай массиві, Домалақ ана, 266 | 8 (7262) 999856, 8 (775) 6437119 |
18 | Түркістан қ. ХББ НЗМ | Ататүрік көшесі, 195 | 8 (702) 0663377 |
19 | Орал қ. ФМБ НЗМ | Мәскеу көшесі, 16 | 8 (7112) 246512 |
20 | Өскемен қ. ХББ НЗМ | Қ. Сатпаев даңғылы, 53 | 8 (7232) 712715 |
21 | Шымкент қ. ФМБ НЗМ | Ақжайық ы/а, Элитный қалашығы, 6-ғимарат | 8 (7252) 294488 |
22 | Шымкент қ. ХББ НЗМ | Нұрсәт ы/а, 1А | 8 (7252) 775534 |
Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысы және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының байланыс телефондарына хабарласыңыз: 8 (7172) 23 52 78, 23 57 63, iшкі нөмірлер – 1313, 1319, 1315.