Критериалды бағалау ережелері
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы Басқармасының
2023 жылғы 5 қаңтарғы
(№ 1 хаттама) шешімімен бекітілген
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалауы Ережесі
1. Жалпы ережелер
- Бұл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау Ережелері (бұдан әрі – Ережелер), мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
- Аталған ережеде келесі анықтамалар қолданылады:
- Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) (бұдан әрі – ХБ) – бастапқы (Primary Years Programme), негізгі (Middle Years Programme), жоғары мектеп (Diploma Programme) және кәсіптік білім беру бағдарламасына (Careers Programme) арналған білім беру бағдарламаларын қамтитын, Еуропа Кеңесінде консультациялық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым;
- бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін сипаттайтын сандық көрсеткіш;
- сынып параллельдері – бір оқу жылындағы сыныптар;
- мектептің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МАЖ) – мектепке оқушылардың демографиялық және академиялық деректерін есепке алуға, оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің жұмыс пен сабақты босатуы, кешігулерін бақылауға мүмкіндік беретін, оқушылар үшін орта семестрлік жетістік есептері мен семестрлік есептерді шығаратын, сондай-ақ әрбір топ үшін тиісті порталдар арқылы оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы тиімді коммуникация жасауға ықпал ететін электрондық жүйе;
- бағалау критерийлері – оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау мақсатында критерийлерге алмастырылған оқу мақсаттары, мұны орындалған жұмыс дәлелдейді. Мақсаттар мен критерийлерді ХБ белгілейді;
- критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін ХБ белгілеген айқын критерийлерімен салыстыруға бағытталған, барлық қатысушыларға (оқушыларға, ата-аналарға немесе басқа заңды өкілдерге) таныс үдеріс;
- қалыптастырушы бағалау – оқушылардың күнделікті жұмыс барысындағы білімі мен дағдыларының ағымдық деңгейі бойынша кері байланыс беру арқылы қорытынды бағалауға дайындыққа бағытталған оқуды бағалау;
- қорытынды бағалау – оқу тақырыбы бойынша бөлімді аяқтағаннан кейінгі білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауға арналған бағалау түрі;
- 7 балдық бағалау жүйесі – оқушылардың жетістік деңгейін анықтайтын ХБ белгілеген бағалау шкаласы;
- ішкі бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін ХБ белгілеген критерийлерге сәйкес Зияткерлік мектеп мұғалімдері жүргізетін бағалау;
- сыртқы модерация – барлық ХБ мектеп оқушыларына ХБ критерийлерінің дұрыс қолданылуына кепілдік беру және стандарттау үшін мектеп мұғалімдері бағалаған оқушылар жұмысының бағалауын тексеретін үдеріс. Бұл рәсімді ХБ сарапшылары жүргізеді;
- бағалауды стандарттау – барлық мұғалімдердің объективті және ашық бағалауы үшін бағалау критерийлерін бірыңғай түсінуін және қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдер тобының оқушылар жұмыстарын бағалау үдерісі;
- пәндік нұсқаулықтар – пәннің мақсаты мен міндеттері, критерийлеріне сәйкес оқу жоспарын құруға, оқытуға және бағалауға қойылатын талаптар мен нұсқаулықтарды қамтитын негізгі және жоғары мектеп пәндеріне арналған ХБ нұсқаулықтары;
- оқыту тәсілдері – коммуникация, әлеуметтену, өзін-өзі басқару, зерттеу, ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған үздіксіз білім алу дағдылары;
- ХБ ақпараттық жүйесі (International Baccalaureate Information System) (бұдан әрі – ХБАЖ) – бұл негізгі және жоғары мектеп бағдарламасы бойынша оқитын оқушыларды электрондық бағалауға (MYP еAssessment) және Жоғары мектептің сыртқы бағалауына қатысу үшін онлайн тіркеу жүргізілетін ХБ электрондық жүйесі;
- ерекше жағдайларды қамтамасыз ету – бағалау жүргізу кезеңінде ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін жағдай жасау және ұйымдастыру;
- семестрлік есеп – әр семестрдің соңында 7 балдық бағалау шкала негізінде жасалатын есеп. Қосымша сипаттама осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген;
- статус есебі – семестрдің ортасында 5 балдық шкалаға сәйкес екі немесе одан да көп пәндерден семестр соңында 3 (қанағаттанарлық) немесе 2 (қанағаттанарлықсыз) бағасын алу қаупі бар оқушылар үшін жасалатын есеп. Қосымша сипаттама осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген;
- жоғары мектеп бағдарламасы (DP) / негізгі мектеп бағдарламасы (бұдан әрі – MYP) бойынша жалпы ережелер – DP/MYP талаптарын анықтайтын және DP/MYP тәртіптерін сипаттайтын және ХБ бекітетін DP/MYP құжаттар жиынтығы;
- MYP бағдарламасы – мектептерде 7-10-сыныптарда жүзеге асырылатын ХБ бағдарламасы;
- пәнаралық оқыту – екі немесе одан да көп пәндер/пәндік топтардағы ортақ концепциялар, жаһандық мәнмәтін, пәндік мазмұн немесе мәселелер арқылы біріктіріліп, нәтижесінде ортақ өнім жасалатын оқыту түрі. Пәнаралық зерттеу ХБ-ның белгілі бір критерийлері негізінде бағаланады;
- жеке жоба – 10-сынып оқушылары MYP-дегі жаһандық мәнмәтін және оқыту тәсілдерін өз тәжірибесінде көрсету үшін жүзеге асыратын ұзақ мерзімді жоба. Жоба 9-сыныпта басталып, 10-сыныпта аяқталады, ХБ сыртқы модерациясынан өтеді және барлық 10-сынып оқушылары үшін ХБ талабы болып табылады;
- MYP юниті – тақырып, мақсат, жаһандық мәселелер, зерттеу идеясы, негізгі және пәндік концепциялар, ғаламдық мәнмәтін, негізгі мазмұн мен қалыптастырушы және қорытынды жұмыс тапсырмаларының түрі қамтылып жоспарланған сабақтар тобы;
- MYP критерийі – MYP-дің пәндік мақсатына қол жеткізу деңгейін 0-8 шкала бойынша сипаттайтын рубрика;
- MYP-дегі қол жеткізу деңгейі – критерий бойынша оқушы жұмысының жетістігін мейлінше дәл көрсететін деңгей дескрипторы;
- алып тастау;
- электрондық портфолио (MYP е-portfolio) – негізгі мектеп оқушыларының жұмыстарын ноутбук немесе компьютерде жинақтаудың электрондық нысаны. Жұмыстарды мектеп ішінде пән мұғалімдері бағалайды, үлгілері Халықаралық Бакалавриаттың сыртқы модерациясына жіберіледі;
- ХБ негізгі мектеп бағдарламасының нәтижелері бар құжат (IB MYP course results) – электрондық бағалау (eAssessment) нәтижелерін алу үшін ХБАЖ-да тіркелген барлық оқушыларға 1-7 шкала бойынша MYP пәндерінің қорытынды бағалары ұсынылатын ХБ-ның ресми құжаты;
- Жоғары мектеп бағдарламасы (Diploma programme) (бұдан әрі – DP) – бұл жоғары мектепте жүзеге асырылатын екі жылдық ХБ бағдарламасы;
- ХБ дипломы – оқушыларға осы Ереженің 120-тармағында көрсетілген талаптарды орындау кезінде Халықаралық Бакалавриат беретін білімі туралы құжат;
- «шығармашылық, қызмет, қоғамға қызмет» (Creativity, activity and service) (бұдан әрі – CAS) – академиялық пәндерге қосымша ретінде оқушылардың шығармашылық, әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларын дамытуды көздейтін DP компоненті. Бұл компонент ХБ дипломын алу үшін міндетті болып табылады;
- таным теориясы (Theory of Knowledge) (бұдан әрі – ТОК) – оқушылардың сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуды көздейтін DP компоненті. Бұл компонент ХБ дипломын алу үшін міндетті болып табылады;
- кеңейтілген эссе (Еxtended Essay) (бұдан әрі – ЕЕ) – (DP компоненті) оқушылардың зерттеу дағдылары мен эссе жазу қабілеттерін дамытатын, таңдаған пән бойынша оқыту тілінде жүргізілетін зерттеу жұмысы. Бұл компонент ХБ дипломын алу үшін міндетті болып табылады;
- стандарт деңгейдегі (SL – Standard level), жоғары деңгейдегі (HL – High level) пәндер – пәндерді оқыту деңгейлері;
- сыртқы бағалау – ХБ-да әзірленіп, реттелетін DP бағдарламасының соңында оқушылардың жұмысын бағалау рәсімі;
- сыртқы емтихан – ХБ жоғары мектептің оқу курсы соңындағы оқушылардың емтихандарын ұсынып, бағалайтын DP-дегі сыртқы бағалау түрі;
- емтихан бағасы – сыртқы бағалау нәтижесі;
- ішкі бағалауды бағалау – бұл мұғалімнің бағалауы және ХБ сыртқы модерациясы негізінде ХБ анықтайтын баға;
- DP бағасы – бұл оқушының дипломына ХБ қоятын баға;
- ХБ бағдарламасының нәтижелері бар құжат – онда диплом алу үшін ХБАЖ-ға тіркелген барлық оқушыларға DP бағалары ұсынылатын ХБ ресми құжаты;
- ХБ алдын ала бағалауы – Жоғары мектеп оқушысының сыртқы бағалау бойынша үлгерімінің болжамды көрсеткіші, ол ХБАЖ-ға жүктеледі және оқушыға берілмейді;
- университеттер үшін болжамды баға – университеттерге оқушының жетістігі туралы ақпарат беру мақсатында белгілі бір оқу кезеңі ішіндегі оқушы үлгерімінің орташа бағасы;
- DP юниті – тақырыптар, міндеттер, ТОК-мен байланыс, мәдениетаралық түсіністік, сондай-ақ қалыптастырушы және қорытынды жұмыстардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін айқындайтын, юниттің негізгі идеясы ұсынылатын жоспарланған сабақтардың топтамасы;
- DP марксхемасы – ХБ мысалдарына негізделген белгілі бір тапсырма бойынша балл қою сызбасы;
- ХБ дипломын түпкілікті беру жөніндегі Комитет – диплом беру туралы шешім қабылдайтын және қорытынды бағалар қоятын ХБ ұйымы;
- Педагогикалық өлшемдер орталығы (бұдан әрі – ПӨО) – мектепке қатысты сыртқы ұйым, ол «Қазақ тілі екінші тіл ретінде», «Орыс тілі екінші тіл ретінде» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша мектеп әзірлейтін сыртқы бағалаудың емтихан материалдарына сараптама жүргізеді, сондай-ақ ҰБТ сертификаты үшін қажетті пәндер бойынша сыртқы бағалау жүргізеді;
- сыртқы бағалау – Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында оқылмайтын, бірақ мектеп әзірлеп және реттеп отыратын, жоғары мектепте оқу үшін міндетті болып табылатын «Қазақ тілі екінші тіл ретінде», «Орыс тілі екінші тіл ретінде» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша 12-сынып оқушыларының жұмыстарын бағалау рәсімі;
- негізгі/жоғары мектепті бітіргені туралы аттестат – негізгі/жоғары мектепті бітіргеннен кейін оқушыларға берілетін білім туралы құжат;
- қорытынды аттестаттау – негізгі мектепті бітіргеннен кейін академиялық пәндерді меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
- үлгерім табелі – ағымдағы оқу жылының семестрлік, жылдық және қорытынды бағаларын қамтитын оқушының есептік құжаты;
- ҰБТ сертификаты үшін қажетті пәндер бойынша сыртқы бағалау – ҰБТ сертификатына енгізілген пәндер бойынша 12-сынып оқушыларын бағалау рәсімі;
- IELTS сыртқы бағалауы немесе балама емтихан – ағылшын тілін меңгерудің халықаралық бағалау жүйесіне сәйкес авторизацияланған орталық өткізетін сыртқы бағалауы.