«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ басқармасының
29 қыркүйек, 2022ж.
№48 хаттамасының шешімімен
бекітілген
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның
«Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Астана қаласындағы халықаралық мектеп» филиалдары оқушыларының
Академиялық адалдықты сақтау Ережесі
https://law.nis.edu.kz/docs/4997
1. Жалпы ережелер
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Астана қаласындағы халықаралық мектеп» филиалдары оқушыларының Академиялық адалдықты сақтау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жоғарғы Қамқорлық кеңесінің 2018 жылғы 01 желтоқсандағы шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2030 жылға дейін дамыту стратегиясына, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жарғысына, негізгі әрекеті білім беру болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Астана қаласындағы халықаралық мектеп» филиалы (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) туралы Ережелерге, Халықаралық Бакалавриаттың Академиялық адалдық ережесіне және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқа да нормативтік актілеріне сәйкес әзірленген және оқыту процесінде Академиялық адалдықтың принциптерін, оқушылар қоғамдастығы мүшелерінің міндеттерін белгілейді (анықтайды), Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен Ережені бұзған жайдайда шара қолдану тәртібін анықтайды.
- Осы Ереженің мақсаты – оқушылардың адалдық туралы түсініктерін, ашық, шыншыл, сенімді қарым-қатынастар орнатуда, сол сияқты өмірде адалдықты дамыту сұрақтарындағы жауапкершіліктерін қалыптастыру. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Астана қаласындағы халықаралық мектеп» филиалында Академиялық адалдық оқыту процесіндегі негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.
- Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
1) Академиялық адалдық – оқушылардың оқуға деген жеке адалдығы мен жауапкершілігін дамытатын, сенімді және адал еңбекті құруда этикалық шешімдер қабылдау және мінез-құлық негізін қалыптастыратын білім беру процесіндегі студенттердің мінез-құлық принциптерінің жиынтығы;
2) Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate) – халықаралық үкіметтік емес білім беру ұйымы, ЮНЕСКО және Еуропа Кеңесінде кеңес беру мәртебесіне ие;
3) зияткерлік меншік – адаммен жасалған өнім, соның ішінде зияткерлік және шығармашылық көрініс, патенттер, тіркелген дизайндар, сауда белгілері, моральдық және авторлық құқық түрлері.
4) оқушы үлгісі – Халықаралық Бакалавриаттың талаптарына сай келетін әр оқушыға тән он қасиет.
5) бағаланатын жұмыстар:
– оқыту барысында оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы оқу жетістіктерін анықтау мақсатындағы қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда орындайтын жұмысы мен тапсырмасы (ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, эссе, дала жұмысы, лабораториялық, тәжірибелік жұмыстар, өздік жұмысы, зерттеу жұмысы, жоба және т.б.);
– бұл жұмыс, оқушының оқудағы белгілі бір кезеңдегі жетістік деңгейін анықтау үшін (тоқсан, семестр, жартыжылдық, жылдық) жиынтық, қорытынды бағалауда орындайтын жұмысы мен тапсырмасы (бақылау, жазба жұмысы, тесттер, сынақ, зерттеу жұмысы, жоба және т.б.);
6) бағаланбайтын жұмыстар – педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілген тұлғалардың бағалауына жатпайтын оқушылардың оқу, шығармашылық мақсаттағы орындаған жұмысы (мақала, жобалау жұмыстары, тұсаукесерлер, бейне және аудиоматериалдар, қол еңбегінің өнімдері және т.б.).
7) АПА дәйексөз алу стилі (APA style) – Америка Психологтар Қауымдастығымен (American Psychological Association) әзірленген академиялық жұмыстарды рәсімдеу тәртібі.
8) Тёрнитин (Turnitin) – бұл Зияткерлік мектептерде Академиялық адалдыққа тәрбиелеуде педагогтердің жұмысын жеңілдету үшін, білім берудің барлық деңгейлеріндегі жұмыстарға түсініктеме беру және бағалау үшін Advance Publications еншілес ұйымы Turnitin, LLC коммерциялық компаниясы ұсынатын және басқаратын, оның дерекқорына ұсынылған жұмыстардағы плагиатты анықтауға арналған құрал;
Дипломдық бағдарлама (DP) үш тілдің бірінде (ағылшын, француз немесе испан) оқытылатын Халықаралық бакалавриат дипломының (DP) білім беру бағдарламасы болып табылады, Зияткерлік мектеп оқушыларының әлемнің ең жақсы университеттеріне түсуіне дайындықты қамтамасыз етеді;
9) мектептің электрондық поштасы – Зияткерлік мектептерде ұйымдастырылған электрондық хабарламаларды жіберу және қабылдау технологиясы мен қызметі;
10) тәртіптік комиссия – білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында құрылатын Зияткерлік мектептің тұрақты жұмыс істейтін органы.
- Зияткерлік мектептің әкімшілігі, кураторлары оқушылар мен олардың заңды өкілдерін осы Ережемен мына жағдайларда таныстыруға міндетті:
1) конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қол қою арқылы қабылдау;
2) Зияткерлік мектепке қабылдану туралы өтінішті бергенде қол қою арқылы қабылдау;
3) куратор сағаттары, мектеп және ата-ана жиналыстарында.
- Осы Ережені мектеп қауымдастығының барлық мүшелері – әкімшілік, педагогикалық қызметкерлер, оқушылар, олардың заңды өкілдері және Зияткерлік мектептердің басқа да қызметкерлері орындауға міндетті.
- Осы Ереже жалпылай танысу үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Астана қаласындағы халықаралық мектеп» филиалдарының көрнекті жерлерінде ілінеді, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары мен Зияткерлік мектептердің сайтында жарияланады.
2. Академиялық адалдық принциптері
7. Білім беру үдерісінде оқушылардың жеке адалдығы мен өз оқулары үшін жауапкершілігін дамытатын академиялық адалдық принциптері:
1) саналылық – оқушылардың бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды адал және лайықты орындауы;
2) автор және автор мұрагерлерінің құқығын сақтауды жүзеге асыруы – зияткерлік меншіктілігі мен авторлық құқығын мойындауы;
3) ашықтық – оқушылар мен педагогтер және оларға теңестірілген тұлғалар арасындағы ашықтық, өзара сенімділік, ақпараттар және идеялармен ашық бөлісу;
4) оқушылардың құқығы мен еркіндігін құрметтеу – оқушылардың пікірлері мен идеяларын ашық білдіру құқығы;
5) теңдік – әр оқушының осы Ережені сақтауындағы міндеті мен оларды бұзуы үшін тең жауапкершілігі;
8. Оқушы үлгісіне (профайлы) сәйкес оқушылар «ұстанымды» болуы тиіс. Халықаралық Бакалавриаттың академиялық адалдық Саясаты мәнмәтінінде (Academic Integrity (рublished October 2019) ұстанымдылық анық көрсетілген әділдік пен әділеттік сезімі. Бұл олардың басқа адамдардың үлесін мойындау қабілеті ретінде академиялық жұмыстарында көрсетілуі тиіс.
Оқушылар Осы Ережелерді бұзбауы үшін және өз жұмыстарын қайта түзетуі үшін мақсатты бұзушылықты болдырмау үшін оларды ерте анықтау қажет. Бұл мәселені зерттеу арқылы, оқушы үлгісіне назар қоя отырып, үнемі әрі табанды тәжірибеден өткізу нәтижесінде олардың алдын алуға болады.
9. Оқушылардың ынтымақтастық пен сөз байласу арасындағы айырмашылықты білуі маңызды болып табылады.
Ынтымақтастық деп оқушылардың бір ақпарат бойынша көшіруге және бір оқушыны екінші оқушының бағалауына мүмкіндік бермейтін, ашық бірлескен жұмысы саналады.
Көп жағдайда оқушылардың мәліметтер, идеялар, стратегиялармен бөлісуі сынды бірлескен жұмысы мадақталады (мысалы, зертханалық жұмыс)
Алайда егер ынтымақтастық туралы мұғалім айтпаса, сабақ жоспарында белгіленбесе, онда оқушылардың жұмысы жеке болуы тиіс, екі немесе одан да көп оқушылардың жұмыстарында ғана бірдей мәтін болуы мүмкін.
- Мектеп қауымдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
- Оқушылар:
1) осы Ереженің мәтінімен танысуға;
2) оқу үдерісінде өз пікірін еркін білдіруге;
3) осы Ережені бұзуы туралы негізсіз айыптау мен дәлелдерден қорғануға құқылы.
- Оқушылар:
1) осы Ереженің мәтінімен танысуға және оны бұзудың салдарын білуге;
2) бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды орындауда академиялық адалдық қатаң түрде сақтауға;
3) қолданған, бірақ өзіне тиесілі емес идеялар, мәтіндер, суреттер және басқа да материалдарға сілтеме беруде АПА (APA style) қолдануға және рәсімдеу ережесін сақтауға;
4) бағаланатын жұмыстардың соңында қолданған әдебиеттер тізімін көрсетуге;
5) ақпараттардың сенімді дереккөздерін қолдануға
6) өзінің бағаланатын жұмысын басқа оқушыларға көрсетпеуге;
7) дайын жұмысты басқа пәндер мен компоненттерде қолданбауға;
8) өз электронды поштасы мен тіркеу жазбасында сенімді құпия сөз қою арқылы бағаланатын жұмыстарға қолжетімділікті сақтауға міндетті.
- Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:
1) осы Ереженің мәтінімен танысуға және оны бұзудың салдарын білуге;
2) балалардың осы Ережені сақтауына ықпал ету және үнемі олармен академиялық адалдықты сақтау дың маңыздылығын талқылауға міндетті.
12-1. Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар: оқушылардан осы Ережені бұзуға қатысты заттай дәлелдемелерді (шпаргалка, дәптер, телефон, планшет, электронды кітап, смарт-cағаттар, т.б) алып қоюға, барлық жағдайды анықтау үшін және ереже бұзылуын тергеу үшін әрі қарай әкімшілікке тапсыруға міндетті.
12-2 Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар:
1) ата -аналар қауымы арасында ақпарат жұмыстарын жүргізуге;
2) оқушыларға сенімді дереккөздерін табуды үйрету және қолдау көрсетуге;
3) АПА (APA style) стиліне сәйкес сілтемелер менқолданған әдебиеттер тізімін рәсімдеуге үйретуге;
4) орындалған жұмыстың барлық авторларын көрсете отырып жоба жұмыстарын қағаз, электронды, цифрлы түрде рәсімдеу әдістерін үйретуге;
5) оқу үдерісінде оқушыларға өз пікірін еркін білдіруді үйретуге;
6) академиялық адалдық сақтау мәселесі бойынша бағаланатын жұмыс алдында оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізуге;
7) осы Ережеде бекітілген талаптарды бұзудың кез келген мүмкіндіктеріне кедергі болуға;
8) осы Ережені бұзу жағдайларын есепке алуға;
9) осы Ережені бұзудың әр жағдайы туралы мектеп әкімшілігі мен ата-аналарды немесе басқа да заңды тұлғаларды хабардар етуге;
10) пән ерекшелігі және пәндік оқу бағдарламасының ерекшелігіне сәйкес оқушылар жұмыстарында академиялық адалдықтың жүзеге асырылуын оның ішінде Тёрнитин (Turnitin) құралы арқылы да бақылау және мониторинг жүргізуге;
- Педагогтер мен оларға теңестірілген тұлғалар:
осы Ережені бұзудың әр жағдайы туралы мектеп әкімшілігі мен ата-аналарды немесе басқа да заңды тұлғаларды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
13.1. Мектеп әкімшілігі осы Ережені бұзуға қатысты барлық заттай дәлелдемелерді (шпаргалкалар, дәптерлер, телефондар, планшеттер, электронды оқулықтар, смарт-cағаттар) сақтауға құқылы.
- Мектеп әкімшілігі:
1) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың ата-аналарға және оқушылардың заңды өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
2) оқушылардың Ережені бұзған жағдайларында осы Ережеде бекітілген іс-шаралардың жұмысын үйлестіруге;
3)оқушылардың академиялық адалдығын бақылауға және мониторинг жүргізуге міндетті.
- Бұзушылық түрлері
16. Аталған ережелермен академиялық адалдықты бұзудың келесі түрлері қарастырылады:
1) плагиат: |
– басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратты авторлық құптаусыз немесе дереккөздерді көрсетпей бөліктерін немесе толық иемдену; |
2) сыбайласу: |
– кез келген бағаланатын жұмысты өзге оқушы үшін орындау; |
3) алдау: |
1) плагиат: – өзге адамдардың идеялары мен жұмыстарын, материалдарын немесе басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратты авторлық құптаусыз, дереккөздерді көрсетпей бөліктерін немесе толық күйінде ұсыну; 2) сыбайласу: – әдейі немесе байқамай бір оқушыға көмектесу – Ереже бұзу, басқа оқушыларға саналы түрде көмек көрсету, өзінің бағаланатын жұмысынан оған көшіріп алуға мүмкіндік беру, басқалардың бағаланатын жұмысын өзінікі ретінде көрсету; 3) алдау: – бағаланатын жұмысты басқа оқушылардан көшіріп алу; – бағаланып кеткен жұмысты қайталап көрсету, өткізу; – бағаланатын жұмысты орындамаған, мезгілінде орындамаған жағдайда жалған ақталу; – топтық жұмыс қарастырылмаған бағаланатын жұмысты екі немесе одан да көп оқушылардың орындауы; – басқа оқушыларға саналы түрде көмек көрсету; – өзінің бағаланатын жұмысынан оған көшіріп алуға мүмкіндік беру; – басқалардың бағаланатын жұмысын өзінікі ретінде көрсету; – қайта ұсыну – бағалаудың әртүрлі компоненттері үшін немесе Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламасы өзегінің талаптарын орындау үшін бір жұмысты ұсыну; – орындалған жұмыстың өзіндік ерекшелігіне қатысты оқушылардың оқытушыны әдейі жаңылыстыруы; |
4) бағаларды, мәліметтерді, бағаланатын жұмыстарды бұрмалау: |
– бағаларды, тапсырма жауаптарын бағалау нәтижелерін боямалау; – өлшеу және сауалнаманы бақылау нәтижелері, зерттеу кезіндегі сауалнама мен басқа әдістердегі мәліметтерді, басқа оқушының бағаланатын жұмысын әдейі бүлдіру немесе боямалау; |
5) бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу: |
– жиынтық бағалау жұмыстарын орындау кезінде жауаптарды беру; – бағалау жұмыстары өткізілгенге дейін оқушы, мұғалім, немесе – мұғалімге теңестірілген тұлғаның көмегі арқылы жауаптарды алу; – бағаланатын жұмыстарды жеке жұмысы ретінде көрсету үшін – сатып алу және өзге жолдармен қол жеткізу; – бағаланатын жұмыстарды дайын күйінде сату немесе сатуға/сатып – алуға көмектесу; |
1) ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану: – бекітілген нормативті акті негізінде тыйым салынған ақпаратты қағаз, электронды, цифрлы, техникалық құрылғыларды бағалау жұмыстарын орындау кезінде пайдалану; – бағаланатын жұмысқа қатысты кез келген жауаптарды электронды пошта, компьютер және т.б. жолмен көшіру; – педагог қызметкердің бағаланатын жұмыстарға қатысты ақпаратты компьютерден көшіру, қағаз не электронды тасымалдаушы құралдар көмегімен кабинеттен шығару. – бекітілген нормативті акті негізінде тыйым салынған ақпаратты қағаз, электронды, цифрлы, техникалық құрылғыларды бағалау жұмыстарын орындау кезінде пайдалану; – бағаланатын жұмысқа қатысты кез келген жауаптарды электронды пошта, компьютер және т.б. жолмен көшіру; педагог қызметкердің бағаланатын жұмыстарға қатысты ақпаратын компьютерден көшіру, қағаз не электронды тасымалдаушы құралдар көмегімен кабинеттен шығару. бағаланатын жұмыстарды жеке жұмысы ретінде көрсету үшін сатып алу және өзге жолдармен қол жеткізу, бағаланатын жұмыстарды дайын күйінде сату немесе сатуға/сатып алуға көмектесу; – бағаланатын емтихан материалдары туралы ақпаратты жұмысты тапсырғанға дейін алу немесе ашу/ емтихан тапсырылғаннан кейінгі 24 сағаттың ішінде кез келген байланыс/медиа түрлері арқылы емтихан материалдарының мазмұны туралы ақпаратты әшкерелеу немесе басқа қатарлас сыныптардан алу. |
2) академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтар: – – бағаланатын жұмыстардың кез келгеніне сәйкес емес материалды енгізу немесе зерттеуді жүргізу кезінде этикалық нормалар ережелерін бұзу; – оқушының үлгеріміне әсер ететін оқушыға әділетсіз артықшылық беретін кез келген басқа әрекет. |
6) Алынып тасталды |
7) Алынып тасталды |
- Осы академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтың тізімі осымен шектелмейді, қажеттілікке қарай толықтырылып отырады. Оқушыға әділетсіз артықшылық беретін немесе басқа оқушының нәтижелеріне ықпал ететін кез келген іс-әрекет бұзушылық түрлеріне жатады.
6. Ережені бұзған жайдайда шара қолдану тәртібі
18. Академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтардың анықталуы:
1) қалыптастырушы жұмыстарды өткізу кезінде;
2) қорытынды жұмыстарды өткізу кезінде.
19. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезіндегі қалыптастырушы жұмыста плагиат, сөз байласу (сыбайластық) анықталған жағдайда:
1) пән мұғалімі осы ереженің №2 қосымшасына сәйкес, үлгі бойынша Ереже бұзу актін жасап, оқушылармен кездесу өткізеді. Айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады; ( 2-қосымша);
2) ереже бұзушылық қайталанған жағдайда пән мұғалімі бекітілген үлгі бойынша Ереже бұзғандығы туралы акт жасап, оқушылардың ата-анасы не заңды өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізеді. Айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады;
Әр жағдайда сөз байласқан (сыбайласқан) барлық оқушылар жұмысты қайта тапсыру құқығынсыз нөл алады.
3) жүйелі түрде (үш рет не одан да көп) бұзса/қайталаса, пән мұғалімі бекітілген үлгі бойынша Ереже бұзғандығы туралы акт жасайды. Айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады. Куратор оқушының ата-анасы не басқа да заңды өкілін тәртіп бұзғандығы туралы жазбаша хабардар етеді және барлық құжаттарды Тәртіп комитетіне өткізеді.
Әрбір плагиат жағдайында орындауға жеткілікті уақыт болған жағдайда оқушыға жұмысты қайта орындауға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда барлық жұмыс толығымен қайта жасалуы керек. Басқа жағдайда жұмыс жарамсыз деп табылады.
- Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы жұмыста алдау анықталса:
1) айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады;
2) жүйелі түрде (үш рет не одан да көп) бұзса/қайталаса, пән мұғалімі бекітілген үлгі бойынша Ереже бұзғандығы туралы акт жасайды. Айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады. Куратор оқушының ата – анасы не басқа да заңды өкілін тәртіп бұзғандығы туралы жазбаша хабардар етеді және барлық құжаттарды Тәртіп комитетіне өткізеді.
Алдау орын алған әрбір жағдайда тест немесе тапсырма, оқушы жұмысы қайта тапсыру құқығынсыз жарамсыз деп танылады.
21. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, жұмыста бағалар, мәліметтер, бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталса:
1) пән мұғалімі үлгі бойынша Ереже бұзу актін жасап, ата-ана не басқа да заңды өкіл және оқушының қатысуымен академиялық адалдық Ережесінің бұзылғандығы жөнінде әңгіме жүргізеді. Айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады. Куратор оқушының ата-анасы не басқа да заңды өкілін тәртіп бұзғандығы туралы жазбаша хабардар етеді және барлық құжаттарды Тәртіп комитетіне өткізеді.
Бағаланатын жұмыстарды, мәліметтерді, бағаларды бұрмалаған, жауаптарды және бағаланатын жұмыстарды әділетсіз жолмен алған, ақпарат немесе құрылғыларды заңсыз қолданған әрбір жағдайда тест немесе тапсырма, оқушы жұмысы қайта тапсыру құқығынсыз жарамсыз деп танылады.
22. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қорытынды жұмыста плагиат, сөз байласу (сыбайластық), алдау, бағаланатын жұмыстарды, мәліметтерді, бағаларды бұрмалау, жауаптарды және бағаланатын жұмыстарды әділетсіз жолмен алу, ақпарат немесе құрылғыларды заңсыз қолдану анықталған жағдайда:
1) пән мұғалімі немесе емтиханға қатысуға уәкілетті тұлға бекітілген үлгі бойынша Ереже бұзғандығы туралы акт жасайды. Айғақты дәлелдемелермен қоса Ереженің бұзылғандығы туралы акт пен оқушы жұмыстарының көшірмелері кураторға тапсырылады. Куратор оқушының ата-анасы не басқа да заңды өкілін тәртіп бұзғандығы туралы жазбаша хабардар етеді және барлық құжаттарды Тәртіп комитетіне өткізеді. Бағаланатын жұмыстарды, мәліметтерді, бағаларды бұрмалаған, жауаптарды және бағаланатын жұмыстарды әділетсіз жолмен алған, ақпарат немесе құрылғыларды заңсыз қолданған әрбір жағдайда тест немесе тапсырма, оқушы жұмысы қайта тапсыру құқығынсыз жарамсыз деп танылады.
- Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарламасы мен негізгі мектеп Бағдарламасын қорытынды бағалау кезінде:
- плагиат болған жағдайда: егер Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарламасы немесе негізі мектеп бағдарламасы емтиханының бір бөлігі ретінде ұсынатын тапсырмада оқушы өз жұмысын түпнұсқа ретінде ұсынса, оны жөндеуге рұқсат берілмейді. Үміткер осы бөлік үшін баға алу құқығынан айырылады және Халықаралық Бакалавриаттың ережесі мен тәртібіне сай Халықаралық Бакалавриат балл бермейді;
- мектеп, емтихан алушы немесе Халықаралық Бакалавриат ұйымы академиялық адалдықты бұзғаны туралы дәлелдер тапса, Зияткерлік мектепке тексеру жұмыстарын жүргізу және іске қатысты қажетті есептер мен басқа да құжаттарды ұсыну жөнінде талаптар жібереді. Cонымен қатар, оқушыдан жазбаша түсініктеме сұралады. Халықаралық Бакалавриаттың қорытынды баға беру комитеті (немесе осы комитеттің кіші комитеті) оқушыға аталған пән бойынша балл қоймауға, оған қоса оқушының алдағы емтихан сессияларына тіркелуіне тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін;
- Халықаралық Бакалавриат негізгі мектеп бағдарламасының Диплом немесе сертификатына енетін пән бойынша балл қойылмаса, оқушыға Халықаралық Бакалавриат негізгі мектеп бағдарламасының Диплом немесе сертификаты берілмейді;
- Материалдық айғақтар табылған жағдайда, Халықаралық Бакалавриат Ұйымы оқушы жұмысының нәтижесін жариялағаннан кейін академиялық адалдықтың бұзылғаны бойынша тексеру жүргізуге құқылы. Халықаралық Бакалавриаттың Қорытынды бағаларды беру Комитеті немесе кіші комитет академиялық адалдықты бұзу фактісін анықтаса, үміткердің пән бойынша балын қайтарып алуы мүмкін. Пән бойынша балды қайтарып алу – Халықаралық Бакалавриат Дипломын кері қайтартады.
24. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезінде плагиат, алдау, мәліметтерді бұрмалау анықталған жағдайда пән мұғалімі, куратор немесе ата-ана оқушымен әңгіме жүргізеді.
25. Осы Ереженің 16-тармағы бойынша оқушылар тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасымен бекітілген ішкі тәртіп ережесіне сәйкес оқушыларға қарсы тәртіптік жаза шаралары қолданылады;
- Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілетін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған ішкі тәртіп Ережесімен реттеледі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»
және «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп»
филиалдары оқушыларының
Академиялық адалдықты сақтау
Ережесінің 1-қосымшасы
21-бап: Академиялық адалдық бұзылған жағдайларды тексеру
Үміткердің жұмысы бағалауға жіберілгенге дейін оның шынайылығы туралы сұрақтар туындаса, жағдайды мектеп шешуі керек. Жұмысты Халықаралық Бакалавриат ұйымына бағалауға жібергеннен кейін мүмкін болатын академиялық сәйкес келмейтін әрекеттер (мысалы, плагиат, сөз байласу) расталса, мектептің Дипломдық Бағдарламасының үйлестірушісі (DP координатор) Халықаралық Бакалавриат ұйымын дереу хабардар етуі керек.
Мектеп ішінде бағаланатын жұмыстар жағдайында «тапсыру» деген мұғалімдердің Халықаралық Бакалавриат ұйымына бағалар тапсыру мерзімін білдіреді. Жазбаша емтихандардан жұмыс қағаздарын есепке алмағанда, мектептен тыс бағаланатын жұмыстар үшін «тапсыру» деген үміткердің өз жұмысының түпнұсқалығы туралы мәлімдемеге қол қойған сәтін білдіреді. Мектеп, емтихан қабылдаушы немесе Халықаралық Бакалавриат ұйымы академиялық тәртіпсіздікті анықтаған жағдайда, мектеп Халықаралық Бакалавриат ұйымына осы іске қатысы бар қажетті құжаттарды есебімен қосып тексеріп, ұсынуы керек. Мектеп тарапынан тергеу-тексеру талаптары орындалмаған жағдайда академиялық тұрғыдан лайықсыз әрекет танытқан үміткерге Халықаралық Бакалавриат бағасы берілмейді.
Егер Халықаралық Бакалавриат ұйымы үміткердің академиялық тәртіп бұзушылыққа күдік бар екендігі және оның тергеу жүргізу ниеті туралы мектепті хабардар етсе, сол мектеп директорына күдікті үміткерді академиялық тәртіп бұзушылық болуы мүмкін сессиядан немесе курстан шығаруға өкілеттік беріледі.
Дегенмен, Халықаралық Бакалавриат Ұйымы академиялық тұрғыдан лайықсыз мінез-құлықты тексеруді жалғастыруға және бұзушылық орын алған-болмағанын шешуге құқылы. Егер үміткер пәннен шығарылса, бұл пән бойынша баға қойылмайды және болашақ емтихан сессияларында балға қосылмайды.
Академиялық сәйкес емес әрекетке күдікті үміткерге DP үйлестірушісіне күдікті тәртіп бұзушылығы туралы жазбаша түсініктеме жазу мүмкіндігі беріледі. Түсініктеме жазушының түсініктеме беруден бас тартуына қарамастан, академиялық лайықсыз әрекет бойынша тергеу жүргізіледі және шешім қабылданады.
21.5 Күдікті академиялық тәртіпсіздік жағдайларының көпшілігі Қорытынды бағалау комиссиясының қосалқы комиссиясына беріледі. Бұл ішкі комитет әдетте Халықаралық Бакалавриат ұйымының мүшелерінен, мектеп өкілдерінен, бас емтиханшылардан тұрады, дегенмен мүшелері осы адамдардан тұратын кез келген топ бұзушылықтар туралы шешім қабылдап, істі қорытынды бағалау комитетіне бекітуге жібере алады. Осы кіші комиссияның басшысы Қорытынды бағалау комиссиясының төрағасы немесе төрағасының орынбасары немесе төрағаның орынбасары тағайындайтын бас емтихан алушы болып табылады.
21.6 Кіші комитет қорытынды бағалау комиссиясы арқылы немесе оның басшылығымен шешімдер қабылдайды. Тергеу барысында жиналған барлық мәлімдемелер мен дәлелдемелерді қарап шыққаннан кейін кіші комиссия тергелетін бұзушылықты жоққа шығару немесе растау немесе істі одан әрі тергеуді жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Егер ішкі комиссия шешімге келе алмаса, іс қорытынды бағалау комиссиясына жіберіледі.
21.7 Егер академиялық тұрғыдан лайықсыз әрекет кіші комиссиямен расталса, үміткер осындай әрекет орын алған субъектіге қатысты жазаланады. Жазаның ауырлығы кіші комиссияның үкіміндегі академиялық теріс қылық дәрежесіне сәйкес болады. Егер Қорытынды бағалау комиссиясы академиялық сәйкес келмейтін әрекет өте ауыр деп таныса, комиссия үміткерге бұзушылық орын алған пән бойынша баға бермеу туралы шешім қабылдауы мүмкін, сондай-ақ оған болашақ емтихан сессияларына тіркелуге тыйым салуы мүмкін.
21.8 Егер үміткер белгілі бір пән бойынша баға алмаса, үміткерге IB дипломы берілмейді. Академиялық сәйкессіз әрекет болмаған Дипломдық бағдарламаның басқа пәндері бойынша нәтижелер үміткерге қолжетімді болады. Академиялық адалдықтың өрескел немесе қайталанатын бұзылуын қоспағанда, үміткерге келесі емтихан сессияларына тіркелуге рұқсат етіледі, оның ішінде тіркеу мерзімі сәйкес келсе, 6 айдан кейін өтуі мүмкін. Үміткер үшінші емтихан сессиясында академиялық адалдық саясатын бұзса, ол келесі емтихан сессияларына жіберілмейді.
21.9 Егер үміткер алдыңғы емтихандарда академиялық адалдық ережелерін бұзуға тартылған болса, ол барлық болашақ емтихандардан шеттетіледі.
21.10 Заттай дәлелдемелерді ескере отырып, Халықаралық Бакалавриат Ұйымы үміткерге диплом берілгеннен кейін академиялық сәйкес емес әрекет бойынша тергеу жүргізуге құқылы. Егер академиялық тұрғыдан сәйкес келмейтін әрекет комитет немесе шағын комиссиямен расталса, пәнге қойылған баға күшін жояды. Пәннің бағасы күшін жою себебінен Халықаралық Бакалавриат дипломы да күшін жояды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»
және «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп»
филиалдары оқушыларының
Академиялық адалдықты сақтау
Ережесінің 2-қосымшасы
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНЫ ТУРАЛЫ АКТ
Мұғалімнің аты-жөні | Пәні: |
телефон: |
Жұмыс түрі:
|
E-mail: |
Оқушының аты-жөні:___________________ _________________________________ Сыныбы:_________ |
Бұзушылықтың сипаттамасы (уақыты, орны) (қажет болған жағдайда қосымша парақ қосуға болады):
|
|
Пән мұғалімінің немесе емтиханға\жұмысқа қатысуға өкілетті адамның қолы және мерзімі (қажеттінің астын сызу) | |
Оқушының қолы және мерзімі
|
Актімен таныстым:
ата-анасының немесе заңды өкілінің қолы
Құжатты жүктеу (қазақ тілінде)