Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі.

Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді.

Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» – «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.

 

Ескерту! 

Бүгінде елімізде 1900-ден астам дайындық орталықтары бар. Соңғы кезде оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына дайындауға қатысты кейбір білім беру қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдар мен жеке тұлғалардың өз сайттарында және жарнамалық материалдарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми логотипін заңсыз қолдану мен дайындық тесттік тапсырмалар жинағын шығару оқиғалары жиі кездесуде, сондай-ақ конкурстық іріктеу шарттары мен Зияткерлік мектептерде білім алуға бөлінген гранттар саны туралы жалған ақпарат беруде.

Осыған орай, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге дайындық қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдармен, жеке тұлғалармен бірлесе жұмыс жүргізбейтінін ресми хабарлайды.