жаңалықтар

20.01.22

Байқау сынағы!

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 7-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін 2022 жылғы 22 қаңтардан 5 ақпанға ауысқандағын хабарлайды.

22.12.21

📍 НЗМ-ГЕ ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ ‼

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (2022-2023 жаңа оқу жылына) жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7 сыныпқа қабылдау үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау басталады.

21.12.21

Бос жұмыс орындары

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына конкурстық іріктеу жариялайды

20.12.21

«30 қайырымды  іс» акциясы аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 11 А сыныбының ата-аналары мен педагог-ұйымдастырушы-кураторы Сандуғаш Пшенбаева ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай “30 қайырымды іс” науқаны аясында елорда іргесіндегі Қобыланды батыр ауылының орта мектебіне қолдау көрсетті. 

16.12.21

Ертеңіме сенемін

Нұр-Сұлтан қаласы NIS халықаралық бакалавриат мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі тойланды.

15.12.21

Әріптестік нәтижелі болмақ

10-12 желтоқсанда Баку қаласында “Тәжірибе негізінде оқыту” тақырыбындағы IB мектептерінің (International Baccalaureate) конференциясына NIS халықаралық бакалавриат мектебінің өкілдері қатысты.

10.12.21

«Eco Jeli» өз жұмысын бастады

Бүгін елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектебінде NIS-тің барлық экологиялық клубтарын біріктірген «Eco Jeli» атты жаңа жобасы салтанатты түрде ашылды.

06.12.21

Ауыл мектептерін қолдау семинары

  Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қарағанды облысы, Нұра ауданының “Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебімен” тәжірибе алмасу және оқушыларды дайындау бойынша семинар сабақтары өтті.

04.12.21

“30 қайырымды іс” жобасы жалғасуда

  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қарсаңындағы “30 қайырымды іс” қайырымдылық акциясы аясында куратор Атанакова Эльмира Қажымұратқызы мен ата-аналар комитетінің өкілі Лайла Аулқанқызы бастаған 9″С” сынып оқушылары “Ерекше балалар”орталығына барды.

02.12.21

«30 қайырымды іс»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған “30 қайырымды іс” акциясына 8Е сыныбының оқушылары мен ата-аналар комитеті өз үлестерін қосты.

01.12.21

Бірғаным Батырбек үздіктер қатарында

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 В сынып оқушысы Бірғаным Батырбек «Kyev Open 2021» халықаралық спорттық бал билері турнирында жүлделі ІІ-орын иегері атанды.

29.11.21

Аида Давлетова республикалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан қаласы NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 11-сынып оқушысы Аида Давлетова республикалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды.

24.11.21

Жас математик үздік атанды

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Аркенов Тамерлан Haileybury Mathematics Olympiad 2021-2022 сайысында жүлделі ІІ орынды иеленді!  

23.11.21

Тәуелсіз елдің ертеңі бүгінгі күннен де жарқын

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай “Тәуелсіз елдің ертеңі бүгінгі күннен де жарқын” атты” TEDx пікірлер алаңы ұйымдастырылды.

22.11.21

Рекорд жаңарды

Мектебімізде ұзындыққа секіру бойынша рекорд жаңартылды.

20.11.21

Балаларға қуаныш сыйлады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында ұйымдастырылған “30 қайырымды іс” акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9В сынып оқушылары мен ата-аналар комитеті «Мамандандырылған балалар үйінің» тәрбиеленушілерімен кездесті.

19.11.21

Оқушылар арасындағы Quest game сайысы жалғасуда

Оқушылар арасындағы Quest game сайысы жалғасуда. Бұл жолы қабілеттерін 8-сынып оқушылары сынады.

18.11.21

Жақсылық – ізгілік бастауы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталған “30 қайырымды іс” акциясы аясында NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 11G және 11H сынып оқушылары мен ата-аналары астаналық жағдайы төмен үш отбасыға көмек қолын созды.

17.11.21

Мектебіміздің оқушысы үздіктер қатарында

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8Е сынып оқушысы Аркенов Тамерлан XXI ашық қалалық Жәутіков олимпиадасында математика пәнінен көрсеткен жетістіктері үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.

16.11.21

Оқушылар арасындағы Quest game

Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Тілдерді меңгерту кафедрасы, ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында квест-ойын өтті.

15.11.21

Салауатты ұрпақ – тәуелсіздік тірегі

Биылғы жыл – төл тарихымыздың айшықталып, тәуелсіздігімізге 30 жыл толуымен ерекше.

12.11.21

«30 қайырымды іс»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында ұйымдастырылған “30 қайырымды іс” акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8В сынып оқушылары мен ата-аналар комитеті «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығына» кітаптар, жылы сыртқы киім және аяқ киім және тб. тұрмысқа қажетті заттарды табыстады.

11.11.21

«Даналық бейсенбі»

«Даналық бейсенбі» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  психолог, ментор, арт-терапевт Елена Кочетовамен   онлайн кездесу өтеді. 

10.11.21

Дипломдық бағдарлама пәндері презентациясы

Нұрсұлтан қаласының NIS IB-де 10 – сынып оқушыларына арналған дипломдық бағдарлама пәндерінің презентациясы басталды.

09.11.21

Зағиптарға арналған құрылғы ойлап тапты

Нұр-сұлтан қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары көз жанары нашар көретін жандарға арналған   «Jazgysh»  атты оқытудың инновациялық әдісін ұсынды.

08.11.21

NIS-те желілік ғылыми жобалар конкурсы қорытындыланды

Бес күн бойы 300-ден астам жас зерттеуші сараптама комиссиясына өз өнертабыстарын ұсынды.

05.11.21

«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы мәресіне жетті

Бір аптаға созылған өлкетану экспедициясы өз мәресіне жетті. Жобаға тартылған 22 оқушы елорда жаныңдағы тарихи я маңызды маршруттар бойынша саяхаттады.

04.11.21

Жақсылық жасай білейік

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталған “30 игі іс” жобасына 7-сынып оқушылары да өз үлестерін қосты.

03.11.21

NIS IB мектебінің оқушыларының қайырымдылық акциясы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталған “30 қайырымды  іс” акциясы аясында NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 11 F сынып оқушылары мен  ата-аналары өткен демалыс күндері аз қамтылған көп балалы отбасына барды.

02.11.21

NIS ғылыми жобаларының желілік байқауы басталды

Еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінен 300-ден астам оқушы төрт бағыт бойынша 264 жоба ұсынады

01.11.21

«Үміт» дағдарыс орталығына көмек

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады.