жаңалықтар

Жазғы мектеп – 2023

Еліміздің барлық мектептерінің оқушыларын 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтетін дәстүрлі күндізгі форматтағы қызықты элективті курстарға шақырамыз.

NIS халықаралық бакалавриат мектебі өзекті тақырыптар бойынша қызықты Жазғы мектеп бағдарламасын әзірледі және біз ең сұранысқа ие екі пән: ағылшын тілі және робототехника бойынша оқытуды ұсынамыз.

Біздің курстардан Сіз:

  • әлеуметтік ортаңызды кеңейтіп, жаңа достар табасыз, командада жұмыс істеп үйренесіз.
  • тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен ағылшын тілі мен робототехника бойынша біліміңіз бен дағдыларыңызды тереңдетесіз.
  • ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын жетілдіресіз.

Осы жазды тиімді пайдаланыңыз! Біздің курстарға тіркеліп, тәжірибелі мұғалімдердің инновациялық бағдарламаларымен бірегей оқу тәжірибесіне ие болыңыз.

Курс құны: 14 000 теңге (ағылшын тілі мен робототехника кіреді).

Біліктілікті арттыру және жаңа көкжиектер ашу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Тіркелу ашық, орындар шектеулі!

Келіңіз! Назарбаев Зияткерлік мектептерімен білім мен жаңалықтар әлеміне еніңіз!