жаңалықтар

Жания Кеңес – шетелдің беделді университеттеріне шақырту алды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 12-сынып оқушысы Жания Кеңес шетелдің беделді университеттеріне шақырту алды

Жания АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан Parsons School of Design NYC университетіне және Лондон қаласындағы Istituto Marangoni London-ға шақырту алды. Алдағы уақытта Жания «Fashion Management» бағыты бойынша білім алатын болады.

Айта кететіні, аталмыш оқу орындары QS рейтингісі бойынша «Сән» саласындағы ең үздік 3 университет қатарында.

– Parsons университетінде оқу менің бала күнгі арманым. Сол арманға жету үшін 9-сыныптан бастап еңбек еттім. Қазір еңбегімнің жемісі ретінде оқу орнына шақырту алып отырмын.  Бұл болашақ түлектер үшін тағы бір мысал болады деп үміттенемін. Армандаудан қорықпаңыз және жалықпаңыз. Әрқашан өзіңізді барлық жағынан сынап, тәуекелге бару керек, – дейді Жания Кеңес.