жаңалықтар

«Жергілікті ақын-жазушылар туралы репортаждар» байқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
ұйымдастыруымен «Жергілікті ақын-жазушылар туралы репортаждар» байқауы өткізіліп, нәтижелері жарияланды.
Аталған шарада Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық
бакалавриаттың 8-сынып оқушылары алдыңғы қатарға шығып,   Бекет Сафиянұр 1-орын иеленсе, Оспан Айжібек, Абдылдабек Нұрай  2-орын дипломадарымен марапатталды.

 

Оқушылар  өз зерттеу репортаждары арқылы жазушы Нұртөре Жүсіп Байтілесұлының, ақындар – Бауыржан
Қарағызұлы мен Серікбол Хасанның шығармашылық көркем әлемін танып, НЗМ желісінде, қалың оқырманға танытуға белсенді үлес қосты.

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Т.Байжанова