жаңалықтар

«Ашық есік» акциясы өтті

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде үміткерлер мен ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті

Төрт кезеңге бөлінген іс-шараға 300-ге жуық оқушылар мен ата-аналар қатысты. Жиналған келушілер алдында сөз алған мектеп директоры Сабыржан Садуақасов зияткерлік мектептің артықшылықтары және оқу бағдарламасының ерекшелігі жайында сөз қозғады.

Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулмира Абишева іріктеу тестілеуі, оқу -тәрбие процесі жайлы баяндап, үміткерлер үшін қажетті маңызды ақпараттармен бөлісті. Мектеп ұстаздарынан құралған еріктілер тобы келушілер үшін мектепке саяхат жүргізді. Саяхат барысында кітапхана, спорт зал, жаттығу залдары, оқу кабинеттері, асхана, медициналық және түрлі үйірмелер өтетін кабинеттер көрсетілді.