Жаңалықтар

Елордадағы Халықаралық Бакалавриат оқушысы V ашық республикалық байқауда ІІ орынға ие болды

NIS IB оқушысы Серебренникова Маргарита «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» V ашық республикалық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Маргарита республикалық байқаудың «Мен мамандықтар әлемінде» әдеби шығармашылық номинациясы бойынша қатысып, эссесі жүлдеге ие болды. Ал Маргаританың жетекшісі Гүлден Сыздыковаға аталған байқаудың әдеби шығармашылық номинациясы бойынша жеңімпаз дайындағаны үшін «Ұлағат» шығармашылықты дамыту орталығы мен «Балалар мен жеткіншектер сарайы» атынан алғыс жарияланып, Алғыс хат табысталды.

Мектеп қауымдастығы атынан Маргаританы жеткен жетістігімен құттықтаймыз! Жетекшісі Гүлден Сыздыкованың асуларды бағындырған жеңімпаз оқушылары көбейе беруіне тілектеспіз!