жаңалықтар

Аида Давлетованың жарқын жеңісі

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 12-сынып оқушысы Аида Давлетова Республикалық пәндік олимпиадада География пәнінен алтын медаль иегері атанды

Жас олимпиадашыны тартысты бәйгеге дайындаған жетекшілері мен тренерлері Меруерт Омралина және Лаура Абдезимова.

Айта кетейік, Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша NIS құрамасы қайтадан еліміздің ең үздік командасы атанды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бесінші рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамасы еліміздің «Ең үздік олимпиадалық командасы» деп танылды.