Оқу бағдарламасы

Халықаралық Бакалавриат (IB) негізгі мектеп бағдарламасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың қараша айында негізгі мектеп бағдарламасы бойынша Халықаралық Бакалавриаттың авторизациясын алды. Бүкіл әлем бойынша Халықаралық Бакалавриат мектептері ортақ философиямен бөліседі – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі біздің оқушылар үшін маңызды деп санайтын жоғары сапаларға, қызықты және халықаралық білімге деген ұмтылыс. Мектеп 12-16 жас аралығындағы 7-10 сынып оқушыларына арналған негізгі мектеп бағдарламасын ұсынады.

Үш білім беру бағдарламасының кез келгенін: бастауыш мектеп бағдарламасын (PYP), негізгі мектеп бағдарламасын (MYP) немесе дипломдық бағдарламаны (және ХБ-да кәсіптік бағдарланған білім беру сертификатына қосымша) ұсыну құқығын Халықаралық Бакалавриат ұйымының авторизациясын алған мектептер пайдаланады.

Негізгі мектеп бағдарламасындағы оқытудың өзегі оқушы болып табылады. Бұл ХБ-ның оқушының тұлға ретінде жан-жақты және рухани дамуына деген сенімін, сондай-ақ оның өзін-өзі оқытудың маңыздылығына деген сенімін көрсетеді. Негізгі мектеп бағдарламасы студенттерді табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі рөлі туралы білуге бағыттау үшін жасалған. Бағдарлама мектеп ұсынатын ХБ дипломдық бағдарламасында оқуға өз бетінше дайындықты қамтамасыз етеді.

      Мектеп негізгі мектеп бағдарламасында келесі пәндерді оқытуды ұсынады

Тілі мен әдебиеті

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Тілді меңгеру

Қазақ, орыс және ағылшын

Математика

Математика

Адам және қоғам

Қазақстан тарихы және география, дүниежүзі тарихы, әлеуметтік ғылымдар, экономика, қоғамдық ғылымдар негіздері

Ғылым

Интеграцияланған ғылымдар, Биология, Физика және Химия

Дизайн

Дизайн

Өнер

Бейнелеу өнері және Драма

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық Бакалавриаттың электрондық сайтына кіріңіз: https://www.ibo.org/