CAS

CAS – адам ретінде жеке тұлғаның өсуі тек академиялық оқуға ғана емес, тәжірибеге, оның әр түрлі жетістіктеріне байланысты. CAS бағдарламасы оқушыларға шығармашылық, физикалық және әлеуметтік жобаларға жеке қатысу арқылы «тәжірибе арқылы білім алуға» мүмкіндік береді.

“CAS – дипломдық бағдарламаның жүрегі”, яғни оның құндылықтарының шоғырлануы: C – Creativity, яғни шығармашылық, A – Activity, – әрекет (белсенділік, спорт, салауатты өмір салты), S – Service (қызмет көрсету, мұқтаж адамдарға ерікті және риясыз көмек), бұл сөздердің астарында оқушылардың үш маңызды құндылықтары тұр:

1. Шығармашылық өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамыту, жаңа формаларды іздеу

2. Қазіргі қоғамның проблемалары мен қарама-қайшылықтарын түсіну, жақын ортадағы, жергілікті қауымдастықтағы мәселелерді көре білу және осы мәселелерді шешуге нақты жеке белсенді үлес қосу мүмкіндігі, әлеуметтік әлсіз немесе қорғалмағандарға көмектесу мүмкіндігі мен тілегі, азаматтық ұстаным және қала тұрғынының жауапкершілігі ұғымын игеру.

3. Денсаулық, қозғалыс, дене шынықтыру дене мәдениеті және тіршілікті сақтау тәсілі ретінде – тұрақты жаттығуларға, пайдалы тамақ өнімдеріне, салауатты әдеттерге ұмтылу

CAS дипломдық бағдарламада оқитын барлық оқушылар үшін міндетті компонент болып табылады.

Диплом алу үшін оқушы:

• Дипломдық бағдарламаның 18 айынан кем емес мерзімде әр түрлі іс-шараларға тұрақты қатысу
• Ұзақтығы кемінде бір ай болуы тиіс, сондай-ақ CAS-тың барлық 5 кезеңін қамтитын кемінде бір “жобаға” қатысу
• Барлық жеті CAS оқу нәтижелеріне қол жеткізу

• CAS шеңберіндегі іс-шаралар топтық және жеке болуы керек
• CAS портфолиосын блог түрінде жүргізу және барлық CAS іс-шараларын / жобаларының есебін жүргізу
• CAS оқыту нәтижелеріне қол жеткізу дәлелдерін қоса алғанда, айына кемінде бір рет портфолиоға рефлексивті посттар қою

  • Адвайзерімен немесе CAS үйлестірушісімен үш сұхбат алу
  • Шығармашылық, белсенділік және қызмет көрсету арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету
  • Әр апта сайын CAS рефлексия сабақтарына қатысу (кестеге сәйкес)
  • Әдетте 1-ші оқу жылының соңында ұйымдастырылатын CAS сапарына бару