«100 ән» ұлттық жобасының мақсаттары:
- Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» сынды жолдауларының негізіндегі басты идеяларды жүзеге асыру;
- Өткен тарих пен бүгінгі жаңашылдықты сабақтастыру;
- Оқушыларды ұлттық өнерге баулу;
- Ұлттық ән мен күй арқылы рухани әлемін байыту;
- Ұлт өнеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру.
Мектебімізде аталмыш жобаны жүзеге асыруда өткізілетін іс-шаралар:
- Домбыра үйірмесі;
- Вокал үйірмелері және хор;
- Мектепшілік оркестр;
- Домбырашылар флешмобы;
- Ұлттық әндер фестивалі;
- «Әнді тап» байқауы;
- Шеберлік сағаттары және т.б.
«100 ән, 100 күй» жобасы аясында Нұр-сұлтан қаласының ХБ НЗМ-де “Құлақтан кіріп бойды алар…” республикалық онлайн вебинары өтті. Аталған вебинарды жоба үйлестірушісі, ұйымдастырушы-педагог-куратор Қ. О. Оралбекова өткізді.
16.04.2020
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Халықаралық Бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұлы ақынның “Желсіз түнде жарық ай” әнін пандемиялық жағдайға байланысты онлайн орындады
27.04.2020
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін 8«Н» сынып оқушысы Тінәлі Інжу орындады
28.04.2020
«100 ән» жобасы аясында 7А сынып оқушылары түрлі музыкалық аспаптарда «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
28.04.2020
Нұр-Сұлтан қ. НЗМ ХБ-да МҮР (7-10кл) оқушылары арасында «Әуенді тап» музыкалық ойыны өтті. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Аталған ойынды педагог-ұйымдастырушы-куратор Т. Калиева өткізді.
04.05.2020