100 күй

«100 күй» ұлттық жобасының міндеттері

  • Оқушылардың рухани-құндылықтарын дамыту;
  • Күйшілік өнер тарихын өскелең жастардың зердесіне дарыту;
  • Оқушыларға патриоттық тәрбие беру; 
  • Домбыраға деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру; 
  • Ұлттық аспабымызды құрметтеуге баулу.

Мектебімізде аталмыш жобаны жүзеге асыруда өткізілетін іс-шаралар:

  • Барлық жетінші сынып оқушыларына домбыра үйрету;
  • Мектеп оркестрі; 
  • 1 желтоқсанға орай жыл сайын ұйымдастырылатын домбырашылар флешмобы;
  • Шеберлік сағаттар, куратор сағаттары т.б.

 Нұр-сұлтан қаласының НЗМ ХБ оқушылары атақты қазақстандық композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына орай «Ата толғауы» күйін орындап, әлеуметтік желілерде жаңа челлендж бастады.

 

14.04.2020

«100 күй, 100 ән» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының ХБ НЗМ-де “Құлақтан кіріп бойды алар…” республикалық онлайн вебинар өтті. Аталған вебинарды жоба үйлестірушісі, ұйымдастырушы-педагог-куратор Қ. Оралбекова  өткізді. 

 

16.04.2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап Нұр-Сұлтан қаласының ХБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің оркестрі Тоғжан Жахиннің  «Экспромтын» орындады.

Оркестр жетекшісі Нұрлыбек Қамбаров .

Сондай-ақ, оқытушы барлық домбыра сабақтарын онлайн форматта өткізеді.

 

09.05.2020

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай «Айттым сәлем, Қаламқас»  әнін 8″Н” сынып оқушысы Тінәлі Інжу орындады

 

28.04.2020

«100 ән» жобасы аясында 7А сынып оқушылары түрлі музыкалық аспаптарда «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

 

28.04.2020

Нұр-Сұлтан қаласындағы НЗМ ХБ-тың МҮР (7-10 сынып) оқушылары арасында «Әуенді тап» музыкалық ойыны өтті. Ойын үш кезеңнен тұрды. Бұл ойынды ұйымдастырушы-куратор педагог Т.Н. Калиева  өткізді.

 

04.05.2020