Ішкі тәртіп ережесі

2024 жылдың 15 тамыз  (№ 42  хаттама)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының

шешімімен бекітілген

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған ішкі тәртіп Ережесі

1.Жалпы ереже

1.Білім беру қызметін жүзеге асыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) оқушыларына арналған ішкі тәртіп Ережесі (бұдан әрі – Ереже), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – ДББҰ) Жарғысы, ДББҰ 2035 жылға дейінгі стратегиясы, ДББҰ білім беру қызметінің Ережесіне сәйкес жасалған.

2.Осы Ереже оқушылар үшін білім беру процесінің тәртібін, мектеп формасы мен сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды анықтайды, оқушылардың құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, ғимаратта, Зияткерлік мектептің аумағындағы және барлық сабақтан тыс ісшаралардағы оқушылардың мінез-құлқының негізгі нормалары мен ережелерін айқындайды, оқушыларды мадақтау, даулы мәселелерді шешеді, оқушылардың заңды өкілдерімен өзара әрекетті ұйымдастырады.

  1. Ереженің мақсаты – мектептегі қоғамдастық мүшелерінің бір-біріне құрмет көрсетуі негізінде оқушылардың академиялық және әлеуметтік өсуіне жағдай туғызатын қауіпсіз, ыңғайлы оқу ортасын құру.

4.Бұл Ережені мектеп оқушылары орындауы міндетті.

5.Бұл Ереже ДББҰ және Зияткерлік мектептердің ресми сайттарында қолжетімді.

6.Зияткерлік мектептің әкімшілігі, педагог-ұйымдастырушы-кураторлары ережені таныстыруға міндетті:

  – конкурстық іріктеуге қатысу құжаттарын қабылдау барысында және Зияткерлік мектепке қабылдау туралы өтініш беруде заңды өкілдерді аталған құжатпен таныстырып, қолын қойғызады;

  - жыл сайын оқу жылының басында кураторлық сағаттарда осы Ереженің 1қосымшасына сәйкес, ДББҰ нормативтік құжаттарымен танысу журналына оқушының қолтаңбасын қойғызып, таныстырады.

7.Осы Ережемен реттелмеген мәселелер ДББҰ–ның бекітілген нормативті актілеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

2.Зияткерлік мектептердегі білім беру процесінің тәртібі

8.Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектепке қолжетімділік (кіру/шығу) Бақылау жүйесі мен Басқарудың қолжетімділік тетігі арқылы жүзеге асырылады.

9.Білім беру процесіне қатысы болмаса, оқушылардың Зияткерлік мектептерде болуына рұқсат берілмейді:

  • оқу сабақтары аяқталғаннан кейін;– демалыс және мереке күндері.
    1. Оқу сабақтары сабақ кестесіне сай, Зияткерлік мектеп директорларының бекітуімен және жыл бойы директордың оқу ісі, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының реттеуімен өткізіледі.

        Зияткерлік мектептердегі академиялық сағаттардың ұзақтығы – 40 минут. Зияткерлік мектептер алдын–ала ДББҰ–мен келісе отырып, 1 сағаттық (60 минут) академиялық сабақтарды өткізуге құқықтары бар. Сабақ арасындағы үзіліс ұзақтығы 5-20 минуттан кем болмайды.

  1. Оқу процесінің жалпы ұзақтығы, соның ішінде оқу жүктемесінің мөлшері, оқу күндерінің тәртібі ДББҰ-ның білім беру Ережесіне сай реттеледі.

3.Оқушылардың сыртқы келбеті мен мектеп киім үлгісіне қойылатын талаптар

  1. Оқушылардың сыртқы келбеті жалпыға бірдей қоғамдық нормаға сай іскерлікстильде болуы керек және оғаш детальдарды қолдануға жол берілмеуі қажет.
    • ұлдар үшін (ұлдарға) – қысқа классикалық шаш үлгісі;
    • қыздар үшін (қыздарға) – ұзын шаш жинаулы, орташа ұзындықтағы шаш қыстырғыштарымен қыстырылуы қажет.
  2. Зияткерлік мектептерінде оқушылардың мектеп киім үлгісі бекітілген, оның үлгісі ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітіледі және ДББҰ мен Зияткерлік мектептердің ресми сайтында қол жетімді.
  3. Мектеп формасын енгізу оқытудың зайырлы сипатын жүзеге асыруға жәнеоқушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және басқа да айырмашылықтарды жоюға бағытталған.
  4. Мектеп киім үлгісінің талаптары:
  • киім стилі – іскерлік, классикалық;
  • бірыңғай мектеп киім үлгісі күнделікті және спорттық болып бөлінеді.

Күнделікті мектеп формасы бірыңғай ақ және көк спектрдегі классикалық жейдемен бірге киіледі. Міндетті элементтер – галстук және шеврон. Ақ түсті жағасы бар поло киюге рұқсат етіледі. Аяқтың тобық ұзындығын жабатын еркін кесілген қыздар мен ұлдарға арналған шалбар, қыздарға арналған юбкалардың ұзындығы тізеден төмен.

   Спорттық форма (спорттық шалбар және бос футболка) тек дене шынықтыру сабақтарында, спорттық үйірмелер мен секциялар сабақтарында, туристік жорықтар кезінде киюге арналған.

  1. Мектеп киім үлгісін кию кезінде тыйым салынады:
  • ауыстырып киетін аяқ киім ретінде аяқ киімдердің артқы бөлігі жоқ түрлері

((шәркей, «сүйретпе» т.б.) 4,5 см-ден астам биік өкшелі аяқ киім кию керек;

  • діни нанымдарды білдіретін белгілер мен киімдерді: хиджаб (шашты, мойынды жабатын бас орамал) никаб, бурка, чадра, паранджа, сикх тюрбандары мен иудей бас киімдерін, «ірі» христиандық крестерді және т.б.) киюге;
  • дене мүшелерін жалаңаштауға (қарын, бел, кеуде);
  • көзді жауып тұратын кекіл қоюға, сонымен қатар “панки” үлгісінде шаш қиюға, ұлдарға шаш, сақал, мұрт өсіруіне;
  • шашты әр түрлі ашық түсті бояулармен бояуға;
  • ашық түсті косметикамен боянуға, тату салу;
  • көз тартатын әшекейлерге, пирсингтерге, ашық түсті маникюр жасауға.
  1. Зияткерлік мектептердің оқушылары мектеп формасынсыз оқу сабақтарына жіберілмейді. Мектеп формасы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда, педагог немесе педагог-ұйымдастырушы-куратор осы Ереженің 2-қосымшаға сәйкес бұзушылық туралы акт жасайды және сыртқы түрін Ережеге сәйкес келтіру үшін оқушыны заңды өкілімен бірге үйіне қайтаруға құқылы.

4. Зияткерлік мектеп оқушыларының негізгі құқықтары мен міндеттері

  1. Оқушылар төмендегідей құқықтарға ие:
  • Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға;
  • шеттетуге, төмендетуге, мазақ қылуға, балағат сөздер айтуға жол берілмейтін ыңғайлы қауіпсіз ортада оқуға;
  • оқу үрдісі, сондай-ақ оқу үлгерімі туралы ақпарат алуға;
  • Зияткерлік мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысына қатысуға;
  • ақпараттық ресурстарды, спорттық, оқырман залдарын, акт залын, компьютерлік сыныптарды, кітапханадағы оқулықты, оқу-әдістемелік кешендерді және нұсқаулықтарды тегін пайдалануға;
  • оқудағы және шығармашылықтағы жетістіктері үшін марапатталуға;
  • сабақ арасындағы үзілістерге, демалыстарға;
  • Зияткерлік мектептерде өткізілетін элективті курстар, жобалар, клубтар, үйірмелер туралы ақпарат алу және зияткерлік, кәсіпкерлік, спорттық және шығармашылық бағыттардағы конкурстар мен жарыстарға қатысуға;
  • Зияткерлік мектептердің мамандары тарапынан әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, медициналық көмек алуға;
  • Зияткерлік мектептердің бірінен екіншісіне белгіленген тәртіппен ауысуға;
  • аталмыш Ережелерімен танысуға;
  • лайықты тәртіп түрімен және тәртіп бұзушылыққа қолданылатын шаралармен танысуға;
  • осы Ережелерді бұзғаны үшін негізсіз айыптаудан қорғау және дәлелдемелер беру мүмкіндігі.
  1. Оқушылар міндетті:
  • Осы Ереженің талаптарын және Педагогикалық кеңестің шешімін, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі ережелерін және ДББҰның басқа нормативті құжаттарын әкімшілік, педагогтар мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың оқу үрдісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы талаптарын орындауға;
  • Зияткерлік мектептің білім беру процесінің тәртібіне сай келуге және себепсіз сабақтан қалмауға;
  • Зияткерлік мектептің оқу бағдарламасының талаптарына сай білімді, тәжірибелік дағдыны, құзіреттілікті меңгеруге, үй жұмысын уақытылы орындауға;
  • Зияткерлік мектептердегі академиялық адалдық Ережесін сақтауға;
  • сыпайы және адал болу, мектеп қоғамдастығы мүшелерінің қадір-қасиеті мен тең құқықтарын құрметтеуге, өзге де жеке тұлғалардың, оның ішінде тілдік, гендерлік, ұлттық, діни және басқа да белгілер бойынша құқықтарына нұқсан келтіретін немесе бұзатын кез келген әрекеттерден аулақ болуға;
  • Заңды өкілдерге үлгерімі, тәртібі, сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруәрекеттері жайлы үнемі хабарлап отыруға;
  • Зияткерлік мектебінің бекіткен мектеп киім үлгісін сақтау, сырт келбетінің талапқа сай болуын қадағалауға;
  • денсаулығына қамқор болып, өзін-өзі дамыту мен рухани жағынан жетілдіруге ұмтылуға;
  • Зияткерлік мектеп мүліктеріне ұқыптылықпен қарап, сақтауға;
  • оқулық пен оқу құралдарын, жабдықтарды (музыкалық аспаптарды, техникалық оқу құралдарын) жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға;
  • оқу орнында, жеке шкафтарда, тамақ ішуге арналған арнайы орындарда тазалықты сақтауға;
  • Зияткерлік мектеп оқушыларының және қызметкерлерінің өмірлеріне әлауқатына қауіп төнетін болса, ол жағдай туралы әкімшілікке, мұғалімге, педагогұйымдастырушы-кураторға хабарлауға;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білу және оларға құрметпен қарауға;
  • Зияткерлік мектептің бекітілген жұмыс режиміне сәйкес арнайы бөлінген орындарда тамақ ішуге;
  • қоғамдық-пайдалы жұмыстарға және іс-шараларға қатысуға (сыныптарды, аумақтарды жинау, әлеуметтік жобаларға, практикаларға және т. б. қатысу).
  1. Зияткерлік мектепте оқу үрдісіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында оқушыларға тыйым салынады:
  • cебепсіз оқу сабақтарына, саптүзеулерге, таңғы жиындарға және басқа да жалпы мектептік іс-шараларға кешігіп келуге;
  • педагог-ұйымдастырушы-куратордың, әкімшіліктің рұқсатынсыз өзімен бірге алып келуге немесе Зияткерлік мектепке бейтаныс адамдарды шақыруға және мектеп аумағынан шығуға;
  • осы Ережеде бекітілгендей, сабаққа іскерлік стильге сай келмейтін лас, үтіктелмеген киіммен келуге;
  • түрлі фанаттық қозғалыстарға, кез–келген партияларға, діни ағымдарға және

т.б топтарға жататындықтарын ашық түрде жариялауға;

5)келесі заттарды және өнімдерді Зияткерлік мектепте және одан тыс жерлерде тұтыну, сату, тарату, мектеп аумағына әкелу, жарнама жүргізу: 

темекі және темекі емес өнімдер, темекі бұйымдары және темекі қоспалары бар

электрондық құрылғылар (оның ішінде электрондық темекі, вейп, IQOS (айкос), Glo, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтар, кальян, темекіні жылыту жүйелері, насвай және т. б.); спирттік және алкогольдік сусындарды (соның ішінде сыра, джин-тоник және т.

б. спирт және алкоголь бар сусындар), алкогольді ішімдіктерді құюға арналған ыдыстар, бөтелкелер және қалайы банкалар; энергетикалық сусындарды, еліткіш, уландырғыш заттарды, есірткі,

психотроптық және уытты заттарды, жануарлар мен жәндіктерге арналған улы заттар; мектепте және қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік, уытты не басқа да

мас күйінде болуы;

  • ұятсыз сөздер мен қимылдарды қолдану, балағат сөздерді қолдану.
  • карточкаларды, ставкаларды, лотереяларды және лотерея қызметін қоса алғанда, құмар ойындарға қатысу, сондай-ақ оларды тарату және жарнамалау;
  • Зияткерлік мектеп аумағына құмар ойындарға байланысты кез келгензаттарды (карталар, ойын чиптері және т. б.) енгізу, ойынға тәуелділікті көрcету (лудомания);
  • жылдам пайда табу үшін тауарларды немесе қызметтерді қайта сату сияқтыалыпсатарлық әрекеттермен айналысу;
  • жарылғыш, пиротехникалық, психотроптық, химиялық, отқа қауіпті заттардың, сіріңкелердің, оттықтардың, тез тұтанатын заттардың және білім беру процесінің талаптарына сәйкес келмейтін басқа да заттардың кез келген түрін әкелу;
  • діни нанымдарды насихаттау және (немесе) ұлтаралық араздықты қоздыру;
  • қарым-қатынастарды нақтылау үшін дене күшін қолдануға, кез келгеннысандағы бопсалаумен айналысуға, білім беру процесінің барлық қатысушыларына қандай да бір қысым көрсетуге;
  • интимдік және (немесе) сексуалдық сипаттағы кез келген іс-әрекеттердікөрсетуге, оның ішінде фото және бейне түсірілімдер жасауға не оларды пайдаланумен қорқытуға;     14) жыныстық қудалаудың кез келген түрін, соның ішінде интимдік және (немесе) жыныстық сипаттағы әрекеттерді, осындай әрекеттердің фото және бейне материалдарын жасау мен таратуды және оларды пайдалану немесе тарату қаупін төндіру;
  • мектеп қоғамдастығының мүшесіне, өзге де заңды және жеке тұлғаға психологиялық зиян келтіру (қорқыту, төбелес, бұзақылық, қорқытудың, кибербуллингтің барлық түрлері);
  • тыйым салынған аймақтарда және үй-жайларда (серверлік, кросс, мұрағаттық және қойма бөлмелері, шатырлар және т. б.) болу;
  • мектеп қоғамдастығы мүшелерінің жеке деректерін тарату, сондай-ақ, оқушылар мен басқалар арасында, соның ішінде сымсыз деректер құралдарын (AirDrop, WhatsApp, Telegram, Bluetooth және т.б.) пайдалануды қоса алғанда, сенімсіз ақпаратты түсіру, сақтау және беру, әсіресе бұл ақпарат Зияткерлік мектептің немесе оның мүшелерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірсе;
  • оқушылардың, қызметкерлердің, Зияткерлік мектеп әкімшілігінің, жеке және заңды тұлғалардың алдын ала келісімінсіз бұқаралық ақпарат құралдарына және / немесе Дүниежүзілік жаһандық желіге ақпарат беру;
  • мектеп қоғамдастығы мүшелерінің, өзге де жеке және заңды тұлғалардың рұқсатынсыз және білімінсіз басқа адамдардың заттарын пайдалану;
  • ДББҰ мен оның қоғамдастық мүшелерінің ар-намысы мен имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды тарату.

Зияткерлік мектеп оқушылардың электрондық құрылғылар, ұялы телефондар, фото және бейнекамералар, зергерлік бұйымдар, ірі ақша сомалары және т. б. сияқты кез келген жеке заттарын жоғалтқаны, бүлдіргені немесе ұрлағаны үшін жауап бермейді.

5. Оқушылардың тәртіп ережесі

  1. Оқушылар Зияткерлік мектепке сабақтың басталуына 10-15 минут қалғанда, сыртқы келбеті аталған Ереже талаптарына сай таза, үтіктелген мектептің бірыңғай киім үлгісін киіп келуі қажет.
  2. Оқушылар мектепке кіргеннен кейін сырт киімдерін жеке арнайышкафтарына қалдырады және қажет болған жағдайда аяқ киім ауыстырады.
  3. Оқушыларға қозғалысы шектеулі адамдарға [мүгедектерге] арналғанлифтілер мен санитарлық тораптарды қолдануға болмайды.
  4. Сабақтағы тәртіп:
  • оқушы сабақ басталмас бұрын өзінің жұмыс орнын және сынып жұмысынақажет барлық заттарды даярлап қоюы тиіс;
  • педагог қызметкері сыныпқа кіргенде оқушылар тұрып амандасады жәнемұғалім сәлемдесіп, рұқсат бергеннен кейін отырады. Сабақ кезінде сыныпқа кірген кез–келген ересек адаммен оқушылар амандасады;
  • оқушылар сабақ уақытын тек оқу және тәрбие мақсаты үшін пайдалануы тиіс. Сабақ кезінде шулауға, дауыс көтеруге, өзін және өзгені басқа сөздермен, ойындармен және сабаққа еш қатысы жоқ бөгде нәрсемен алаңдатуға болмайды;
  • сабақта тек оқу мақсатында ғана ұялы телефон, смартфон, планшет және басқа да техникалық құрылғыларды пайдалануға рұқсат етіледі. Оқу процесіне қатысы жоқ жағдайларда жоғарыда аталған құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді, оқушылар барлық техникалық құрылғыларды өшіріп, ұялы телефонды дыбыссыз режимге қойып, оны үстелден алып тастауы тиіс. Осы шартты бұзған жағдайда педагог қызметкер сабақ уақытында техникалық құрылғыны алуға құқылы. Осы талаптар бірнеше рет бұзылған жағдайда техникалық құрылғы оқушының заңды өкілдерінің қатысуымен ғана қайтарылады;
  • сабақ кезінде оқушыларға мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуғаболмайды. Қажет болған жағдайда оқушы педагогтан рұқсат сұрауы тиіс;
  • тек мұғалім сабақтың аяқталуы туралы хабарлағаннан кейін ғана оқушыларға сыныптан шығуға рұқсат етіледі.
  1. Үзіліс кезіндегі тәртіп. Үзіліс (сабақтар арасындағы уақыт):

1)сабақ кестесіне байланысты оқушыларға басқа кабинетке (қажеттілік болғанда)

ауысуға;

2)оқушылардың денесін шынықтыруына және демалуына бағытталған уақытта оқушыларға дәлізде асықпай жүру ұсынылады;

  • арнайы бөлінген орындарда тамақтануға;
  • ұялы телефонмен хабарласуға (қажеттілік болғанда); 5) мектеп кітапханасына баруға арналады.

Оқушыларға үзіліс кезінде тыйым салынады:

  • өзге адамдардың демалуына кедергі жасауға, қатты сөйлеуге, ұялы телефонмен де дауыс көтеріп сөйлесуге, айқайлауға, шу көтеруге;
  • бірін-бірі итеруге, заттарды лақтыру және кез келген мәселені шешу үшін физикалық күш қолдану;
  • баспалдақтар мен дәліздерде жүгіру, бір-бірін итеру және қоршау бойыменжүру.

26.  Асханадағы тәртіп:

  • Зияткерлік мектептің бекітілген жұмыс тәртібі бойынша тамақтану тек арнайы орындарда ғана рұқсат етілген;
  • оқушылар жеке бас тазалық ережесін сақтауы тиіс: асханаға шаштарын жинап, сырт киімсіз кіру, тамақтанар алдында қолдарын мұқият жуу;
  • оқушылар мектеп асханасына асықпай, итермелемей, кезекті бұзбай барады;
  • асханада шуламайды;
  • асханада тазалықты сақтау қажет, өзінен кейін үстелді жинап, қоқысты тастамау керек;
  • оқушылар буфеттен тамақ алғанда кезекке тұрып, асхана қызметкерлерінің талаптарын орындап, азық-түлікті сатып алу ережесін сақтайды.

27.  Сыныптан тыс шараларды өткізу кезіндегі тәртіп:

  • Қазақстанда немесе елден тыс мемлекеттерде өткізілетін шараларғаоқушылар қатыспас бұрын қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулықтан өтуге міндетті;
  • оқушылар көпшілік шаралар өткізу кезінде мұғалімнің, педагогұйымдастырушы-куратордың барлық нұсқауын қатал орындауы, жеке өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіретіндей кез–келген әрекеттерден бас тартуы тиіс;
  • оқушылар мектепте және мектептен тыс жерлерде жоғары мәдениет иеcі ретінде жергілікті дәстүрлерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді құрметтеуге, табиғатқа, жеке және топ мүліктеріне ұқыпты қарауы тиіс;
  • оқушылар тәртіпті сақтауы, қозғалыс бағыты белгілеген бағытты ұстануы, егер топ жетекшісі анықтаған болса, топтың орналасқан жерінде қалуы және іс-шара өтетін жерге осы Ережеде белгіленген сыртқы келбеті мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтай отырып, уақытылы келуі тиіс;
  • жеке бас тазалығын қатаң сақтау керек, денсаулығының төмендеуі немесе алған жарақаты туралы топ жетекшісіне дер кезінде хабарлау қажет;
  • ашық түрде от жағуға (алаулар, шырақтар, отшашулар, шартылдақтар, және

т.б.), оттың жалындануына себепші болатын химиялық, пиротехникалық және басқа да жарық арқылы берілетін әсерлерді ұйымдастыруға тыйым салынады.

6.Оқушылардың сабақтан қалуын рәсімдеу тәртібі

  1. Сабақтан қалудың дәлелді себептері:
  • оқушының сырқаттануы (анықтама қағазы);
  • дәрігердің қабылдауына бару (анықтама қағазы);
  • отбасы жағдайына байланысты оқу жылында 10 (он) күннен аспайтын мерзімде заңды өкілдің жазбаша берілген өтініші және міндетті түрде Зияткерлік мектеп директорының келісімімен сабақтан босатылуы;
  • оқу үдерісі аясында өткізілген пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және басқа да шараларға қатысу;   
  • мектептен тыс ұйымдардың пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және басқа да шараларға қатысуы туралы өтінімі.
  1. Оқушы сырқаттануына байланысты сабақтан қалатын болса, ауырған күні бірден педагог-ұйымдастырушы-кураторға айтып, ал сабаққа келген бірінші күні анықтама әкелуі тиіс.

3.  Оқушы сабақтан Зияткерлік мектептің өткізіп отырған пәндік олимпиадаларына, жарыстарына және басқа да шараларға қатысуына байланысты қалатын болса, себебін педагог-ұйымдастырушы-куратор Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасына (БАББО орысша ЕИОС) жазады.

31.  Оқушы мектептен тыс ұйымдардың өтінімі бойынша сабақтан қалатын болса, төмендегідей тәртіп жүзеге асады:

  • заңды өкіл бір күн бұрын педагог-ұйымдастырушы-кураторды хабардар етеді және Зияткерлік мектеп директорының атына жазбаша өтініш береді, оған мектептен тыс ұйымнан ресми өтінім қоса беріледі;
  • оқушының заңды өкілінің өтініші негізінде директор өтінішхатты мақұлдау/бастарту туралы шешім қабылдайды. Зияткерлік мектеп директоры мақұлдаған жағдайда тиісті бұйрық шығарылады.
  1. Заңды өкілдер оқушының сабақтан қалған күндеріндегі бағдарлама материалының меңгерілуіне толық жауап береді.
  2. Дәлелсіз себептермен сабақтан қалу себептері туралы жазбаны педагог БАББО-да (орысша ЕИОС) сабақ сайын рәсімдейді. Дәлелсіз себептермен сабақтан қалған оқушылар осы Ережеде көзделген тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

7.Оқушыларды марапаттау (ынталандыру)

  1. Зияткерлік мектептің оқушылары оқуда жоғары нәтиже көрсеткені үшін, шығармашылық табыс, спорт, қоғам өмірінде белсенділік танытқаны үшін марапатталады.
  2. Марапат түрлері:
  • алғыс жариялау;
  • құрмет грамотасы, мадақтау қағазымен марапаттау;
  • «Жыл оқушысы» атағын беру;
  • «Жыл Шаңырағы» атағын беру;
  • ДББҰ ғаламтор ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында марапат туралы мақалалардың жарық көруі.
  1. Зияткерлік мектеп оқушыларын марапаттауды Мадақтау комиссиясы басқарады.
  2. Мадақтау комиссиясының құрамы мен жұмыс уақыты әр оқу жылындаЗияткерлік мектептің директорларының бұйрығымен бекітіледі. Мадақтау комиссиясын төраға басқарады, ал оның құрамына мұғалімдер, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар, Зияткерлік мектептің оқушылары, әр екі жыл сайын ауысып отыратын ата-аналар комитетінің өкілдері кіре алады. Мадақтау комиссиясы мүшелері өздерінің қызмет әрекетін 2 жыл өтеусіз негізде атқарады. Мадақтау комиссиясы құрамына тағайындалған адам тағайындалу мерзімі аяқталғаннан кейін Мадақтау комиссиясы құрамына қайтадан сайлана алмайды.
  3. Көпшілік алдында мадақтау сыныпта, «Шаңырақ» оқушыларқауымдастығында, мектеп жиналыстарында, Педагогикалық кеңес кезінде де ұйымдастырылады.
  4. Зияткерлік мектептің директоры аталған Ережеде қарастырылмаған өзге де мадақтау түрлерін ұйымдастыруына болады.
  5. Жеке және жалпы (ұжымдық) түрдегі, сондай-ақ оқушыға бір уақытта бірнеше мадақтау түрлерін қатар жүргізуге болады.
  6. Мадақтау Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді және оқушының жеке ісіне енгізіледі. Педагог-ұйымдастырушы-куратор оқушының заңды өкілдеріне, мектеп қоғамдастығына салтанатты түрде (мүмкіндігінше) мадақтау Бұйрығы туралы хабарлайды.

8.Оқушылардың жауапкершілігі

42.Тәртіп бұзушылық ауырлығы жағынан 3 түрге бөлінеді: 1)жеңіл;

2)елеулі;

3)маңызды.

  1. Жеңіл тәртіпсіздікке жататындар:
  • ұялы телефондарды, электрондық ойындарды және оқу үрдісін алаңдататын басқа құрылғыларды пайдалануды қоса алғанда, оқу сабақтары мен сабақтан тыс сабақтарды өткізу кезінде тәртіпті бұзу;
  • оқу сабақтарына, саптүзеулерге, таңғы жиынға, жалпы мектептің ісшараларына себепсіз кешігу;
  • мектеп формасына және оқушылардың сыртқы түріне қойылатын талаптарға сәйкес киінбеу, салақ, ұқыпсыз болу;
  • себепсіз үй тапсырмасын орындамай келу;
  • арнаулы орыннан басқа жерде тамақтану;
  • Зияткерлік мектептің аумағында, одан тыс жерлерде, ғимарат ішінде мінезқұлық ережесін бұзу;
  • Зияткерлік мектептің үй-жайларында, іргелес аумақта және асханада шулау, гигиена ережелерін сақтамау, кезектегі тәртіпті және тамақтанғаннан кейін жинамау, тазалықты сақтамау; Зияткерлік мектептің ішкі актілерінде көзделген мектеп компьютерлерін пайдалану ережелерін бұзу;
  • Зияткерлік мектептің мүлкін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың мүлкін абайсызда бүлдіру, зақымдау.
  • білім беру бағдарламасында қарастырылған оқыту және дамыту ойындарын қоспағанда, құрылғыда (компьютер, ноутбук, планшет, нетбук, смарт-сағат және т. б.) мектепте ойнау.
  1. Елеулі тәртіпсіздікке жататындар:
  • жеңіл тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылық жасалған күннен бастап 6 ай ішінде (екі және одан да көп) қайталануы, немесе бір мезгілде бірнеше жеңіл тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылық жасау;
  • оқу сабақтарына, элективті курстарға, үйірмелерге, секцияларға, клубтарғажәне сабақтан тыс іс-шараларға дәлелсіз себеппен катыспау (тоқсанына 3 реттен артық);
  • педагог-ұйымдастырушы-куратордың, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз бейтаныс адамдарды мектепке шақыру және / немесе мектептен кету;
  • карталарды, ставкаларды, лотереяларды және лотерея қызметін қоса алғанда, құмар ойындарға қатысу, сондай-ақ оларды тарату және жарнамалау;

Зияткерлік мектеп аумағына құмар ойындарға байланысты кез келген заттарды

(карталар, ойын чиптері және т. б.) енгізу, ойынға тәуелділіктің көрінісі (лудомания);

  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білмеу және құрметтемеу;
  • мектеп қоғамдастығы мүшелерінің және өзге де жеке тұлғалардың ар-намысымен қадір-қасиетін қорлау, оларға қысым жасау, құқықтарын бұзу ;
  • ерсі сөздер мен балағат лексиканы қолдану;
  • діни ағымдардың рәміздері мен атрибуттарын ашық көрсету немесе жыныстықбағдар білдіру және т. б.
  • оқушылардың, қызметкерлердің, Зияткерлік мектеп әкімшілігінің, жеке жәнезаңды тұлғалардың құқықтарына кері әсер келтіретін алдын ала келісімінсіз бұқаралық ақпарат құралдарына және / немесе Дүниежүзілік жаһандық желіге ақпарат беру;
  • мұғалімнің рұқсатынсыз сабақ кезінде сыныптан шығу;
  • міндетті қоғамдық пайдалы жұмыстар мен іс-шараларға қатысудан бас тарту (сыныптарды, аумақтарды жинау, әлеуметтік жобаларға, практикаларға қатысу және т. б.);
  • көпшілік, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде жауапты қызметкердің талаптарын, тұру орындарындағы тазалықты, сыртқы келбетін сақтамау, жергілікті дәстүрлерді, тарих және мәдениет ескерткіштерін құрметтемеу.
  1. Маңызды тәртіпсіздікке жататындар:
  • елеулі тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылықтың қайталануы;

елеулі тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылық жасалған күннен бастап 6 ай

ішінде (екі және одан да көп) қайталануы, немесе бір мезгілде бірнеше елеулі тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылық жасау

  • өзгелерді тілі, гендер, ұлты, діні және басқа да белгілерімен кемсіту;
  • діни көзқарастар мен ұстанымдарына қатысты өз ойын міндеттеу, ұлтаралық жауластыруды өршіту, зорлықты қолдау және үгіттеу;
  • Зияткерлік мектепте және одан тыс жерлерде келесі заттар мен бұйымдарды пайдалану, сату, тарату, мектеп аумағына әкелу және жарнамалау:
  • темекі және темекі емес өнімдер, темекі бұйымдары және темекі қоспалары бар электрондық құрылғылар (оның ішінде электрондық темекі, вейп, IQOS (айкос), Glo, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтар, кальян, темекіні жылыту жүйелері, насвай және т. б.);
  • спирттік және алкогольдік сусындарды (соның ішінде сыра, джин-тоник және т.

б. спирт және алкоголь бар сусындар), алкогольді ішімдіктерді құюға арналған ыдыстар, бөтелкелер және қалайы банкалар;

  • энергетикалық сусындарды, еліткіш, уландырғыш заттарды, есірткі, психотроптық және уытты заттарды, жануарлар мен жәндіктерге арналған улы заттар;
  • Мектепте және қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік, не басқа да мас күйінде болуы.
  • Зияткерлік мектеп аумағында, сондай-ақ мектептен тыс іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу;
  • кез келген қару түрлерін, өткір, кесетін, тесетін заттарды, жарылғыш,пиротехникалық, психотроптық химиялық, отқа қауіпті заттарды, сіріңкелерді, оттықтарды, тез тұтанатын заттарды және білім беру процесінің талаптарына сәйкес келмейтін басқа да заттарды алып жүру және тарату;
  • Зияткерлік мектептің, мектеп қауымдастығы мүшесінің, заңды және жеке тұлғаның мүлкін қасақана бүлдіру;
  • жыныстық қудалаудың кез-келген түрінің көрінісі, соның ішінде интимдік және (немесе) жыныстық сипаттағы әрекеттер, осындай әрекеттердің фото және бейнематериалдарын жасау және тарату, сондай-ақ оларды пайдалану немесе тарату қаупін төндіру;
  • мектеп қоғамдастығының мүшесіне, өзге де заңды және жеке тұлғаға (қорқыту, төбелес, бұзақылық, интимдік және/немесе жыныстық сипаттағы ісәрекеттер), сондай-ақ буллингтің, кибербуллингтің барлық түрлері) психологиялық және физикалық зиян келтіру;
  • мектеп қоғамдастығы мүшелерінің, өзге де жеке және заңды тұлғалардыңрұқсатынсыз және білместен басқа адамдардың заттарын ұрлау, пайдалану;
  • ДББҰ-ның және оның қоғамдастық мүшелерінің ар-намысы мен имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды тарату ДББҰ – ның ар-намысы мен имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды және оның қоғамдастық мүшелерін, соның ішінде дербес деректерді, фотосуреттерді, аудио және бейнежазбаларды тарату, сондай-ақ сымсыз деректерді беру құралдарын (AirDrop, WhatsApp, Telegram, Bluetooth және т. б.) немесе мұндай ақпаратты тиісті тұлғалардың алдын ала келісімінсіз бұқаралық ақпарат құралдарына және/немесе дүниежүзілік желіге беру;
  • Зияткерлік мектептерде оқушылардың академиялық адалдығын сақтауережелерін бұзу;
  • педагог-ұйымдастырушы-куратордың, әкімшіліктің рұқсатынсыз Зияткерлікмектеп аумағынан шығу;
  1. Оқушы тәртіптік бұзушылықтар жасаған жағдайда педагог және / немесе педагог-ұйымдастырушы-куратор осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті акт жасайды.

Елеулі тәртіптік бұзушылықтар болған жағдайда педагог, педагогұйымдастырушы-куратор, әкімшілік осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес тәрбиелік ықпал ету шараларын қолданады.

  1. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіпті нығайту жөніндегіжұмысты ұйымдастыру мақсатында Зияткерлік мектепте оқушылар арасында тәртіптік комиссия құрылады.

Тәртіптік комиссия тәртіп бұзушылықтардың елеусіз, елеулі және маңызды түрлерін қарастырады.

  1. Тәртіп комиссиясы құрамы мен жұмыс уақыты Зияткерлік мектепдиректорының бұйрығы негізінде әр оқу жылында бекітіліп отырады. Тәртіп комиссиясын төраға басқарады, оның құрамына мұғалімдер, педагог-ұйымдастырушыкураторлар, оқушылар, ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері өздерінің қызмет әрекетін 2 жыл өтеусіз негізде атқарады. Тәртіп комиссиясы құрамына тағайындалған адам тағайындалу мерзімі аяқталғаннан кейін Тәртіп комиссиясы құрамына қайтадан тағайындала алмайды.
  2. Тәртіп комиссиясы қажет болған жағдайда Төрағаның шақыруымен өз мәжілістерінде құзырына жататын төмендегі мәселелерді қарастырады.

1) Тәртіптің жағдайын талдау:

  • оқушылар арасындағы пәннің жай-күйін зерделеу және талдау;
  • тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тәрбие жәнепрофилактикалық жұмыстың тиімділігін талдау; 2) жанжалды жағдайлар:
  • оқушылардың тәртіпті бұзуына байланысты жанжалды жағдайларды

қарастыру;

  • жанжалдардың себептерін анықтау және болашақта олардың алдын алушараларын әзірлеу;

3) осы қағидаларды бұзу :

  • осы Ережелерді және ДББҰ-ның басқа да нормативтік құжаттарын бұзу жағдайларын қарастыру;
  • ережені бұзған оқушыларға қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын анықтау;

4) оқушылардың дербес істері:

  • бұзушы оқушылардың жеке істерін қарау;
  • кінә дәрежесін бағалау және тиісті тәртіптік жаза шараларын анықтау;5) Педагог-ұйымдастырушы-кураторлармен және заңды өкілдермен жұмыс:

-тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы педагог-ұйымдастырушы-кураторларды тыңдау;

  • тәрбие шараларын үйлестіру үшін мектеп пен оқушылардың заңды өкілдеріарасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету; 6) есепте тұрған оқушыларды бақылау:
  • бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылған оқушылардың мінез-құлқынбақылауды жүзеге асыру;
  • осындай оқушылармен жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу;7) профилактикалық жұмыс:
  • құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды спорт секцияларына, үйірмелерге,қоғамдық пайдалы жұмыстарға және басқа да сабақтан тыс іс-шараларға тарту;
  • құқық бұзушылыққа бейім оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру;
  • балаларды тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жақсартуға бағытталғанотбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізу;

8) дәлелдемелерді бағалау және шешімдер қабылдау:

  • тәртіпті бұзуға қатысты ұсынылған дәлелдемелерді қарастыру;
  • фактілер мен дәлелдер негізінде оқушыларды жауапкершілікке тарту немесетартпау туралы негізделген шешімдер қабылдау.
  1. Тәртіп комиссиясының мәжілісі мүшелерінің үштен екісі қатысқан жағдайда толық құқылы болып есептеледі. Тәртіп комиссиясының шешімі мәжіліске қатысқан оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Тәртіптік комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады және соңғы шешімді Зияткерлік мектеп директоры қабылдайды.

Шешім Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді және оқушының жеке ісіне енгізіледі.

  1. Тәртіп бұзушылықты қарастырудың негізі болып табылады:

1)Зияткерлік мектеп директорына мектеп қоғамдастығының мүшелері, зардап шеккен немесе өзге де тұлғалар ұсынған өтініш, шағым, жазбаша немесе ауызша нысандағы хабарлама, бұзушылық туралы акт;

2)тәртіпсіздік әрекет жасаған оқушылардың өтініші (хабарламасы).

  1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары оқушының заңды

өкілдерінің бірін оқушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы хабардар етуге, оқушымен заңды өкілден жазбаша нысанда түсініктемені 1 (бір) күн ішінде ұсынуын талап етуге құқылы.

Оқушы түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда акт жасалады, оған педагогтар, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар және әкімшілік-басқару персоналы қатарынан үш адам қол қояды.

  1. Оқушы жазбаша түрде түсініктеме беруге қарсы болған жағдайда оғантәртіпсіздігі жөніндегі шараны қолдануға кедергі жасалмайды.
  2. Зияткерлік мектеп қызметкерінің тікелей немесе жанама қызығушылығы бар оқушы бойынша тәртіп бұзушылық туралы шешім қабылдауға қатысуға жол берілмейді (мысалы, педагогқа қатысты тәртіп бұзушылық жасаған оқушы). Бұл қызметкер куәгер бола алады, бірақ шешім қабылдауға немесе Комиссия мүшелеріне әсер етуге құқығы жоқ. Осы талапты сақтамау шешім нәтижелерін жарамсыз деп тануға әкелуі мүмкін.
  3. Жасалған тәртіпсіздік әрекетін қарастыру барысында Тәртіп комиссиясыкелесі жағдайларды тағайындайды:
  • тәртіптік теріс қылық шынымен орын алды ма (теріс қылық фактісі);
  • ол қайда, қашан, қандай жағдайда және қандай мақсатта жасалды (орны,

уақыты, тәсілі) ;

  • нені білдірді;
  • тәртіп бұзушылық жасаған адам;
  • нақты оқушылардың әрекетіндегі (әрекетсіздігіндегі) кінәлілік, бірнеше адамтеріс қылық жасаған кезде әрбір оқушының кінәсінің нысаны мен дәрежесі;
  • теріс қылықтың салдары қандай;
  • оқушының жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;
  • оқушының тәртіптік жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар;
  • оқушының бұрынғы және кейінгі мінез-құлқы;
  • теріс қылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар;
  • тәртіптік теріс қылықтың ДББҰ имиджіне әсері;
  • комиссия мүшелері немесе процестің басқа да қатысушылары арасындағыкез келген ықтимал мүдделер қақтығысы немесе біржақтылық;
  • жиналған дәлелдемелердің Зияткерлік мектептің құқықтық нормалары менішкі қағидаларына сәйкестігі;
  • тәртіптік теріс қылықтың басқа оқушыларға және мектеп қоғамдастығына

әсері;

  • тәртіптік теріс қылықты дұрыс және объективті қарау үшін маңызы бар басқада фактілер.
  1. Тәртіптік мәселесіне қатысушыларының біреуі келмей қалған жағдайда мәселені қарастыруды кейінге қалдыру үшін негіз бола алмайды. Бұл жағдайда басқа тұлғалардан алынған түсініктемелер мен бар материалдар қарастырылып зерттеледі.
  2. Тәртіп комиссиясы кез–келген тәртіпсіздік әрекетті жасау белгілерінің болуы немесе болмауы жағдайына қатысты маңызы бар дәлелі ретінде мәлімдеулер, факт мәліметтердің негізінде тәртіп бұзушылықты тағайындайды.

Барлық дәлелдемелер олардың дұрыстығы мен рұқсат етілгендігіне тексерілуі тиіс. Заңды немесе рәсімдерді бұза отырып алынған дәлелдемелерді пайдалануға болмайды.

Тәртіптік комиссия істі жан-жақты және объективті қарау үшін қосымша материалдар мен ақпаратты талап етуге құқылы. Тәртіптік комиссия ұсынылған дәлелдемелердің түпнұсқалығы мен маңыздылығын анықтау үшін мамандарды (мысалы, цифрлық дәлелдемелерді тексеру үшін IT мамандарын) тарта алады.

  1. Дәлелдер ретінде рұқсат етіледі:
  • оқушының түсіндірмесі;
  • куәгерлердің түсіндірмесі; 3) заттай дәлелдер; 4) құжаттар.

5) сараптама нәтижелері (керек болса).

Түсіндірмелер – ауызша немесе жазбаша түрде хабарланатын оқушының тәртіпсіздік әрекетіне және тәртіптік жауапкершілігіне қатысы бар мәліметтер.

Заттай дәлелдер ретінде кез- келген заттар танылады:

1)тәртіпсіздік әрекетін жасаған кезде қолданылған;

2)оқушының әрекеті бағытталған жағдайлар;

3)тәртіпсіздік әрекетін жасау нәтижесінде алынған ақша, құнды және басқа да мүліктер;

4)тәртіпсіздік әрекетінің іздері сақталған заттар және құжаттар.

5)тәртіп бұзушылыққа байланысты электрондық құрылғылар мен цифрлық деректер.

Құжаттар – тәртіп жөніндегі жаза қолдану туралы сұрақты шешу үшін жазбаша

түрде мазмұндалған маңызы бар мәліметтер. Құжаттар жазбаша түрде, сондай-ақ басқаша түрде тіркелген мәліметтерді білдіруі мүмкін. Оған фото және кинотүсірілім материалдары, аудио және бейнежазбалар, электрондық хабарламалар мен хатхабарлар, бейнебақылау камераларынан алынған деректер, электрондық құжаттарды басып шығарылған көшірмелері, басқа да ақпарат тасушы көздер сияқты материалдарды жатқызуға болады.

  1. Тәртіп жөніндегі жаза Зияткерлік мектеп оқушысы ауырған жағдайда немесе себепті жағдайларда (ем қабылдауда болу, туған немесе туысқан адамдарының қазасына баруы, форс-мажор) салынбайды .
  2. Тәртіптік комиссия тәртіп бұзушылық жасаған оқушыға осы Ереженің 3қосымшаға сәйкес тәрбие шараларын қолданады.
  3. Тәртіп жөніндегі жаза шараларына жатады:

1)көпшілік алдында кешірім сұрау міндетін қою;

2)ескерту;

3)сөгіс;

4)қатаң сөгіс;

5)мектептен шығару.

  1. Тәртіп комиссиясының оқушыны мектептен шығару түріндегі шара қолдану туралы қорытындысы шыққан жағдайда, кезектен тыс Педагогикалық кеңес отырысы шақырылады. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оқушы Зияткерлік мектептен шығарылуы мүмкін.
  2. Тәртіп бұзушылық жасаған оқушылардың, сондай-ақ олардың заңды өкілдері құқылы:

тәртіптік бұзушылықты тергеу барысымен танысуға, түсініктеме беруге,

өтінішхат беруге, дәлелдеме беруге; түсініктеме беруден бас тартуға, бұл жағдайда тәртіптік комиссияның мүшелері

оқушының түсініктеме беруден бас тартуы туралы хаттама жасайды; шешім қабылданғанға дейін тәртіптік комиссия жұмысының нәтижелерін жария

етпеу туралы талап етуге; оқушыға қатысты шығарылатын бұйрықтар мен өзге де құқықтық актілердің

көшірмесін алуға.

  1. Егер оқушының тәртіп бұзушылық қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін қамтыса, Зияткерлік мектеп директоры болған оқиға туралы заңды өкілдерін, құзыретіне тәрбие жұмысын ұйымдастыру кіретін ДББҰ құрылымдық бөлімшесін, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін хабардар етеді.
  2. Оқушыға тәртіп жөніндегі жаза шараларын қолдану туралы шешім Тәртіпкомиссиясының немесе Педагогикалық кеңестің қорытындысы, олардың жасаған тәртіп бұзушылық фактілік дәлелдері бар материалдар негізінде Зияткерлік мектеп директорының жазбаша бұйрығымен бекітіледі.
  3. Оқушыға, оның заңды өкіліне тәртіп жөніндегі жазаны қолдану туралы негіздеме көрсетілген бұйрықтың көшірмесі олардан қолхат алу арқылы беріледі.

Оқушы бас тартқан жағдайда оның ата-анасы (заңды өкілдері) бұйрықтың

көшірмесімен қолхат беру барысында танысады, тапсырыс хат негізінде табыс етілгені туралы ескертумен пошта арқылы жіберіледі.

  1. Зияткерлік мектеп директоры өзінің бастамасы бойынша, педагог қызметкердің, оқушыларды өзін-өзі басқару ұйымының өкілдерінің өтініші бойынша оқуға деген адал көзқарасымен және тағы да бір тәртіп бұзушылықты болдырмаған оқушыдан тәртіп жөніндегі жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқығы бар.
  2. Тәртіп жөніндегі жаза алынып тасталған сәттен бастап немесе соңғы тәртіпжөніндегі жаза қолданылған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң ол оқушы тәртіп жөнінде жазасы жоқ деп есептелінеді.

9.Оқушының заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас орнатуды ұйымдастыру

  1. Зияткерлік мектептің педагогтардың, педагог-ұйымдастырушы-куратордың, әкімшілігінің оқушының заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас орнатуды ұйымдастыру міндеттері төмендегідей болып табылады:

1)мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көмегімен заңды өкілдерін оқу үрдісіне (атааналар комитеті, қамқоршылық кеңес, мадақтау жөніндегі және тәртіп жөніндегі комиссия) тарту;

2)заңды өкілдеріне оқушыны тәрбиелеудегі педагогикалық білім мен іскерлік туралы (ата-аналар университеті, ересектер мен балалардың өзара психологиялық қарымқатынас аспектілері туралы бейнематериалдар) білім беру;

3)оқу үрдісінде заңды өкілдердің жеке және кәсіби тәжірибесін қолдану;

4)Заңды өкілдердің мерекелік, спорттық, бос уақыт және кәсіптік бағдарлау ісшараларына қатысуы арқылы белсенді ұстанымын қалыптастыру.

  1. Оқушылардың заңды өкілдері мен Зияткерлік мектеп педагогтардың, педагогұйымдастырушы-куратордың, әкімшілігінің өзара қарым-қатынас орнатуды ұйымдастыру:

1)оқушының тәрбиесі бойынша жанұясының мүмкіндігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу;

2)бала мен ата-ана арасындағы жағымды қарым–қатынасты жақсарту мәселелері бойынша оқушының заңды өкілдеріне кеңес беруді көздейді.

3)заң өкілдері үшін сабақтың кез келген түріне қатыс құқығын бере отыра, Ашық есік күнін ұйымдастыру және өткізу;

  1. Зияткерлік мектеп әкімшілігі, педагогта, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар оқушының келеңсіз әрекеттеріне қатысты оны түзету және қайталауды болдырмау мақсатында оның заңды өкілдеріне балаларының тәртібіне байланысты бірлескен шаралар қолдануы туралы хабарлауға міндетті.

Оқушының заңды өкілдері мен Зияткерлік мектеп өкілдерінің кеңесу мақсатындағы әңгімелесуі өткізіледі.

10.Даулы мәселелерді шешу

  1. Оқушылар өздігінен немесе өздерінің заңды өкілдері арқылы Зияткерлікмектеп әкімшілігіне жүгінуге құқылы;
  • оқу үрдісін жетілдіру, сабақты оқыту сапасы, кітапхананы, асхананы пайдалану тәртібі, медициналық және Зияткерлік мектеп қызметтерінің өзге құрылым қызметтері, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушылардың мүддесін көздейтін басқа да сұрақтар бойынша өтініш білдіруге;
  • Зияткерлік мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне шағымдануға.
  1. Оқушылар тарапынан түскен даулы мәселелерді қарастыру оқушы немесе оның заңды өкілінен мәселенің барлық мән-жайы толық және нақты фактілермен бекітілген өтініштің негізінде жүргізіледі.
  2. Жасырын түрде түскен арыздар Зияткерлік мектеп әкімшілігімен қарастырылмайды.
  3. Оқушылар немесе олардың заңды өкілдерін қабылдау Зияткерлік мектеп әкімшілігі сол Зияткерлік мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес айына ең кемі бір рет жүргізіледі.

11. Қорытынды ережелер

  1. Осы Ережелер ДББҰ Басқармасы бекіткен күннен бастап күшіне енеді.
  2. Тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік жазаны жоятын, жауапкершіліктіжеңілдететін немесе тәртіп бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде жақсартатын осы Ереженің кері күші болады, яғни осы Ереже күшіне енгеннен кейін ереже бұзған жасаған адамдарға қолданылады.
  3. Аталмыш Ережелер күшіне енгізілген уақытқа дейін жүргізілген тәртіп жөніндегі жұмыс тәртіп бұзушылықты қарастыру басталған күні әрекет еткен Ережелерге сәйкес іске асырылады.

Қосымша 1

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған ішкі тәртіп

Ережесіне, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Басқарма шешімінің 2024 жылғы

_________(хаттама № ____) бекітілген

ДББҰ нормативтік құжаттарымен танысу

ЖУРНАЛЫ

__________________________________________________

(Зияткерлік мектеп)

ДББҰ ның нормативті құжаттың атауы

Оқушының аты-жөні

Сынып

Таныстым (қолы)

Заңды

өкілдің қолы

Таныстым (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған ішкі тәртіп

Ережесіне, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Басқарма шешімінің 2024 жылғы

_________(хаттама № ____) бекітілген

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін ішкі тәртіп ережелерін бұзу туралы Акт

Мерзімі: [акт толтырылған күні]

 

Орны: [мектеп, сынып, кабинет]

 

Акт құрастырушысы:

       Аты-жөні: [Құрастырушының атыжөні]

Лауазымы: [құрастырушы лауазымы]

__________________

_________________________________

Тәртіп бұзушылықтың сипаттамасы ( күні, уақыты және орны)

 

 

Ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен кездесуге қатысуға уәкілетті педагогтің немесе Ұйымдастырушы-педагог куратордың қолы мерзімі:

керектінің астын сызыңыз

Оқушының қолы

Күні:

Актімен таныстым:

Ата-ананың немесе заңды өкілдің қолы

Қосымша 3

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған ішкі тәртіп

Ережесіне, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Басқарма шешімінің 2024 жылғы

_________(хаттама № ____)

бекітілген

Тәрбиелік ықпал ету шаралары

Тәртіп бұзушылықтың түрлері

Тәрбиелік ықпал ету шаралары

 

1

Жеңіл тәртіп бұзушылық

Педагогтар, ұйымдастырушы-педагог-кураторлар, педагог-психологтар және Зияткерлік мектептің басқа да қызметкерлері :

–                    оқушымен жеке әңгімелер өткізеді;

–                    оқушы “қолдау” топтарын ұйымдастырады;– мектеп педагог-психологының консультацияларын ұсынады, оқушыны қолдау бағдарламаларына қатысады (заңды өкілдердің міндетті келісімімен); – өтемдік сипаттағы сабақтарды ұйымдастырады

(үйірме, клуб, қоғамдық-пайдалы жұмысқа қосу); – мектепте бұзушылық фактілері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

–                    оқушының және оның заңды өкілі қол қойған мектепқоғамдастығы үшін ықтимал салдарын түсіне отырып, оның іс-әрекетінің жазбаша түсіндірмелерін жинауды, талдауды жүзеге асырады;

–                    мектепте жиі бұзушылықтардың себептеріне талдаужүргізеді-сабақтарда, таңертеңгілік жиындарда, кураторлық сағаттарда, Шаңырақ сағаттарында, жалпы мектептік жиындарда, тәрбие іс-шараларында талқыланатын тақырыптар ретінде;

–                    тыйым салынған заттарды алып, оқушының заңды өкіліне қайтарады;

–                    көпшілік алдында кешірім сұрау немесе ескертужасау міндеттерін жүктейді.

Оқушының заңды өкілдері:

-электрондық пошта немесе смс-хабарлама арқылы оқушыларға орын алған тәртіп бұзушылық туралы хабарлама алады;

–                    мектеп қызметкерлерімен әңгімелесу үшін мектепкешақырылады;

–                    Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларыныңішкі тәртіп ережелерін бұзу актісіне, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа (егер бар болса)қол қояды; Оқушылар:

–                    Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларыныңішкі тәртіп ережелерін бұзу актісіне, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа (егер бар болса)қол қояды; – сынып жиналысында бұзушылық, себептер талқыланады, оқушылардың мінез-құлқын жақсарту бойынша шешімдер қабылданады;

–                    оқушылар арасындағы жанжалды бейбіт жолменреттеуде құрдастарының делдалдығын жүзеге асырады;

–                    сынып ішіндегі тәлімгерлік, “Шаңырақ” оқушыларқауымдастығы.

 

2

Елеулі тәртіп бұзушылық

Педагогтар, ұйымдастырушы-педагог-кураторлар, педагог-психологтар, мектеп әкімшілігі:

–                    жеңіл бұзушылықтар кезінде қабылданатын барлық шараларды жүзеге асырады;

–                    заңды өкілдердің қатысуымен бұзушылыққа жолберген оқушымен әңгімелесу жүргізеді;

–                    6 ай ішінде оқушының мінез-құлқы туралы аптасайынғы есеп жасайды;

–                    Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларыныңакадемиялық адалдығын сақтау қағидаларына сәйкес шаралар кешенін жүзеге асырады;

–                    мектептің психологиялық-педагогикалықконсилиумына қатысады;

–                    материалдар дереккөзден алынады, мектептің тәртіптік комиссиясының отырысында теріс қылық қарастырылады, жалпы мектеп іс-шараларда талқыланады;

–                    оқушының мектептен тыс курстарға,экспедицияларға, оқушылармен алмасу бағдарламаларына, олимпиадаларға,

конкурстарға,басқа да білім беру жиындары мен ісшараларға қатысу мүмкіндігін шектейді;

–                    оқушыны мектептегі қоғамдық пайдалы жұмысқатартады.

Оқушының заңды өкілдері:

–                    екі аптадан төрт аптаға дейінгі сынақ мерзімінкөрсете отырып, оқушының теріс мінез-құлқын түзету міндеттемесімен тәртіптік жаза қолданумен танысу туралы бұйрыққа қол қояды,

–                    оқушының мінез-құлқынан зардап шеккендерденауызша немесе жазбаша түрде кешірім сұрайды.

Оқушылар:

–                    сыныптың, “Шаңырақ” оқушылар қауымдастығыныңжиналысында бұзушылықтың себептерін талқылайды, жағдайды жақсарту бойынша шешімдер қабылдайды; – жанжалдарды бейбіт жолмен шешуде медиацияны жүзеге асырады;

–                    сынып ішінде, “Шаңырақ” оқушылар қауымдастығында тәлімгерлікті жүзеге асырады; – зардап шеккен тараптан ауызша немесе жазбаша түрде кешірім сұрайды.

 

3

Маңызды тәртіп бұзушылық

Педагогтар, ұйымдастырушы-педагог-кураторлар, педагог-психологтар, мектеп әкімшілігі:

–                    елеулі бұзушылықтар кезінде қабылданатын барлықшаралар;

–                    “Назарбаев Зияткерлік мектептері” оқушыларыныңакадемиялық адалдығын сақтау қағидаларына сәйкес шаралар кешені;

–                    мәселені мектептің Тәртіптік комиссиясында қараужәне тиісті шаралар қабылдау;

–                    Kiva-ның буллингке қарсы бағдарламасындакөзделген буллинг, кибербуллинг жағдайлар орын алғанда рәсімдеріне сәйкес буллингке, кибербуллингке қатысқан оқушылармен әңгімелесу шараларын өткізу.

Оқушылар:

–                    сынып жиналысында, “Шаңырақ” оқушыларқауымдастығында, жалпы мектеп жиналыстарында бұзушылықтың себептерін талқылайды, оқу ортасын жақсарту бойынша шешімдер қабылдайды;

–                    жанжалдарды бейбіт жолмен шешуде медиацияныжүзеге асырады;

–                    сынып ішінде, “Шаңырақ”оқушыларқауымдастығында тәлімгерлікті жүзеге асырады; – оқушының мінез-құлқынан зардап шеккендерден ауызша немесе жазбаша түрде кешірім сұрайды.

Оқушының заңды өкілдері:

–                    екі аптадан төрт аптаға дейінгі сынақ мерзімінкөрсете отырып, оқушының теріс мінез-құлқын түзету міндеттемесімен, тәртіптік жаза қолданумен танысу, келтірілген залалды өтеу туралы бұйрыққа қол қояды; – мүлікті, заттарды жөндеу, қалпына келтіру, сондайақ мүлік құнының ақшалай өтемақысын өтеу арқылы тиісті жағдайға келтіреді;

–                    зардап шеккен тараптан ауызша немесе жазбашатүрде кешірім сұрайды.