Жаңалықтар

Эко-фестиваль қорытындысы

2021 жылдың 12-14 ақпанында Нұр-Сұлтандағы Халықаралық Бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің экоклубының бастамасымен, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясымен бірге I Республикалық экофестиваль өтті. Биылғы фестивальдің тақырыбы – «Экологиядағы жетістік тарихы».

Фестивальда 5 әртараптандырылған спикерлер сөз сөйледі, олар көшбасшылық пен кәсіпкерліктегі жеке тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар экологияның олардың өміріндегі рөлі туралы айтты.

Фестивальға Қазақстанның барлық NIS мектептерінен 328 қатысушы тіркелді, біз қатысушылардан 200-ден астам жауап алып, үздік идеяларды таңдадық! 2021 жылдың 14 ақпанындағы жабылу салтанатында нәтижелер шығарылды және эко-фестивальдің жеңімпаздары Қазақстанның барлық NIS мектептерінен анықталды.

Осы іс-шараның ұйымдастырушылары Eco-club @nis.naturae командасы барлығына Эко-фестивальге белсене қатысқандары үшін алғыс айтады және жеңімпаздарды құттықтайды. Қатысушылардың белсенділігі мен алғысы фестиваль барысында команданы қатты ынталандырды!

Клуб мүшелері NIS ІВ мектебінің әкімшілігіне @nis_astana_ib, тәлімгер Мисс Дана @dana_kass, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДБҰ, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы және спикерлерге ұйымдастырудағы қолдаулары мен көмектері үшін ерекше алғыс айтады!