Жаңалықтар

«Даналық бейсенбісі»: Сырым Қашқабаев

Ағымдағы жылдың сәуір айының 8-і күні мектебімізде «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында театр және кино актері Сырым Қашқабаевпен онлайн кездесу өтті.

Сырым Қашқабаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр, кино және дубляж актері. Кездесу барысында «Актерлік өнерге қалай келдіңіз, не себепті таңдадыңыз?», «Өнердегі ұстазыңыз кім және өзіңіз шәкірт тәрбиеледіңіз бе?», «Қазіргі таңда театрдан рухани байлық іздейтіндер саны артты ма әлде кеміді ме? Қалай ойлайсыз?», «Жаныңызға қайсысы жақын: кино әлде театр?», «Дыбыстау саласында жұмыс жасаған ұнай ма Сізге? Несімен қызықты?», «Актер болуды армандайтын біздің де арамызда оқушылар бар, оларға кеңес берер едіңіз?», «Актерлік мамандық жойылып кетуі мүмкін бе?» деген сынды қатысушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берілді.
 
– Бұл вебинар біздің оқушыларға нағыз актердің өзімен сөйлесуге керемет мүмкіндік және кездесуде біздің көптеген драматург оқушыларымызды көру мен үшін қуанышты сәт болды. Біздің оқушыларымыз алғыр және осы тақырыпқа шынайы қызығушылық танытқандықтан, олардың қойған сұрақтары маған жақсы әсер қалдырды. Жалпы, бұл өте құнды және қызықты ақпаратқа толы кездесу болды, – дейді мектебіміздің драма пәні мұғалімі Джон Рэйдер.
 
Кино әлемі, актерлық өнер, театр қызықтары жөнінде пайдалы мағлұмат берген кездесу барлық қатысушылардың көңілінен шықты.