Жаңалықтар

ОҚУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы елордалық педагогтарға кезекті семинар өткізді.

Google Meet платформасында «Оқушыларды оқу үрдісіне тарту» тақырыбында өткен семинарға жалпы саны 230 мұғалім қатысты. Семинар аясында Нұр-Сұлтандық Халықаралық Бакалавритат мектебінің алдыңғы мұғалімдері Батырханова А.Ғ., Байшагирова А.С. – «Концет негізінде оқытудың ерекшеліктері», Стрелков А.В., Бекболатов Б.С. – «STEAM- оқыту», Сугурбаева З.З., Турсынова Ж. – «Мұғалімдердің сабақтағы тиімді көшбасшылық стратегиялары» тақырыптарында қазақ тілді оқыту жүргізді. Ал Гасанова Ю.Н., Шагимолдина М.О. – «Особенности обучения основанного на концептах», Жанабаев И.Н., Токсеитова Г.К. – «STEAM-обучение», Жилкибаева Л.К., Махатова Г.К. – «Применение дифференциации на уроке математики», Иманшарипова А.Ж., Касымбаева Д.С. – «Эффективные стратегии по лидерству учителя в классе» тақырыптарды орыс тілінде талдап, түсіндірді. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері аталған оқыту кезінде NIS оқу тәжірибесіне сәйкес сабақтың жүргізілу әдістерін, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында дайындалған түрлі тапсырмалар мен дереккөздер жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ, олар семинарда берілген жаттығуларды орындай отырып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала білді.

Жиын соңында педагогтар тарапынан рефлексия жасалып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.