«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы Басқармасының
2016 жылғы 18 мамырдағы
шешімімен бекітілді
(№ 19 хаттамасы)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бөлімшелерінің оқушыларын қорғау саясаты
1.Жалпы ережелер
- Қызметінің негізі білім беру саласы болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бөлімшелерінің (бұдан әрі – бөлімшелер) оқушыларын қорғау саясаты оқушылардың физикалық және психологиялық саулығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі қағидалар, тәртіп және ережелердің жүйесі болып табылады.
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бөлімшелерінің оқушыларын қорғау саясатының (бұдан әрі – Саясат) негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодекстері, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби әдеп Кодексі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының әдеп Кодексі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласы халықаралық мектебі» бөлімшесі оқушыларының ішкі тәртіп Ережесі, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының ішкі тәртіп Ережесі құрайды.
- Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларын қорғау саясатының қағидалары
- Саясаттың негізгі қағидалары:
1) Жеке жауапкершілік. Бөлімшенің барлық қызметкерлері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – ДББҰ) ішкі нормативтік актілеріне сәйкес ішкі әдеп ережелерін сақтайды. Мектеп қызметкерлері осы саясатты жүзеге асыруға жауапты және бөлімшелер оқушыларына қатысты қатыгез іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында іс-шараларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, мектеп қызметкерлері осы саясаттың ережелері бұзылған жағдайда тиісті іс-шараларды жүргізеді.
2) Әмбебаптылық. Осы Саясат қағидаларын жүзеге асыру бөлімшелердің оқушыларымен әрекеттесетін барлық тұлғаларға міндетті болып табылады.
3) Оқушылар мүддесінің басымдылығы. Күрделі мәселелер туындаған жағдайда оқушының қауіпсіздігін және денінің саулығын, оқушының физикалық және психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру басым болып табылады.
4) Толеранттық. ДББҰ бөлімшелері білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын құрметтеу, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, гендерлік ерекшеліктерін түсіну және қабылдау негізінде қолайлы оқу-тәрбие ортасын қалыптастыруға ұмтылады.
5) Құпиялылық. Оқушыларға қатысты қатыгез іс-әрекеттерінің барлық жайттарын қарастыру оқушылардың қауіпсіздігін және ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады.
6) Уақыттылық. Оқушыларға қатысты қатыгез іс-әрекеттер жайттарының уақытында қарастырылуы қамтамасыз етіледі.
7) Ынтымақтастық. Осы Саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету барсында бөлімшелер оқушылардың заңды өкілдері және өзге мүдделі тараптармен, жасөспірімдер құқықтарын қорғау және құқық қорғау органдарымен әрекеттеседі.
- Қатыгез іс-әрекеттерін анықтау және оның түрлері
- Оқушыларға жасалған қатыгез іс-әрекеттер – оқушылардың физикалық және психологиялық саулығына әсерін тигізетін заңды өкілдері және өзге тұлғалар тарапынан көрсетілетін әрекет немесе әрекетсіздік. Қатыгез іс-әрекет түрлері ретінде физикалық, психологиялық қатыгез іс-әрекеттер, баланың негізгі қажеттіліктерін елемеу, ілтипатсыздық, жасөспірім порнографиясы, психикалық аурулар және өмір салты (алкогольді, есірткі тәуелділігі және т.б.) себебінен оқушылардың заңды өкілдерінің әрекет қабілетсіздігінен туындайтын өзге жағдайлар қарастырылады.
- Қатыгез іс-әрекеттерінің түрлері:
1) физикалық қатыгез іс-әрекеттер – оқушы денінің физикалық саулығына қасақана жасалатын іс-әрекеттер. Физикалық қатыгез іс-әрекеттерге оқушыны ұру, улау, шайқау, өртеу, суға кетіру және өзге де іс ірекеттер кіреді. Сондай-ақ, физикалық іс-әркеттерге оқушыны есірткілі, алкогольді, естен адастыратын заттарды және медициналық дәрі-дәрмектерді (мысалы, дәрігермен белгіленбеген ұйықтату әсері бар дәрі) қабылдауға еліктіру, оқушының белгілі бір аурумен ауыратыны жөнінде заңды өкілдері не өзге тұлғалар тарапынан жалған ақпарат не жоқ аурудың белгілері жөнінде мәлімет беру, немесе оқушыда белгілі бір аурудың белгілерін тудыру және басқа да жайттар кіреді;
2) психологиялық қатыгез іс-әрекеттер – оқушының психикалық дамуына және мінез-құлқына кері әсерін тигізетін тұрақты не мезгілді ықпал ету әрекеттері. Психологиялық қатыгез іс-әрекеттер формасына дұшпандық қатынастар, оқушыны кемсіту, келемеждеу, қорқыту, оқушыны оған не оның туыстарына қатыгез іс-әрекет көрсетілетіні жөнінде қорқыту, қауіп жағдайында қалдыру, оқушыға оның даму деңгейіне сәйкес келмейтін талаптар қою, оқушының қозғалыс еркіндігіне негізсіз шектеу қою, оқушыға оның ортасында өзімен жасты оқушылармен және ересектермен әлеуметтік әрекеттесуіне негізсіз шектеу қою не тиым салу, оқушыға өз көзқарасын, сезімін, тілектерін білдіруіне жол бермеу, оқушыда оның даму деңгейіне сәйкес келмейтін мінез-құлқын қалыптастыру. Кез келген қатыгез іс-әрекет белгілі бір деңгейде психологиялық қатігез іс-әрекетті қамтиды.
3) сексуалды қатыгез іс-әрекеттер – оқушының психологиялық не физикалық саулығына әсерін тигізетін жәбірлеу, қорқыту не оқушы тарапынан білдірілген сенімді асыра пайдалану жолымен оқушыны сексуалды сипаттағы іс-әрекетті жасауға еліктіру. Сексуалды сипаттағы қатыгез іс-әрекет формасына физикалық байланыс (сүйісу, жыныстық қатынасқа түсу және т.б.) және физикалық байланыс жасалмайтын іс-әрекеттер (сексуалды сипаттағы бейнені көруге еліктіру, кез-келген байланыс құралдары арқылы оқушыны сексуалды мәжбүрлеуге дайындау) және т.б. кіреді.
4) оқушының негізгі қажеттіліктерін елемеу – оқушының денсаулығына және дамуына нұқсан келтіретін оқушының даму, тамақтану, баспаналы болу, қауіпсіз ортада болу және медициналық көмекке қол жеткізу және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша заңды өкілдерінің өз міндеттерін мерзімді не тұрақты орындамауы. Осы іс-әрекеттер объективті (отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, заңды өкілдерінің психикалық аурумен ауруы, тәжірбиесінің жоқтығы) және өзге де себептерден қалыптасуы мүмкін. Оқушыға ата-ана және өзге заңды өкілдері тарапынан сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерінің жоқтығы баланың негізгі қажеттіліктерін елемеу түріне жатады.
5) қудалау (буллинг) – оқушыға өзге оқушылар не ересектер тарапынан жүйелі түрде қасақана көрсетілетін қорлау іс-әректтері. Қудалау формалары: физикалық қорлау (ұру, оқушының жеке заттарына зиян келтіру, т.б.), сөздік (келемеждеу, оқушыға тіл тигізу, т.б.), психологиялық (кемсіту, қорқыту, елемеу, топтан оқшаулату, т.б.), сексуалды (орынсыз физикалық байланыс не абыройына нұқсан келтіретін мәліметтер беру және т.б.), кибербуллинг (қорланған оқушыны қудалау, мобильді телефон, электронды пошта, әлеуметтік желі, блог, чат және т.б. жолмен оқушы туралы өсек және балағат сөздерін тарату, қатыгез және дөрекі қысқа мәтінді мәліметтер жіберу және тарату, онлайн режимінде оқушыны келемеждеу, оқушы жөнінде жеке ақпаратты, фото және бейне материалдарды ашық тарату және т.б.).
6) оқушы эксплуатациясы – өзге тұлғалардың немесе мекемелердің пайдасы үшін оқушыны жұмысқа не өзге іс-әрекеттерге мәжбүрлеу. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерінің білім беру және тәрбие үрдісінде белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне және ережелеріне қайшы келетін оқушы еңбегін пайдалануы оның эксплуатациясы ретінде қарастырылады. Оқушының төмен үлгерімі және сабаққа қатыспауы, оның физикалық және психологиялық денсаулығына, моралді, әлеуметтік және эмоционалды дамуына келтірілген зиян осы іс-әрекеттердің нәтижесі болып табылады. Тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар, отбасында және мектепте оқушы мінезінде еңбекті құрметтеу, еңбекке баулуға бағытталған бағдарламалар эксплуатация түрлеріне жатпайды.
- Қатыгез іс-әрекеттердің мүмкін белгілеріне төмендегілер кіреді:
1) оқушы денесінде белгісіз зақымдар, көгерген және кесілген жара, көрсетілген жәбірдің іздері және т.б.;
2) оқушының өзіне көрсетілген зорлық іс-әрекеттері туралы баяндауы;
3) оқушыға көрсетілген зорлық іс-әрекеттер туралы өзге оқушының баяндауы;
4) оқушының мінез-құлқы мен психикасында түсініксіз өзгерістер, яғни оқушы өте тұйық, басыңқы болады немесе кенеттен ашулану, оқумен не өзге жұмыспен айналысудан бас тарту және т.б.
5) өз жасының ерекшелігіне сәйкес келмейтін сексуалды білімінің болуы;
6) сексуалды ашық мінез-құлқы;
7) жыныстық жолмен берілетін ауру белгілерінің пайда болуы;
8) сенімді қарым-қатынасының болуы дұрыс және тиіс саналатын ересектерге оқушының сенімсіздік білдіруі;
9) өз жолдастарын табу барысында туындайтын қиындықтар;
10) тамақтану дағдысында өзгерістер, көп немесе аз тамақтану, дене салмағының елеулі өзгеруі;
11) сыртқы келбетінің салақтығы, ескі және кірлі киімі, жыл мезгіліне сәйкес емес киімі, кірлі тырнағы, шашы және т.б.
12) мектептегі үлгерімінің төмендеуі;
13) шаршағандық және енжарлық сезімінің басымдығы;
14) ересектермен қарым-қатынаста оның көңілін үнемі аударуға тырысуы, беймазалық;
15) денсаулығының нашар болуы, бас ауру, асқазан не іш ауруы, ұйқысының бұзылуын қоса алғанда оқушының ауруға жиі шалдығуы және т.б.;
16) адамдармен әрекеттесуден бас тартуы, жалғыз болуға ұмтылу;
17) жеке заттарын жиі жоғалту;
18) өзге белгілер.
- Оқушыларға жасалған қатыгез іс-әрекет жайттарын қарастыру барысында жұмысты ұйымдастыру
- Оқушыларға жасалған қатыгез іс-әрекеттер жөнінде жайттар бөлімше қызметкерлері, өзге оқушылар, оқушылардың заңды өкілдері және бөлімшеден тыс өзге тұлғалармен жасалатын іс-әрекеттер жөнінде ақпаратты және/немесе күдікті қамтиды.
- Оқушыларға қатысты жасалған қатыгез іс-әрекеттер жөнінде мәлімет беру төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) оқушыға жасалған қатыгез іс-әрекет жөнінде оқушының өз тарапынан берген мәліметі;
2) оқушыға жасалған қатыгез іс-әрекет жөнінде өзге оқушы тарапынан берген мәліметі;
3) бөлімше оқушысына жасалған қатыгез іс-әрекет жөнінде бөлімше қызметкерінің берген мәліметі немесе болған жайт жөнінде күмәні;
4) бөлімше оқушысына жасалған қатыгез іс-әрекет жөнінде оқушының ата-анасы не өзге заңды өкілдері және өзге тұлғалардың берген мәліметі немесе болған жайт жөнінде күмәні.
- Қатыгез іс-әрекеттер құрбаны болған оқушы болған жайт жөнінде бөлімше қызметкеріне, өзге оқушыға, өзінің заңды өкілдеріне және өзге де тұлғаларға хабар бере алады.
Бөлімше оқушысына жасалған қатыгез іс-әрекеттердің куәгері болған не бөлімше ішінде не одан тыс аумақта болған жайттар туралы білетін не күмәнданатын бөлімше қызметкерлері және оқушылары, оқушының заңды өкілдері және өзге тұлғалар оқушының тәлімгеріне, мұғалімнің көмекшісіне (ассистент) және/немесе бөлімше директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, директорына, ДББҰ хабарлайды.
- Оқушыға жасалған қатыгез іс-әрекеттер туралы мәлімет берілген жағдайда бөлімше әкімшілігі келесі алгоритм бойынша іс-шараларды жүзеге асырады:
1) жәбірленген оқушыны жәбірлеуші тұлғадан шеттеу, оқушының қауіпсіздігін және жайлы орналасуын қамтамасыз ету;
2) қажет жағдайында алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету;
3) оқушымен болған жайт жөнінде педагог-психологтың қатысуымен әңгімелесу, қатыгез іс-әрекеттер оқушының заңды өкілі тарапынан көрсетілмеген жағдайда оқушының заңды өкілін ауызша ескерту қажет;
4) ДББҰ хабарлау;
5) қажет жағдайында жасөспірімдер құқығын қорғау және құқық қорғау органдарына хабарлау.
- Оқушыға бөлімше қызметкерлері және өзге оқушылар тарапынан қатыгез іс-әрекеттер жасалған жағдайда мәселе ДББҰ нормативтік актілеріне сәйкес қарастырылады. Қажет жағдайында мәлімет жасөспірімдер құқығын қорғау және құқық қорғау органдарына хабарлаанады.
- Жәбірленуші оқушымен әңгімелесу барысында бөлімше қызметкерлері келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:
1) сабырлық сақтау;
2) оқушыны мұқият тыңдау;
3) болған жайт туралы оқушының Сізге хабарлауының дұрыстығына сендіру;
4) болған жайтты анықтау мақсатында нақты және қажетті сұрақтарды қою, айтылған жайттарды қайта қайталатпау, қызметкердің өз болжамдары мен ұсыныстарын білдіртпеу, оқушының іс-әрекетіне басшылық етпеу;
5) оқушының негізгі оқиғаларды хабарлауы барысында бөгет жасамау;
6) оқушыға қажетті көмек көрсету және мәселені шешу мақсатында шектеулі тұлғаларға ғана ақпарат берілетіні жөнінде оқушыны ескерту;
7) ақпаратты оқушымен баяндалған және толық күйінде жазу;
8) әңгімелесудің толық жазба хаттамасын жасау;
9) ақпаратты бөлімше әкімшілігіне, ДББҰ беру.
- Оқушыға қатысты жасалған қатыгез іс-әрекеттер жөнінде мәлімет берген, сенімді ақпарат негізінде оқушылардың қауіпсіздігі мен саулығына қауіп төндіретін бөлімшенің және оның қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты мәлімет берген қызметкерлер бөлімше әкімшілігінің қудалауынан және/немесе тәртіптік жазалауынан босатылады.
- Оқушыға қатысты жасалған қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу
- Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қатыгез іс-әрекеттердің орын алуын болдырмау мақсатында бөлімше қызметкерлері келесі іс-шаралардан бас таруы тиіс:
1) оқушыларды үйіне шақыру;
2) оқу-тәрбие жұмысы шеңберінде бөлімшелермен ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілетін орындардан өзге дәмхана, мейрамхана, клуб және өзге де қоғамдық орындарға шақыру;
3) төменде көрсетілген іс-әрекеттерден өзге оқушылармен физикалық байланыс жасау:
– оқушыға зиян келтіруді болдырмау мақсатында белгілі шектеулерді қолдану;
– орынды күш қолдану арқылы қауіпті заттарды немесе оқушыны қауіпті жағдайдан қорғау;
– қолды оқушының иығына, арқасына, қолына қою арқылы жұбату;
– оқушы иығына шапалақпен оның назарын аудару және т.б.;
4) әлеуметтік желі, бұқаралық байланыс құралдары (WhatsApp, Viber, ВКонтакте, Facebook және т.б.) арқылы және жеке әңгімелесу барысында сексуалды сипаттағы мәліметтерді айту/жазу;
5) оқушыларға мәтіндік, электронды және өзге де ақпараттық технологиялар арқылы сексуалды мақсатта ақпарат жіберу;
6) сандық фото суреттер және өзге материалдар арқылы оқушылардың әдепсіз фото суреттерін жасау және тарату;
7) қорқыту, бұқтыру, сыныпта қорқыныш сезімін тудыру және т.б.;
8) оқушыларға қауіп төнген жағдайда, шұғыл әрекеттесу жағдайында және медициналық қызметтің көрсетілуін қамтамасыз ету жағдайында мектеп қызметкері тарапынан әрекетсіздік;
9) кез келген формадағы кемсітушілік;
10) физикалық, сексуалды және психологиялық қатыгез іс-әрекеттердің кез келген формасын жүзеге асыру (талпыныс әрекеттерін қоса алғанда);
11) оқушының қадір-қасиетін кемсіту, оқушыны бөлме бұрышына тұрғызу, мысқыл сөздер арқылы оқушыға қатысты орынсыз жаза қолдану және т.б.
- Бөлімше оқушылары келесі іс-шаралардан бас таруы тиіс:
1) кез келген формадағы кемсітушілік;
2) оқушылардың, олардың ата-аналарының, өзге заңды өкілдері және туыстарына қатысты тіл тигізетін сөздерді қолдану;
3) оқушының денсаулығына және жеке заттарына нұқсан келтіру;
4) оқушыларды қорқыту, бұқтыру, сыныпта қорқыныс және оқшаулану жағдайын тудыру.
- ДББҰ оқудан тыс шараларына қатысу барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бөлімше қызметкерлері қажетті бақылауды жүргізуге міндетті. Жүргізіліп отырған іс-шара оқушылар үшін нақты қауіп тудыратын жағдайда (оқыту және тренингтік іс-шаралар) бақылаушы қызметкерлердің оқушыларға ара салмағын (оқушылардың саны және гендерлік тәнділігі) мұқият қарастыру қажет. Оқушыларға іс-шара өткізілетін орын, уақыт, оқушылардың сыртқы келбеті және өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нақты ақпарат беру қажет.
- Жауапкершілік
- Бөлімше қызметкерлері, оқушылар, олардың заңды өкілдері және өзге тұлғалар бөлімше оқушыларына қатысты жасалған қатыгез іс-әрекеттер, осы іс-әрекеттер жөнінде мәліметтерді жасыру, жалған ақпарат беру және жалған жазалау әрекеттері үшін ДББҰ бекітілген нормативтік актілері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
- Қорытынды ережелер
- Бөлімше әкімшілігі бөлімше қызметкерлеріне, оқушылар және олардың заңды өкілдеріне осы Саясат жөнінде хабарлайды.
- Осы құжатта көрсетілмеген мәселелер ДББҰ бекітілген нормативтік актілері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.