Жаңалықтар
“Sen bilesin be?” – Негізгі мектеп бағдарламасы
Негізгі Мектеп бағдарламасы (Middle Years Programme) – бұл Халықаралық Бакалавриат (IB) ұсынған 11-16 жас аралығындағы 7-10 сынып оқушыларына арналған екінші бағдарлама.
Негізгі Мектеп бағдарламасындағы оқытудың өзегі оқушы болып табылады. Бұл ХБ-тың оқушының тұлға ретінде жан-жақты және рухани дамуына деген сенімін, сондай-ақ оның өзін-өзі оқытудың маңыздылығына деген сенімін көрсетеді. МҮР оқушыларды табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі өз рөлін түсінуге бағыттау үшін құрылған.
Мектеп Негізгі Мектеп бағдарламасы бойынша келесі пәндерді оқытады:
– Тіл мен әдебиет: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
– Тілді меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
– Математика
– Адам және қоғам: Қазақстан тарихы және география, дүниежүзі тарихы, әлеуметтік ғылымдар, Экономика.
– Ғылым: интеграцияланған ғылымдар, Биология, Физика және Химия
– Дизайн: Ақпараттық технологиялар, Компьютерлік ғылым және технология
– Өнер: Бейнелеу өнері және Драма
– Дене шынықтыру
Сонымен қатар, оқу бағдарламасының екі негізгі компоненті бар: «Жеке жоба» және «Қызмет ету және әрекет»