Жаңалықтар

“Keipker”: Іңкәр Нұратаева

Бүгінгі «Keipker» айдарының қонағы – 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Вe group kz» номинациясын иеленіп, ауызбіршілігімен топ жарған «Каспий» шаңырағының кураторы Іңкәр Нұратаева.
 
Сізді мектепте не ынталандырады немесе кімнен мотивация аласыз?
 
– Мектепте оқушыларым, олардың жоғары жетiстiкке жетіп, марапатқа ие болуы жұмысымды сүйіспеншілікпен атқаруға ынталандырады.
 
«Каспий» шаңырағы туралы не айта аласыз?
 
– «Каспий» шаңырағының құрамына биыл үш сынып қосылды: 7А, 8F және 12F сыныптары. 12-сынып мектеп бітіруші сынып болғандықтан, мектепшілік іс-шараларға белсенділік танытып, қатысқан төменгі сыныптар болды. Шаңырақтар сайысында ең бастысы – шаңырақ мүшелерінің арасындағы ауызбіршілік пен жетістікке жетудегі оқушылар ынтасы болуы шарт. Осы орайда, 8F сынып оқушысы Камила Шайпранова «Елбасы Медалі» жобасына қатысып, қола медальға ие болды. Ал, 7А сынып оқушысы Алуа Шаришева Республикалық сайыста «Жыл оқушысы – 2021» атанды.
 
Түлеп ұшқалы отырған оқушыларыңызға айтар тілегіңіз?
 
– Мен əр оқушымды мақтан тұтамын жəне оларды кез келген сəтте қолдауға дайынмын. Құрметті жас түлек! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілеймін.