Жаңалықтар

“KEIPKER”: Джон Райдер

🔹️Бүгінгі айдарымыздың келесі кейіпкері – 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша “оқушы жүрегіне жол тапқан”, драма пәні мұғалімі Джон Райдер.
1️⃣ Таңертең қандай оймен оянасыз?
– Шынымды айтсам, таңертеңгі алғашқы ойым: ” Кофем қайда?”😁 Негізінде “Біреудің өмірін жарқын ету үшін бүгін не істей аламын?” дегенім дұрысырақ болар.
2️⃣ Шабыт келмей қалатын сәттер болды ма?
– Бұл қарапайым жауап боп естілуі мүмкін, алайда менің оқушыларым маған күн сайын шабыт сыйлап отырады. Кейде олар жақсы идея тудырады, ал кейде тіпті мені шығармашылықтың барлық түрлерімен айналысуға шабыттандырады.
3️⃣ 2021-түлектеріне айтар тілегіңіз бар ма?
– Түлектерге өмірден өз орындарын табуға, бар нәрседен қуаныш табуға және өздерін сол қалпында – керемет, аңғал, шығармашыл адамдар ретінде қабылдауларына тілектеспін.