Жаңалықтар

“Keipker”: Данияр Кузеков

«Keipker» айдарының келесі қонағы – 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Creative.kz» номинация иегері Данияр Кузеков.
 
Не нәрсеге уақыт жетпейді?
 
– Барлық нәрсеге уақыт жетпейді. HSK 4-5 деңгейіне дейін қытай тілін меңгеру керек, Google мен IBM-нің программалау бойынша барлық курстарынан өту керек, Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасап үлгеру керек, сондай-ақ, өз кітабымды жазуым керек.
 
Таңертең қандай оймен оянасыз?
 
– Таңертең өзімнен «Не істеуім керек?» деген сұрақ қойып, күнімді қалай тиімді өткізуге болатындығы туралы ойлана бастаймын. Бәлкім, бұл оғаш естілуі мүмкін, бірақ кейде маған өмірімнің әр сәті жобаланып тұрғандай және онда соңына дейін орындалуы қажет қандай да бір бағдарлама бардай сезіледі. Сондықтан, мен таңертең оянған кезде өзімнен алдағы директиваларды сұраймын және оларды ойдағыдай жүзеге асыруға тырысамын.
 
Мектепті аяқтап жатырсыз, қандай 3 сезімді сезінудесіз?
 
– Мені университетте күтетін болашақ міндеттерге деген ынта мен қызығушылықты сезінемін. Әрі сөзсіз, мен өз мектебімді екінші үйім ретінде сағынатын боламын.
 
Түлектерге айтар тілегіңіз?
 
– Ешқашан берілмеңіз және үміт үзбеңіз. Негативті ойлау – бұл сізде болуы мүмкін ең жаман нәрсе. Стоицизм философиясын ұстаныңыз және сыртқы факторлардың сізге үстемдік етуіне жол бермеңіз. Өз эмоцияларыңызды бақылаңыз және сіз басқара алмайтын нәрсені босатыңыз. Айтпақшы, ешқашан дедлайнды өткізіп алмаңыз және барлық тапсырмаларды алдын-ала орындауға тырысыңыз. Сізге сәттілік!