Жаңалықтар

Республикалық байқауға қатысқан 15 оқушының барлығы Бас жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының жұмыстары республикалық байқауда Бас жүлдеге ие болды.

Республикалық «Өнеге» зияткерлік білім порталының сәуірде өткізген байқауына Назарбаев Зияткерлік мектебінен 15 оқушы қатысты. 10-сынып оқушылары Даяна Абылгазина, Аяжан Темірболат, Ажар Джалдыгараева, Жазира Канкожаева, Малика Жанарбек, Сымбат Омашева, Амина Тулеуова, Эльмира Идрисова, Адия Абдибекова, Дария Саврукова, Амир Амангельдиев, Айлин Кабдуллина, Алима Марат, Шұғыла Қаршығақызы, Эльнара Якубова байқаудың «Махаббат мұнарасы» секциясы бойынша эссе жазып, бақтарын сынады. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне арналған «Махаббат мұнарасы» секциясына қабылданған оқушыларымыздың жұмыстары үздік атанды. Бағалау кезінде қатысушылардың ойлау ерекшелігі, жазушылық қыры мен эссенің көркемделуі ескерілді. Шығармашылық сайысқа шәкірттерін белсене қатыстырып, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастырудағы қажырлы еңбегі үшін оқушылардың жетекшісі Гүлнафис Кушербаева Алғыс хатпен марапатталды.
 
«Өнеге» білім порталының республикалық байқауына мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәжірибелі ұстаздары өз жұмыстарын жіберді.