Жаңалықтар
NIS түлектері Халықаралық Бакалавриат емтихандарын сәтті тапсырды
2021 жылдың 6 шілдесінде Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы (DP) бойынша 12-сынып оқушыларының емтихандарының нәтижелері жарияланды. Нәтижесінде 153 түлек Халықаралық Бакалавриат дипломын алды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS түлектері мектеп тарихындағы ең жоғары көрсеткішті көрсетті: дипломның орташа балы 34 баллды құрады. Сондай-ақ, 1 оқушы 45-тен 44 балл жинады, оны әлемде барлық түлектердің тек 1%-ы алады.
Мектептің 20 түлегі 40 балдан жоғары жинады:
44 балл – 1;
43 балл – 1;
42 балл – 2;
41 балл – 7;
40 балл – 9.
NIS IB – бұл Еуропа, Азия және Таяу Шығыстағы Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасын тегін оқытатын және жыл сайын 150-ден астам түлек бітіретін жалғыз мемлекеттік мектеп.
ХБ Дипломдық бағдарламасының дипломы түлектерге міндетті дайындық жылын – Foundation-ды айналып өтіп, бірден 1 курсқа оқуға түсуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың көктемінен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS оқушыларына олардың грант жеңіп алғандары және Массачусетс Технологиялық институты, Пенсильвания университеті, Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті, Нью-Джерси технологиялық институты, Гонконг политехникалық университеті, Киото университеті, Огайо штаты университеті, Сент-Луис, Вашингтон және Ли, Тампа, Оңтүстік Флорида, Нотр-Дам университеті және басқалары сияқты әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан шақырылғаны туралы хаттар келіп түсуде.
Елордалық NIS директоры Сабыржан Садуақасовтың айтуынша, Халықаралық Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы біздің түлектерге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға және әлемнің ең жақсы университеттерінде оқуға мүмкіндік береді.
Қазіргі карантиндік жағдайға және пандемия жағдайында оқытудың жаңа форматына қарамастан, NIS ІВ командасы жоғары нәтиже көрсетті. Мектеп аймақтағы ең жоғары балл жинаған түлектердің ең көп саны қатысқан алғашқы тегін оқу орны атанды. Біздің қоғамдастықтың барлық мұғалімдерінің, үйлестірушілерінің, емтихан алушыларының және ата-аналарының арқасында, олардың құштарлығы мен адалдығы білім беру арқылы жақсы әлем құру жөніндегі миссиямызды орындауға мүмкіндік береді.
Мен бүгін өз нәтижесін алған түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Олар білімге деген құштарлығын, табысқа жетуге деген шешімін және жоғары сапалы дайындықпен қамтамасыз етілген келесі қадамды алатындықтарына сенімділіктерін көрсетті, – деп Сабыржан Садуақасов өз әсерімен бөлісті.
Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS – Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің IB бағдарламасы бойынша білім беретін жалғыз мектебі. 2010 жылы оқушыларға өз есігін ашты. 2013 жылдың қыркүйегінде мектеп 16-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушыларын әлемнің жетекші университеттеріне түсуге даярлаудың әмбебап курсы болып табылатын Дипломдық Бағдарлама шеңберінде оқуды бастады. 2015 жылдың қараша айында 7-10 сынып аралығында 12-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған негізгі мектеп бағдарламасы бойынша Халықаралық Бакалавриат авторизациясын алды. Негізгі мектеп бағдарламасы оқушыларды табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі рөлі туралы білуге бағыттау үшін жасалған.