Жаңалықтар

2020-2021 оқу жылының қорытындысы

Соңғы қоңырау мерекесінде 2020-2021 оқу жылы қорытындыланып, түрлі байқаулардың жеңімпаздары, Халықаралық Бакалавриат оқушы үлгісіне сәйкес талантты да дарынды оқушылар марапатталды.
🔔«Creative.kz» номинациясы бойынша ерекше ойлауға ие, өзгеруге дайын және өзіндік стилі бар даралығымен көзге түскен 12 А сынып оқушысы Данияр Кузеков марапатталды.
🔔Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы жаңа өмірге қадам басқалы отырған түлектерге жылы лебізін білдіріп, «Іntel.kz» номинациясының иегерін атады. Жеңімпаз – интеллектті өмірге деген құштарлық пен дамыған қиялмен байланысты деп танитын 11 С сынып оқушысы Қасым Габдушев.
🔔«Вe group kz» номинациясын табыстау үшін құттықтау сөз мектеп бітіруші оқушының ата-анасы Жандарбек Ожаровқа берілді. Алматы қаласының 3000 метрлік шыңына шығып, игі тілектерін айтқан Жандарбек Ожаров түлектерге мотивация бере білді. «Вe group kz» номинациясын ауызбіршілігімен топ жарған «Каспий» шаңырағы иеленді. Шаңырақ оқушылары келесі оқу жылының қазан айында «Туған елге тағзым» өлкетану-экспедициясы бойынша сапарға аттанатын болады.
🔔Мектептің ата-аналар комитеті төрайымы Эльмира Акшатырова мектеп ұжымына оқушыларға академиялық көмек пен техникалық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Биылғы оқу жылында оқушылар дауыс беру арқылы өткен «Оқушы жүрегіне жол тапқан» үздік мұғалім атағына кинематография мен драма пәні оқытушысы Джон Райдер ие болды. Сондай-ақ, Эльмира Акшатырова «Ең белсенді ата-ана» номинациясын 7 D сынып оқушысы Зайна Зейінғабыл және 11 С сынып оқушысы Сәнім Зейінғабылдың анасы Гүлмира Кулжабаеваға табыстады.
🔔«2020 жылдың үздік оқушысы» болған Жәңгір Мұрат мектеп бітіруші Эльдар Уркумбаевты «Жыл оқушысы – 2021» атануымен құттықтап, оған сәт сапар тіледі.
🔔Соңғы қоңырау шарасы оқушылардың мектепке деген қимастық сезімдері мен ұстаздарына деген алғыстарынан тұратын концерттік шараға ұласты.
🔔Мектеп ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, баршаларыңызға қажырлы еңбек пен төзімділіктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!💐