Жаңалықтар

Құрметті 2021 жылдың түлектері!

🔊Мектеп қауымдастығы сіздерді «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
🔊Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күміс қоңыраудың сыңғыры онлайн режимінде естіліп, экран алдындағы жұртшылық алтын ұя мектебінен түлеп ұшқалы отырған 165 түлекке сәт сапар тіледі.
🔊Жиын басында мектеп директоры Сабыржан Садуакасов пен өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Жәния Кеңес құттықтау сөз айтып, мектептің жыл ішіндегі түрлі бағыттағы жетістіктерін атап өтті.