Жаңалықтар

NIS IB педагогикалық кеңесі кезекті отырысын өткізді

🔰2021 жылдың 11 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде №5 педагогикалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
🔰Аталмыш жиын қашықтан Google Meet және Youtube платформаларында өткізілді. Басқосу «2020-2021 оқу жылын аяқтау» тақырыбындағы маңызды мәселелерді қамтыды.
🔰Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1. 2020-2021 оқу жылының І, ІІ семестрлер және жылдық бағаларды салыстыра отырып талдау нәтижелері;
2. 7-11 сынып оқушыларын сыныптан сыныпқа көшіру;
3. 2020-2021 оқу жылындағы зияткерлік мектептің даму жоспарын талдау және 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі міндеттер;
4. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
🔰Жиынды мектеп директоры Сабыржан Садуакасов ашып, №2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы туралы мәліметпен таныстырды. Мектебіміздің білім сапасы, үлгерім есебі және ағымдағы жоспарлар мен міндеттердің жүзеге асырылуы туралы директор орынбасарларының есебі тыңдалды.
🔰Сондай-ақ, педагогикалық кеңесте қашықтан оқыту жүйесіне байланысты қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы байланыс жайында өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды.
🔰Педагогикалық кеңес соңында мектептің дамуында, қоғамдағы беделін арттыруда, мектеп миссиясына қол жеткізудегі белсенділігі үшін бірқатар мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды.
🔰Онлайн режимде өткізілген жиынға педагогикалық кеңестің мүшелері болып табылатын 196 адам толығымен қатысты.