Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебіне келушілердің назарына!

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5 тамыздан бастап «Ashyq» жүйесі енгізілді.
Мектептің аумағына кіру үшін ұялы телефоныңызда «Ashyq» қосымшасы орнатылған болуы керек немесе Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR ашып, мектеп қақпасында орнатылған «Ashyq» QR кодын сканерлеу қажет.
 
«Ashyq» жүйесі – тұрғындарды коронавирус қаупінен қорғап, карантиндік шаралар кезінде мектепке өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бұл шара қазірге кездегі коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынған.
 
«Ashyq» жүйесі QR-кодты пайдалану және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.