NISA PRESS

Үйірме жетекшісі: Кошкинбаева Б.С.

Үйірме миссиясы:

Журналистика клубы мен мектеп теледидары арқылы мектеп тарихындағы мектеп өмірінің сәттері мен дәстүрлерін оқушылардың көзімен сақтау.

Үйірме мақсаты:

Мектеп теледидары жас журналистердің көзімен, әр қатысушы өз пікірін айта алатын теледидар бағдарламаларын жасау үшін жұмыс істейді. Мектеп теледидары бүкіл мектеп қоғамдастығы тарихындағы мектеп өмірінің сәттері мен дәстүрлерін сақтайтын болады

Оқушы профаилы: 

Мектеп теледидары арқылы «NISA PRESS» үйірмесінің мүшелері ашық, білімқұмар, көпшіл, тәуекелге бел буып, қамқор болады.

Үйірменің негізгі бағыттары:

«Студияда қонақ»

«Репортаж-сұхбат» (оқиға орындарынан)

«Шақыртулар»

«Спорт комментаторы»

«Студиялық дикторлар»

«Вайндар» (мәселелер мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, мұғалім – мұғалім…)

«NISA PRESS» әлеуметтік желілердегі парақшасының админдері» (инстаграмм, вк, фэйсбук)

 

Үйірме қатысушылары алатын негізгі кәсіби дағдылар:

  1. Тобының супервайзері;
  2. Журналист;
  3. Режиссер;
  4. Сценариші;
  5. Оператор;
  6. Дикторлар;
  7. Монтажер;
  8. Администратор Instagram

Үйірме қатысушылары ұсынылған бағыттар бойынша топтарды таңдайды және оқыту кезінде фильмдерді, сюжеттерді, теленовостарды, сұхбаттарды жоспарлайды және құрастырады.

Үйірменің тілшілері мектептегі теледидар жаңалықтары мен өзекті тақырыптарға репортаждар жасайды, мектеп мерекелерін, спорттық іс-шараларды түсіреді және бейне сауалнамалар жүргізеді. “NISA media press” үйірмесі студенттерге әлемге өз көзқарастарын білдіруге, өз құрдастары мен ересектер алдында “өз жаратылысы” үшін жауап беретін тәуелсіз адамдар сияқты сезінуге мүмкіндік береді. Үйірме шығармашылық қызметтің түрлі бағыттары бойынша көптеген оқушыларды тартуға арналған.

Үйірменің тақырыбы әр түрлі, қоғамдастық пен үйірме мүшелерінің қажеттіліктері мен тілектеріне байланысты.

 

Оқушының дауысы әр түрлі мектеп оқиғалары мен проблемаларына кері байланыс пен рефлексия арқылы маңызды!

Қорытынды. Жобаны дамыту.  

Үйірме ұзақ мерзімді, практикалық, сұранысқа ие және нақты іс-әрекеттер мен нәтижелерге арналған.

Баспасөз орталығы тұрақты даму үстінде – жаңа телевизиялық жобалар, авторлық бағдарламалар, қатысушылар пайда болуда.

Мектеп өмірінің тарихы, дәстүрлері мен ең жақсы сәттері әр келесі жылы сақталады.