Жаңалықтар

X Наурыз кездесулері. «Планета және Пластик: адамзат экомәдениеті»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Х Наурыз кездесулері 2021 жылғы 15 және 19 наурыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.
Мерейтойлық кездесулер онлайн форматта өтпек және
«Планета және Пластик: адамзат экомәдениеті» Жер шарының жасыл болашағына арналады.
Жас ғалымдарға арналған NIS-тің ең ауқымды диалогтық алаңдарының бірінде дәстүр бойынша шетелдік және қазақстандық спикерлермен пікір алмасуға Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептерден 380-нен астам оқушы жиналатын болады.