Жаңалықтар

NIS мектептерінде ғарышкерлер күніне орай зияткерлік ойын өтті

12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымы NIS желілік Kahoot зияткерлік ойынын өткізді.

Қазақстанның ұшқыш-ғарышкерлері – Талғат Мұсабаевтың 70 және Тоқтар Әубәкіровтің 75-жылдығына арналған зияткерлік ойында төрелік еткен Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы NIS директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ихсанова Алтынзер Амировна барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар сайыс барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 30 сұраққа жауап берді. Ойын нәтижесінде 1-орын – Лейла Шакаралиева (Алматы NIS ФМБ), 2-орын – Мирас Саттаров (Шымкент NIS ХББ) және 3-орынды – Чингиз Карибаев (Қостанай NIS ФМБ) иеленді.
 
Зияткерлік ойынның мақсаты – оқушылардың қазақстандық ғарыш саласына қатысты білімдерін сынап, олардың Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалар туралы хабардарлығын арттыру және жаңа білімге деген қызығушылықтарын ояту.