Жаңалықтар

NIS қазақ тілі мұғалімі «Үздік ұстаз» байқауында топ жарды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульмира Курмангалиева «Үздік ұстаз» республикалық байқауда топ жарды.

2021 жылдың 8 мен 31 наурыз аралығында оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Uchitelya.kz» порталы ұйымдастыруымен «Үздік ұстаз» олимпиадасы өтіп жатыр. Онлайн форматтағы республикалық олимпиадаға Курмангалиева Гульмира Галимжановна «Педагогика» бағыты бойынша қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Мектеп қауымдастығы атынан Гульмира Курмангалиеваны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.